Хабар телеарнасы

«Жетi күн». Бурабайда Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында еркін сауда аймағы туралы құжат бекітілді

БҰЛ 5 МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСЫН ҚОСЫП ОТЫРҒАН ІРГЕЛІ ҰЙЫМНЫҢ ҮШІНШІ ЕЛМЕН ЖАСАСҚАН АЛҒАШҚЫ КЕЛІСІМІ РЕТІНДЕ ТАРИХҚА ЕНЕДІ. БОЛАШАҚТА ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКПЕН ӘЛЕМНІҢ 40-ТАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТІ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ОРНАТУДЫ КӨЗДЕЙДІ.

БУРАБАЙДА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ  ТМД-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ДЕЛЕГАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. ДАҒДАРЫС ӘЛЕМНІҢ ДЕГБІРІН ҚАШЫРЫП ОТЫРҒАН ТҰСТА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕ ТҮСУДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕТІНІН АЙТТЫ. ҚАЗІРГІ ҚИЫНДЫҚТАР БАСТАПҚЫДА БОЛЖАНЫП ҚОЙҒАН, ЕҢ БАСТЫСЫ – КЕЛІСІМНІҢ ДІТТЕГІНІ ДҰРЫС.

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ ДА БАЙЛАНЫСЫ МЫҒЫМ, ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ. ӘСІРЕСЕ ИНТЕГРАЦИЯ МЕН ТРАНЗИТТІК МҮМКІНДІКТЕРІ ЗОР. 

 

Бурабай – курорт аймағы. Бұл күндері елеулі саяси оқиғалардың куәсі. ТМД елдері үкімет басшыларының ортақ мәселелерді талқылау алаңына айналды. Мәртебелі меймандармен Нұрсұлтан Назарбаев арнайы кездесті. Елбасы жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беру, елдегі реформалар мен ұйымның өркендеуіне қарқын беретін ұсыныстарын ортаға салды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я всегда говорил СНГ имеет большой потенциал. Сама встреча глав правительств переговоры двухсторонние, многосторонние они сами по себе большая ценность. Сейчас когда мы переживаем кризис, снижение цен на экспорт, на экспортные товары отдельных стран и это всё требует совместной работы и кооперации. 

 

Әлемдік дағдарыс белең алғанда біріге қимылдаудың маңызы зор. «Бұл орайда интеграцияға балама жоқ», – деді Елбасы. Ал Қазақстан мұндай үрдістердің басы-қасында жүр. Өңірлік экономикаға серпін беріп, аймақта көлік инфқұрылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ұлы Жібек жолын жандандырып, тұтас ТМД елдерінің қарым-қатынасына, дамуына мүмкіндік ашып отыр. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Только в ближайшие четыре года предусмотрено строительство 5 тысяч километров автомобильных дорог, новых аэропортов, реконструкция мостов и т.д, и жилищное строительство, строительство школ и больниц. Вот на этот направлено 14 миллиардов долларов. Для Казахстана 17 миллионов населения это огромные деньги. И 30% этих расходов участвуют мировые финансовые институты. 

 

Қазақстан Тынық Мұхиты мен Парсы шығанағын темір жол арқылы жалғады. Батыс пен Шығысты байланыстыратын автобан құрылысы аяқталуға жақын. Осылайша қазақ даласы Еуропа мен Қытайды қосатын алтын көпірге айналмақ. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я буду просить Дмитрия Анатольевича, дальше от Актюбинска идёт в Казань от Казани в Санкт-Петербург и Европу. Это очень необходимая для всех дорога. А у нас проходит через юг, подключается Кыргызстан, Узбекистан, Туркменистан и Таджикистан по этой дороге.

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялық бастамалары өміршеңдігін дәлелдеп қойған. Қазақ Президентінің ұйытқы болуымен ТМД елдерінің бесеуі экономикалық одаққа бірікті. Іргелі ұйымға тура 1 жыл толып отыр. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-У нас работает ЕАЭС. Я уверен этот союз большое будущее. Несмотря на сегодняшние трудности, тенденции мы предполагали, что будут такие риски. Но сам корень договора, цель наша задача поставленные они правильные. 

