Жоба туралы

«Qoǵamdyq talqylaý» ток-шоуы: сейсенбі, 17:00

Qoǵamdyq talqylaý Qoǵamdyq talqylaý

«Хабар» арнасында жаңа жоба!

Қоғамда қордаланған әлеуметтік мәселелерді сарапқа саламыз. Төтенше жағдайлар, қазақстандықтардың жетістіктері мен жеңістері, жастар саясатындағы сұрақтар, ғылым, спорт, мәдениет сынды түрлі саладағы тақырыптарды таразылаймыз.

Жүргізушілер аптаның кезекті басты тақырыбын жариялап, тақырыпқа сәйкес қонақтармен таныстырады және сарапшылардың сөйлеу кезектерін анықтайды. Сондай-ақ конфликтілік жағдайларды туғызуға немесе шешуге тырысады. Тақырыпқа сәйкес оқиға орын алған жерден сюжеттер, репортаждар немесе сұхбаттар ұсынылып, телесарапшылардың пікірлері мен әлеуметтік желілердегі комментарийлердің скриндері беріледі.

«Qoǵamdyq talqylaý» ток-шоуын әр сейсенбі күні сағат 17:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер.