Хабар телеарнасы

Қызылордада цифрлы жедел әрекет ету орталығы іске қосылды

Бұған дейін іске қосылған 112 бірыңғай кезекші диспетчерлік кеңсеге тек полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметі тіркелген еді. Ал жаңа желіге коммуналдық, ветеринарлық қызметтер қосылып отыр. Орталықтың 24 маманы тәулігіне 3 мыңға жуық қоңырау қабылдайды. Оның 70% жедел жәрдем қызметінің үлесінде. Цифрлы жүйе арқылы көмек сұраған азаматтардың тұрған жері спутниктік бағдар бойынша дереу анықталады. Бұл өз кезегінде экипаж жұмысын қадағалауға, сондай-ақ жалған шақыртулардың болмауына мүмкіндік береді. Орталық диспетчерлері әлеуметтік желі бойынша да арыз-шағым қабылдайды.

Ғани Тасмағанбетов, Цифрлы жедел әрекет ету орталығының директоры:

- Америкадағы «911» сияқты бір телефон арқылы кез келген мәселені шешуге болады. Біз таңертең кезекшілікке түскенде барлық мекемеге хабарласып, қай жерде жарық өшірілгенін, су қай жерде болмайтынын біліп, халыққа айтып отырамыз. Жедел оқиға болса біз бағыттап отырамыз.