 

Меймандар Бурабайдың саф ауасымен демалып, сұлулығына сүйсініп те үлгерген болар. Бұл – Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі. Мұнда демалушылар саны жыл санап артып келеді. Тек қана ТМД төңірегінен келген туристер 2013 жылы 450 мың болса, былтыр 500 мыңға жуықтады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сегодня же пятница, да? Вы же можете здесь два дня остаться отдохнуть. Казино играть? 

 

Елбасы меймандармен екеуара кездесіп те үлгерді. Алдымен Ресей Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен пікірлесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын талқылады. Екі елдің мақсаттары Еуразиялық экономикалық одақты дамытумен байланысты екенін айтты. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Тауарайналым азайғанын барлығы көріп отыр, өкінішті әрине. Бұған обективті себептер бар. Біріншіден, энергетикалық ресустардың бағасы. Сонымен қатар коперациялық оралымдар да сәйкес келмеді. Бірақ негізгі бағыттар еркін сауда, кеден одағы, капиталдың, адамдардың еркін қарым-қатынасы, инвестициялар мен бірлескен кәсіпорындар құру секілді жұмыстар жалғасып жатыр. Осының барлығы уақыты келгенде өз жемісін беретініне сенімдімін. 

 

Сондықтан бізге қазір бүгінгі қиындықтарды өткеру маңызды. Ал қалған мәселелерде мемлекетаралық, үкіметаралық сипаттағы қарым-қатынасты біз үнемі кездесіп, талқылап отырамыз. Менің ойымша реттелмей жатқан үлкен, маңызды, ауқымды мәселелер жоқ. 

 

Дмитрий Медведев, РФ Үкіметінің төрағасы

-Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты біздің ортақ жоспарларымыз жүзеге асып келеді.  Сіз осы идеяның бастауында тұрдыңыз. Біз оның айтарлықтай қысқа мерзімде жүзеге асқанына қуаныштымыз, өйткені өзге елдер осындай бірлестікке ұзақ жеткен. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз биік деңгейде және тауар айналымының аздап төмендегеніне қарамастан, бірқатар жағымды үрдістер бар. Мәселен Қазақстанның Ресейге экспорты 20 пайызға ұлғайды. 

 

Мемлекет басшысы  Вьетнам Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен де кездесті. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларында ынтымақты нығайту мәселелерін талқылады. Президент Қазақстанның экономикалық және саяси байланыстарды дамытуға мүдделі екенін айтты.  

 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Қанат Әбілдин, Хасен Омарқұлов және Алмаз Омарғалиев

 

АЙТА КЕТЕЙІК, ТМД-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫ МЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТЕРДЕ 20-ҒА ЖУЫҚ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНДЫ. БАСҚОСУДА ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ БОЙЫНША ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРIНIҢ БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТТА ТАСЫМАЛДАУДА КӨЛIК ҚАУІПСІЗДІГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СТРАТЕГИЯСЫ БЕКIТIЛДI.

ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ АЙТУЫНША, 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АЙМАҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕКАРА МАҢЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ – ОСЫ КҮННІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ БІРІ. БIЛIМ МЕН МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ДА БIРҚАТАР ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ. ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «РОССИЯ 24» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ЭВЕЛИНА ЗАКАМСКАЯҒА БЕРГЕН СҰХБАТЫНДА ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТӨҢІРЕГІНДЕ ПІКІР БІЛДІРДІ .

ҚҰРЛЫҚТА ЖАТҚАН ӘРІ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒАР ЖОЛЫ ЖОҚ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК. ЖАЛПЫ БҰЛ ІСТІҢ МУЛЬТИПЛИКАТИВТІ ӘСЕРІ БАР. МӘСЕЛЕН, ЖОЛ САЛУДЫҢ АРҚАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАР ТАПСЫРЫС АЛАДЫ, АЗАМАТТАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСАДЫ,  БЮДЖЕТКЕ ПАЙДА ТҮСЕДІ. «МҰНЫҢ БӘРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМДІ САҚТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ», – ДЕП ТҮЙДІ ЕЛБАСЫ.

ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚЫТАЙ ЫҚПАЛЫНЫҢ АРТУЫ. ҚАЗАҚСТАН БАСШЫСЫ МҰНЫ «ФАНТОМДЫҚ ҮРЕЙ» ДЕП АТАДЫ. БҮГІНГІ КҮНІ ЕЛІМІЗ ҚЫТАЙМЕН БІРЛЕСІП  БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР. СОНЫМЕН ҚАТАР НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БАТЫС ЕЛДЕРІ МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ «САНКЦИЯЛАР ШАЙҚАСЫНА ДА»  ТОҚТАЛДЫ.  МҰНЫҢ САЛҚЫНЫ РЕСЕЙГЕ ҒАНА ЕМЕС, БАСҚА ЕЛДЕРГЕ ДЕ ТИГЕНІН АЙТТЫ. 

  

-Мне интересно ваше мнение как одного из мудрых политиков в постсоветском пространстве.

 

Көреген, көпті түйген саясаткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарасы құнды екені дау тудырмайды. Өзімізді айтпағанда өзге елдің тілші қауымының сұхбат алуға үнемі тілек білдіретіні содан. Бұл жолы Президент «Россия 24»  телеарнасының жүргізушісі Эвелина Закамскаяның сұрақтарына жауап берді. Әдеттегідей, сауалдар сан алуан. Жаһандық, ауқымды мәселелер назарда. Әрине Қазақстандағы реформаларға қызығушылық зор. Әсіресе инфрақұрылымдық мега жоба «Нұрлы жол» бағдарламасына. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Экономиканың дамуы тұрақты болуы үшін ілгерілеудің жаңа жолдарын тауып отыру маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, инфрақұрылымды жаңғырту дегеніміз жол құрылысын ғана емес, мультипликативті әсер тудыруды да білдіреді: Кәсіпорындар тапсырыспен қамтамасыз етіледі, жаңа елді мекендер пайда болады, азаматтар жұмысқа және табыс көзіне ие болады, бюджетке түсім түседі. 

 

Бұл Қазақстанның экономикалық өсімін сақтауға мүмкіндік береді деп сенеміз. Ішкі жолдарды жаңарту арқылы Қазақстан транспорттық әлеуетін де қатар күшейтуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде біздің ел Қытайдың Жібек жолы экономикалық белдеуінің конфигурациясына қосылды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі, Ляньюньган порты мен Каспий теңізін жалғайтын, Түрікменстан мен Иранды басып өтіп, Парсы шығанығына шығатын темір жолдарымыз Азия мен Еуропаның арасын айтарлықтай жақындатты. Теңіз жолымен 30-40 тәулік бойы тасымалданатын жүкті біздің аумақпен 2 аптада-ақ жеткізуге болады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Инфраструктура для нас важнейший показатель экономики, потому что Казахстан не имеет выхода в моря и океаны. Государство, находящееся в центре материка и для нас море – это население КНР и Российской Федерации. Тоже самое море. Море используется, чтобы найти рынки и здесь транспорт имеет огромное значение. 

 

Әуе, көлік және темір жолдар ықпалдасуға да оң есер ететіні сөзсіз. Әрине әңгіме экономикалық интеграцияда. Қазақстанның бұл бағытта ұпайы түгел. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ЕЭО құрылды. Бірлестікке 5 ел мүше. Тағы 40 мемлекет онымен серіктестік орнатуға қызығушылық білдіріп отыр. Одақтан бөлек алыс-жақын жатқан мемлекеттермен де біз сауда-экономикалық әріптестікке ерекше мән береміз. Бір ғана Қытаймен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаларымыз ондап, жүздеп саналады. 

 

-Вы не опасаетесь Китайской мощи?

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я думаю, что это такие, знаете "фантомные страхи" под которыми мы живем. Что плохого, если Китай сегодня имеет возможность инвестировать на определенных условиях. Мы сейчас накануне заключения очень большого договора с КНР на строительство более 38 предприятий. Я считаю, что ничего страшного здесь нет.

 

Телеарнаның «Мнение», яғни «Пікір» деп аталатын бағдарламасына берілген сұхбат барысында әңгіме ауаны жаһандық қаржы жүйесіндегі қиындарға да ауды. Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлемдегі валюта архитектурасы ескірді», – деді. Резервтік валютаның бір эмитентке, нақтырақ айтқанда АҚШ-қа тәуелді болуы өзге елдерге тиімсіз деген пікірін айтты. Ал балама валюта шығару – әлі басы ашық мәселе. Астана экономикалық форумы секілді пікір алаңдары дәл осындай түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға арналған. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-АЭФ сондай мәселерді шешуге мүмкіндік береді. Себебі әлемдік көшбасшылардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар басқосады. 

