Жоба туралы

«Әнші балапан»: сенбі, 09:30

Anshi balapan Anshi balapan

90-жылдардың басында өнерлі жастарды халыққа танытып, біразының танымал болуына жол ашқан халықаралық балалар фестиваліне 30 жыл толады.

«Хабар» Агенттігі тележобаны қайта жаңғыртпақ. 

Музыка, шынайы дауыс, үкілеген үміт және киелі сахна! Бәрі де осыдан 30 жыл бұрынғыдай. Бірақ бүгінде технология дамып, музыка жанры да өзгерді. «Алайда балалардың музыкаға деген құштарлығы төмендеген жоқ», – дейді «Әнші балапан» жобасының продюсері Ерлан Көкеев.

Бір кездері «Әнші балапан» бағдарламасында алғаш ән айтып, сахнаға шыққан Мәдина Сәдуақасова, Өмірқұл Айниязов, Жанар Дұғалова, Қарина Абдуллина, Алмас Кішкенбаев секілді көптеген жас өнерпаз бүгінде халыққа танымал әнші болды. Оған қатысушылардың көп болғаны соншалық 1998 жылғы байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздің әр түкпірінен бес бірдей Қанат Ахметов есімді бала келіпті. Ал 1990 жылдың 6 мамырында ең алғашқы бағдарламаны таспаға түсірген телеоператор Қанат Қалматаев орталық камераны басқарып тұр. «Әнші балапан» әнінің авторы Марат Омаров араға біраз жыл салып, оны қайта шырқады.

Сонымен қайта жаңғырған «Әнші балапан» бағдарламасы «Хабар» арнасынан 30 қарашадан бастап әр сенбі күні сағат 09:30-да көрсетілетін болады.