Өзекті

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Ерлан Бекхожин тағайындалды

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Ерлан Бекхожин тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «Хабар» Агенттігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Ерлан Бекхожин тағайындалды. Вице-министр Нұргүл Мауберлинова Алан Ғазизұлы Әжібаевқа атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

Бұған дейін Ерлан Қалижанұлы «ҚР Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарып келген.

Ерлан Бекхожин – журналист, заңгер, отандық БАҚ саласының ірі топ-менеджері. ҚазМУ-ді (1985 жыл), Орталық Азия университетін (2000 жыл) бітірген. Университетті бітіргеннен кейін Қазақ радиосының «Панорама дня» жаңалықтар бағдарламасында жүргізуші (1985-1992 жылдары), Қазақ теледидары жаңалықтар бағдарламасының комментаторы, бас редактордың орынбасары (1992-1994 жылдары), «Хабар» Агенттігі жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі (1994-1996 жылдары), «Хабар» Агенттігі «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі (1996-1997 жылдары), ОРТ-дағы «Мир», «Вместе» МТРК бағдарламасының жүргізушісі (1997-1998 жылдары), «Мир» МТРК-нің ҚР бөлімшесінің директоры (1998-2003 жылдары), «Литер-Мedia» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттерінің редакциялық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.