 

Мемлекет басшысына батыс елдері мен Ресей арасындағы санкциялық текетірестер жайлы да сұрақ қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев: «Қалыптасқан жағдай саясат пен экономиканың араласуының нәтижесі», – деді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Что касается трудностей, которые переживает Россия или другие страны, а когда их не было? СССР под санкциями находился все свои 75 лет жизни, правильно? Мы помним санкции Олимпийских игр 1980 года, а после афганской войны вообще сплошные санкции, но жили же? 

 

-То есть, эта история не нова? 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Не нова, ну а зачем такие издержки, когда можно развиваться, а не бороться с этими трудностями. Этот кризис тоже закончится, так надо, чтобы оно скорее закончилось и я со своей стороны все делаю, чтобы это было и когда меня просят посредничать, я не жалею ни времени ни сил иду встречаюсь, говорю, чтобы встречались и здесь только руководители, встречаясь, на условиях компромисса могут найти общий язык. 

 

- С таким соседом, как Казахстан, я уверена, что Россия преодолеет любые кризисы, благодарю вас!Спасибо!  

 

Автор: Бауыржан Бақытбекұлы

 

ҚАЗАҚСТАН МЕН ХОРВАТИЯНЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКА, ИНВЕСТИЦИЯ, ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ТЕРЕҢДЕТУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР. БҰЛ ТУРАЛЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОСЫ ЕЛДІҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЗОРАН МИЛАНОВИЧПЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУІНДЕ АЙТЫЛДЫ. ТАРАПТАР ЕКІ ЕЛ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ҚАЗІР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЕКЕНІНЕ ТОҚТАЛЫП, БҰЛ СЕРІКТЕСТІКТІ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ. СОНДАЙ-АҚ КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТӨҢІРЕГІНДЕ ДЕ ӘҢГІМЕ ӨРБІДІ. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я приветствую ваш визит, господин Премьер-Министр. С Хорватией у нас всегда были очень отношения теплые, у меня лично, всегда были хорошие впечатления. Много раз бывал я в Хорватии и всегда пытались наладить хорошие экономические отношения, потому что между нашими странами никаких проблем нет. Мы готовы по всем направлениям сотрудничать с вами. 

 

Қазақстан-Хорватия іскерлік форумында ынтымақтастықты нығайтудың нақты алғышарттары жасалды.  Екі елдің іскер топтарымен құны 505 млн еуро болатын 5 келісім бекіді. Бірлескен жобалар ауыл шаруашылығы, қорғаныс өндірісі және медицина салаларын қамтиды. Бұдан бөлек Қазақстан-Хорватия іскерлік кеңесін құру туралы келісім жасалды.

 

Ол сауда инвестиция, өнеркәсіп және жаңа технология салаларындағы серіктестікке серпін береді деп күтілуде.  Айта кетейік, екі ел арасындағы тауар айналымы әзірге 91 млн долларды құрайды. Бұл көрсеткішті еселеу алдағы күннің еншісінде. 

 

Зоран Миланович, Хорватия премьер-министрі

-Біз Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістіктерін өз көзімізбен көрген кезде өз табыстарымыздың онша жоғары емес екенін түсіндік. Өздеріңіз білесіздер, Хорватия Еуроодақтың ортасында орналасқан. Сондықтан біз Қазақстанмен жан-жақты әріптестікке дайынбыз және сіздердің тараптарыңыздан барлық инвестицияларға есігіміз ашық.  

