Құттықтау бойынша барлық жаңалықтар
Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай ержүрек батырларымызды ұлықтау мақсатында «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет» шарасы Оңтүстік Қазақстан облысында да іске асуда.
Ерлік елге мұра, ұрпаққа мирас. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетуді қолға алған «Хабар» агенттігінің ұжымы майдангер Шәріп Рақымжаровты құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Ерлікті бағалау деген осы да.
Солтүстік Қазақстандағы түсіру тобымыз «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында «Хабар» агенттігінің атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Мұхамеджановты құттықтап қайтты. Қарт майдангер сұрапыл жылдары жаяу әскер қатарында Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Югославия елдерін азат ету ұрыстарына қатысқан.

Ұлы Отан соғысы жылдары ерлермен қатар әйел аналар да жауға қарсы тұрып, өлшеусіз ерлік көрсетті. Қабырғадан қан кешкен сондай қаһарман қыздардың бірі бүгінде самайын ақ шалған кейуана Қостанай облысында тұрады.
Қарағанды қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Сабырғали Құсенов бүгін 100 жасқа толды.
Батыс Қазақстан облысында бүгінде 264 соғыс ардагері қалды. Солардың бірі - 1945 жылдың 24 маусымында Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысып, тарихи оқиғаны өз көзімен көрген Меңжан Әбдірахманов.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау акциясы елдің барлық өңірлерінде жалғасуда. Ардагерлер Елбасының арнайы құттықтауын алып, жаңа жылды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Солардың бірі жамбылдық - Александра Кичигина.
Кешегі сұрапыл жылдарда Отан үшін от кешкен ержүрек сарбаздардың бірі - қостанайлық Телғара Әбенов ақсақал. Ол Кеңес әскері қатарында жеті жылдан астам борышын өтеді. Бейбіт өмірде де елге адал қызмет етті.