Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде желдің екпіні 17-22 м/с болады. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с болады. Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.