 

Биыл ел бойынша жаңа 320 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл еліміздегі жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыз көлемінде сақтауға негіз болады. Ақордада Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Вице-премьер Президентке әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламалардың және Елбасы берген  тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар әуелі  халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін балабақша тапшылығын толықтай жойып, үш ауысымды және апатты жағдайда тұрған мектеп мәселесін шешуді тапсырды. Бұдан бөлек, Президент  5 халықтық реформаның маңыздылығына тоқталып, оны орындауға арналған «100 қадам» жоспарының мінсіз жүзеге асуы керектігін айтты.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев: «Тапсырмалардың барлығы өз мерзімінде орындалады», – деді. Премьер-министр орынбасарының айтуынша, денсаулық сақтау саласында бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемді жетілдіру, аурулар түрлерімен жұмыс жүргізу бағдарламасын енгізу, саланың кадрлық әлеуетін нығайту секілді кешенді жұмыстар жүргізілмек. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-«Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бар. Сондай-ақ «Нұрлы жол» жобасы. Бұл бағдарламалардың барлығы – халықты жұмыспен қамтутың әрекеті. Мемлекеттің алдында тұрған міндет – халыққа жұмыс беру. 

 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары

-Ең бірінші тапсырмаңыз – халықты жұмыспен қамту. Сол жөнінде өзіңіздің тапсырмаңыз бойынша мемлекеттік бағдарламалар құрылды. Біз олардың әрқайсысын қазір қарап, талдап отырмыз. Барлық ауданның, облыстардың орталықтарында сондай баннерлер іліп қойдық. 

 

Солай жазып қою үшін емес. Ол жасалып жатқан жұмыс. Қазір 5 халықтық реформа аясында әр әкімдікке тапсырма береміз деп отырмыз ғой, соның ішінде сол тапсырма болады. Қазірден бастап үйренсін. Сонда қандай өндіріс, қанша жұмыс орны ашылғанын содан қадағалап отырады. Жаңадан өндіріс қосуға, жаңадан шағын бизнес ашуға мүдделі болады. Үлкен өндіріс жұмыскерлерді қысқартады. Ол – заңды нәрсе. Ол жерлерде жаңа технология, инновация болады. Ал сол кезде жұмыс беретін кім? Шағын және орта кәсіп.

 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары

-Елбасына мемлекеттік бағдарламалардың, Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын талқыладық. Ол – халықты жұмыспен қамту. Екінші мәселе – мамандар дайындау. 

 

Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов және  Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов қатысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан армиясының жауынгерлік дайындығын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оның жауынгерлік әлеуетін нығайту шаралары баяндалды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

 

ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА АҚШ ӘЛЕМДІК САУДА-САТТЫҚТАҒЫ ТАУАР АЙНАЛЫМЫН КЕҢЕЙТУ ҮШІН, КӨК АҚШАНЫ ҚОЛМА-ҚОЛ САНАП БЕРЕТІН ЕСКІ ТӘСІЛДЕН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ЖЕР ЖҮЗІНЕ ЖЫЛДАМ ТАРАЙТЫН, ҚАРЖЫНЫ ДА ҚАС ҚАҒЫМ СӘТТЕ ЖІБЕРЕ ҚОЯТЫН ЖҮЙЕНІ ОЙЛАП ТАПТЫ. ОНЫҢ АТЫ – КОМПЬЮТЕР ЕДІ. СОЛ КОМПЬЮТЕР КАБЕЛІНІҢ ҚҰДІРЕТІМЕН ЖАПОНИЯ, ҰЛЫБРИТАНИЯ, СОСЫН СИНГАПУР АТТЫ ЖАҺАНДЫҚ ЖЕЛІ «САУДА САҚАЛ СИПАҒАНША» ДЕГЕН МӘТЕЛДІ ЕСКЕ САЛЫП, ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА-САТТЫҚТЫҢ СЕКУНДТЫҚ РЕКОРДЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. ҚАЗІР БҰЛ ЕЛДЕРДІҢ БӘРІ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕСІГІН ТЕРБЕТІП ОТЫР. МӘСЕЛЕН,  АҚШ-ТАҒЫ МАМАН БІР СЕКУНДТА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘРІПТЕСІНЕ ҚАРЖЫ ЖІБЕРЕ АЛАДЫ.

ЕЛІМІЗ ОСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨГЕННІҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРГІСІ КЕЛЕДІ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОР НАРЫҒЫНА ӨЗІНЕ ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ, ӨЗІНДЕ ВАЛЮТА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА САТЫСЫНА ШЫҒУДЫ КӨЗДЕЙДІ. СОНДЫҚТАН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АСТАНАНЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ ТУРАЛЫ ИДЕЯНЫ ЖАРИЯЛАДЫ.  ӨРКЕНИЕТ ӨЛШЕМІМЕН ҚАРАҒАНДА ӨТЕ ЖАҚСЫ БАСТАМА, АЛАЙДА ОНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ? 

