Хабар телеарнасы

Байқау бойынша барлық жаңалықтар

Елімізде шығармашылық қауым арасында байқау өтті

Елімізде шығармашылық қауым арасында байқау өтті

Республика күні қарсаңында ұлтаралық татулық пен мәдениетаралық бірлік турасында қалам тербейтіндердің конкурсы мәреге жетіп, үздік туындылар анықталды. Елдің бірлігін бекемдеуге үлес қосып жүрген шығармашылық өкілдері арасындағы байқауға қатысушылар көп болғанымен үздік жұмыстар 14 аталым бойынша сараланды. Конкурсқа жекелеген авторлардан бөлек шығармашылық ұжымдар да қатысты. Бұл іс-шара енді екі жыл сайын ұйымдастырылатын болады. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының биылғы сессиясында мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға үлес қосқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнайы марапат ұсыну туралы бастама көтерген еді. 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
-Мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылар үшін және әдебиет пен журналистика саласындағы үздік жұмыстар үшін сыйлықтар бекітілген болатын. Бұл марапаттардың басты мақсаты – мәдениет, өнер, журналистика, әдебиет салаларында ел бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген белсенді азаматтарымыздың еңбегін бағалау. Мұндай шара Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.