Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады

Республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады

Қазақстанның солтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде желдің күшеюі болжанады. Батыс және солтүстіктің кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады.

Ақпарат көзі: emer.gov.kz