 

«Астана – Еуразия жүрегі». «Астана – экономикалық одақтың идеясы өмірге келген мекен». Елорданың елдік мәртебесін анықтайтын сипат тағы бір тұрақты тіркеспен толығады. «Астана – қаржы орталығы». Бұл – халықаралық валюта, несие және қаржылық операцияларды жүзеге асыратын, банк, кредит-қаржылық институттар шоғырланған арнайы аймақ. Бұған құнды қағаз, алтынмен де жұмыс істейтін аумақ деп анықтамалық қосып қойсақ болады. Осындай атқа лайық орындар ретінде әрине, Лондон, Нью-Йорк, Цюрих, Франкфурт-на-Майне, Люксембург және Сингапурды атаймыз. Ресей де ТМД төңірегінде өз қаржылық орталығын құруға талпынып жатыр. Сонымен Астанада қаржы құру идеясы айтылды. Ал орналасу реті бойынша Астана бұл үмітті ақтай ма? 

 

Құттықожа Идирисов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

-Орталықты ашудағы мақсат, бұрынғыдай емес, заманауи, оның тілі де ағылшын тілінде болу керек. Сингапур, Малайзия сондай мемлекеттер дамыған мемлекеттік қаржы орталығын бізде қолдану. Бұған арнаулы сот ашу, ЭКСПО аумағында құрудың өзі –үлкен мәселе. Барлық мемлекеттер ЭКСПО-га қатысқан кезде,  келіп арнаулы жұмыстарын көреді. 

 

Иә, бұл жобаның сүйенер тұсы да ЭКСПО-2017 құрылысы. Жер-жерден келетін қонақтар мен инвесторлар көрме арқылы болашақ қаржы орталығымен де танысып кетеді. Қаржы нарығының басты ойыншысы Ұлттық банктің Астанаға көшуі 2017 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 

 

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
-Екі жыл ішінде инфрақұрылымды көшіруге әзірленеміз. Яғни, IT-инфрақұрылымы, Ұлттық банктің бас кеңсесінің штаб пәтерін Астанаға ауыстыру жайын қарастырамыз. Ал Алматы ірі ұлттық қаржы орталығы ретінде жұмысын жалғастыра береді. Осы екі мегаполистің бірлесе жұмыс атқаруы еліміздің қаржылық секторының дамуына зор әсер етеді. 

 

Рахым Ошақбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары 

-Атап өту керек, Алматыны қаржылық орталық қылу бастамасы күткендегідей нәтиже бермеді. Мұнда Астананың инвестициялық орталығында басқаша жұмыс тәсілі болады. Дубайдың сәтті де  мойындалған әдісіне қарап бой түзейміз. Екінші мәселе, ағылшын тілі мен британдық құқық осы аумақта жүргізіледі. ЭКСПО, инфрақұрылымның өсуі Астананың инвестициялық державаға айналуына жағдай туғызады. 

 

Арнайы экономикалық мәртебесі бар, өзіндік салықтық жеңілдіктерге ие Астанада тәуелсіз сот жүйесі де құрылады. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидат енгізіледі. «Time is money», яғни, уақыт – ақша. Осы қағидаға негізделген ғаламдық жоба арқылы Қазақстан жаһандық электронды сауда жүйесіне кіреді. Биржа саудасы, құнды қағаз, валюта сату Астанадағы қаржы орталығы арқылы жүзеге асуы жоспарланып отыр. Тіпті мұнай мен бидай да осы виртуальді желімен біздің елдің нарығында сауда-саттыққа түсуі мүмкін. Тиісінше бұл жергілікті жердің өсіп-өркендеуіне жол ашады. «Қазір қаржылық қожайындық батыстың қолында десек, қазақ жеріндегі орталық оларға балама болуға ұмтылады», – дейді мамандар. 

