Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігінің «Алтыншы бекет» телесериалы ТЭФИ сыйлығына ие болды

«ТЭФИ-Достастық» фестивалінің сыйлығын биыл «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Алтыншы бекет» сериалы алды. Туынды шынайы оқиға желісімен түсірілген. Жалпы конкурсқа ТМД мен Балтық елдерінен 80 өтініш түскен. 9 елдің 17 картинасы өтті. 4 күндік телемарафонда «Хабар» Агенттігінің «Алтыншы бекет» туындысы жеңімпаз атанды. «Алтыншы бекет» телехикаясы 9 жыл бұрын Маңғыстау облысында болған оқиғаны баяндайды. Алқа мүшелері: «Телехикая кәсіби түсірілген және туындының шынайы оқиға негізінде түсірілуі өте әсерлі шыққан», – дейді.