Жоба туралы

«Ережесіз әңгіме»

Қазақстанның танымал әрі табысты ерлерімен «Ережесіз әңгіме».

Жоба қонақтарының қатарында саясаткерлер мен бизнесмендер, өнер саласының майталмандары, тіпті блогерлер мен спортшылар, әртістер, режиссерлер мен актерлер, продюсерлер, т.б. бар.

Жалпы ерлер мен әйелдер көптеген дүниеге түрлі көзқараспен қарап, түрлі ой қалыптастырады. Ал «Ережесіз әңгіме» жүргізушілерінің миссиясы осы іспетті. Олар сұхбат барысында әйел затына қатысты сауал қойып, ерлердің өзіндік жеке пікірін тыңдайды.

Жуырда «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартатын бағдарламаның мақсаты – телекөрерменге болмысы өзгеше тұлғалармен жақынырақ танысуға мүмкіндік беру, шоу-бизнес өкілдерінен ғана емес, өзге де саланың мамандарымен риясыз әңгіме құрып, аудитория ауқымын кеңейту.

Бағдарламаның әр шығарылымы Сізді жаңа фактілермен, тосын жауаптармен баурап алатыны сөзсіз.

Жүргізушілер: Ерке Есмахан, Айнұр Асанберді