 

Тимур Сүлейменов, ЕЭК экономика және қаржылық саясат бойынша министрі  

-Әрине, банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлер және дилерлер пайда болады. Біздің биржамыз дамиды, бұл дегеніңіз, біздің нақты секторда банктік және биржалық қаржыландыруға тікелей жол табады. Қазақстанға келген инвесторлар қаржылық орталықтың алаңында жүріп, мұндағы қолайлы жағдайды байқап, нақты сектордың өндірістерін өздерінікіндей көреді. Олар тәуекелдік шекке көз жеткізіп, нормативтік нормалардың бар екенін түсінеді. 

 

Нуриэль Рубини, Нью-Йорк университетінің профессоры, экономист 

-Қазақстандағы халықтың табысы жоғары. Елде экономикалық өсу әлеуеті байқалады. Сосын адам ресурсы бар. Инфрақұрылымға жеткілікті деңгейде қарды салынып жатыр. Сондықтан Астананы өңірдің қаржы орталығы деп санау әділетті. 

 

KASE. Қазақстан қор биржасы. Қор нарығындағы негізгі қаржылық жағдайларды реттеп отырған мекеме Астананың айрықша мәртебеге ие болуын былай түсіндіреді. 

 

Наталья Хорошевская,Қазақстан қор биржасының  вице-президенті 

-Бұл қаржылық секторды дамыту үшін үлкен маңызға ие. Және биржалық нарықты кеңейтуге дем береді. Дубайдағы әріптестермен меморандумға қол қойдық. Енді олармен тәжірибе алмасамыз. 

 

Нұрбек Әмиша, тілші

-Қаржы орталығын жасаудың қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру деген де шарты бар. Шетелдік инвестор әуежайға аяғы тиісімен өзіне кедергі келтіретін жағдайлармен ұшыраспауы тиіс. Айтпақшы, Қазақстандағы виза режимінің жеңілдетілуі де осы әлемдік алыс-беріске әзірлік деп түсінген жөн. Астана қаржылық орталығы бірнеше заңдарға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық банк жасап жатқан заңнаманың жобасы қыркүйекте Парламент сөресінде жатуы тиіс. 

 

Авторлары: Нұрбек Әмиша, Жанбек Дәулетбек, Әлібек Әлиев, Азамат Саметов

 

2018 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ 2 ЕСЕГЕ АРТАДЫ. АПТА БАСЫНДА МӘЖІЛІСТЕ ӨТКЕН  ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА  ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ БАРЫСЫ СӨЗ БОЛДЫ. ӘУЕЛІ ДЕПУТАТТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРМЕН ТАНЫСТЫ. КӨБІНЕ ҚОЙЫЛҒАН ӨНІМДЕР ҰНАДЫ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВТІҢ АЙТУЫНША, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 2,4 ЕСЕ ӨСТІ. 2008 ЖЫЛҒЫ 27 МЛРД-ТАН 2014 ЖЫЛЫ 66 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ.

 

ОДАН ӨЗГЕ, НӘРЕСТЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КИІМ-КЕШЕК ӨНДІРІСІ – 7 ЕСЕГЕ, БАС КИІМДЕР – 4 ЕСЕГЕ, ТОҚЫМА, ДАЙЫН БҰЙЫМ, ТӨСЕК ЖАБЫНДЫЛАРЫ – 3 ЕСЕГЕ АРТТЫ. АЙТА КЕТЕЙІК, СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 6,8 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙҒАН. АЛАЙДА  ОСЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ  ҚАРАМАСТАН, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫМАЙ ОТЫР. БҰҒАН НЕ КЕДЕРГІ ЕКЕНІН МӘЖІЛІС ВИЦЕ-СПИКЕРІНІҢ СҰРАҒЫНАН АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ.

 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары 

-Импорттан келген тауардың 80 пайызының сертификаты жоқ. оны мемлекет тарапынан ешкім де қадағалап отырған жоқ. арасында контрафактілі тауарлар да бар.

 

МИНИСТР ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ, БҰЛ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ УӘДЕ БЕРДІ. АЛАЙДА ТҮЙТКІЛДІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТУ ОҢАЙ МА?  

 

Қарағандыдағы аяқ киім фабрикасының өнімдері мемлекеттік сатып алудың арқасында ғана өтуде. Оның өзінде тек шикізат алу мен жалақы төлеуге жетеді. «Өкініштісі отанық нарықта қытайлық және ресейлік тауардың дәуірі жүріп тұр», – дейді өндірушілер.

