«Хабар» Агенттігі бойынша барлық жаңалықтар
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» қайырымдылық шарасы аясында Ақтөбе қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Зинаида Ғұсмановаға сыйлық табысталды.
«Хабар» Агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы Шығыс Қазақстан облысында да жалғасын тапты. 19 жасында соғысқа аттанған Иван Каплиев Сталинград қоршауын бұзудағы кескілескен ұрыстарға қатысты.
«Жеңіске құрмет» шарасы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» агенттігінің ұжымы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету үшін 1 күндік жалақыларын аударған болатын.
Әрі ақын, әрі жыршы, әрі батыр. Қостанайлық Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов осындай сегіз қырлы, бір сырлы жан.
Ақтауда үш рет ажал аузынан аман қалған қарт майдангер тұрады. 90 жастан асқан Петр Морозов сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетті.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» акциясы аясында қызылордалық Ұлы Отан соғысының ардагері Мақсұт Сырғалиевқа да құрмет көрсетілді.
«Хабар» агенттігінің Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жеңіске құрмет» шарасы барлық өңірлерде жалғасып жатыр. Бүгін Жамбыл облысындағы тілшілеріміз 92 жастағы Зинаида Вострикованы құттықтады.
Ақмола облысының тумасы Иван Грищенко үшін сұрапыл соғыс Кеңес әскерлері неміс басқыншыларын тойтарған тұстан басталды. Қиыр Шығыстағы жапон соғысына араласқан 17 жастағы бозбала жауды артиллерияның снарядымен ойсыратады.
«Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы жалғасуда. «Хабар» тілшілері осы облыстың Шарбақты ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ефим Петренконың үйінде болып, қарияға теледидар сыйлады.