Хабар телеарнасы

Елбасы Корея өкілі Мун Хи Санды қабылдады

Тұңғыш Президент: «Еліміз егемендік алғалы Кореямен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Бізде экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған ауқымды бағдарлама бар. Еліміз Оңтүстік пен Солтүстік Корея арасындағы бейбіт диалогты қолдайды», – деді. Өз кезегінде Мун Хи Сан халықаралық шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтты. Бірінші отырысқа 19 ел, екіншісіне 27, үшіншісіне 39 елдің өкілі қатысты. Ал жиынға делегаттар 55-тен астам елден келді. «Бұл процесс сіздің арқаңызда орындалды», – деді кореялық спикер.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Тәуелсіздік жылдары Кореямен ең жылы қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Бізде экономикалық ынтымақтастықтың үлкен бағдарламасы бар. Қазақстанда 100 мың кәріс ұлты тұрады. Бұл – біздің елдеріміздің арасындағы алтын көпір. Біз экономикалық және саяси ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз.

Мун Хи Сан, Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері:

- Әлем халқының 75% Еуразия құрлығында тұрады. Әлемдік ЖІӨ-нің 60% Еуразияға тиесілі. Өздеріңіз білетіндей, Еуразияның ең шығыс шеті – Корея Республикасы. Қазақстан осы құрлықтың қақ ортасында орналасқан. Бүгінгі басқосуға 55-тен астам мемлекет қатысуда. Бұл жетістік – Сіздің еңбегіңіз.