 

Морис Ахматов, фабрика директорының орынбасары 

-Электронды мемлекеттік сатып алу порталында бір аяқ киім 2500 теңге деп көрсетілген. Ал аяқ киімді тігуге жұмсалатын былғары мен басқа да материалдарға кететін қаржы бұдан асып түседі. Осыған қарап сұраныс деңгейі қандай екенін біле беріңіз.

 

«Сондықтан өндірушілер сатып алу жүйесіне отандық өнімді қолдау тәртібі еңгізілсе және мемлекеттік мекемелер тапсырыспен алған заттардың сапасын тексеретін арнайы комиссия жұмыс істесе», – дейді. Фабрикада білікті мамандар тапшы, 60 пайызы өздігінен үйренген. Елде бірде-бір жоғары оқу орны аяқ киім өндіру ісінің мамандарын даярламайды. 

 

-Мынада жібітеміз. Мынада жуамыз. Арғы цех бар, арғы баркілер бар. Сонда кептіреміз. Мынау әрбір алты станок, алты шит бар барлығы.

 

Тараздағы зауыттың да жағдайы мәз емес. Тондар мен бөріктер Ресейге жіберілетін. Дағдарыстан соң зауыт жұмысы бәсеңсіді.

 

Абдулла Баймұханов, зауыттың коммерциялық директоры 

-Қазір мұның бір данасын 1 600 теңгеден тігіп жатырмыз. Бұл дегенің су тегін ғой. Бізге одан келер пайда шамалы. Әйтеуір мамандарымыз жұмыссыз қалмай, азын-аулақ нәпақасын тауып  отыр.

 

«Мұндай зауытты іске қосу оңай болған жоқ», – дейді кәсіпорын жетекшілері. Заманауи құрал-жабдықтар және шикізатпен үздіксіз қамтамасыз етуге біраз қаржы жұмсалды. Ол үшін кәсіпорын несие алып, мемлекет көмектесті. Бірақ оны өтеу оңай емес. Ал жергілікті билік бұл тығырықтан шығудың жолын қарастыруға тырысып бағуда.

 

Қайрат Маметов, Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы 

-Жамбыл облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен бұл зауытты газдандыру мәселесі мақұлданды. Қажетті жұмыстар жүргізілген соң, жүн өңдеу тұрақты қолға алынады. Осылайша дайын өнім шығару да жолға қойылмақ.

 

Бұл мәселелер неден туындап отыр? Қазақстан экономикасын салаға жіктесек, жеңіл өнеркәсіптің үлесі 1 пайызға толмайды. Барлық қолдау шаралары жасалды. Біріншіден, жеңілдетілген несие берілуде.

 

Әсет Исекешев, ҚР инвестициялар және даму министрі 

-Бір талап, олар тиімді бизнес-жоспар ұсынуы тиіс. Яғни олар бәсекеге қабілетті болуы шарт. Ұлттық қордан екінші деңгейлі банктерге қаржы бөлінген. Онда сала бойынша шектеу жоқ. Мәселе жеңіл өнеркәсіптің тиімді бизнес жасауға дайындығында. 

 

Бұған қоса қала шеңберінде кепілге қоятын жылжымайтын мүлік болуы шарт. Ал шикізат өндіріп-өңдейтін кәсіпорындар шаһар маңында орналаспасы белгілі. Екінші ең күрмеулі мәселе – шикізат. Өзімізде бар шикізатты сыртқа шығарып, сосын оны мата не тоқыма күйінде шетелден қып-қызыл ақшаға неге аламыз заңды сауал туындайды. Қазақстандық жүннің сапасы күнделікті және сырт киім өндіруге жеткілікті. Бірақ одан Қытай мен Беларусь мата тоқып, Қырғызстан тоқыма жібін есіп өзімізге қайта жібереді.

 

Қаһарман Күдеров, жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының мүшесі 

-3,5 келі жүнді есептесеңіз, ол жуылғанда 2 келі болады. 500 граммнан 1 костюм-шалбар шығады. Сонда 30 000 теңгеден есептесеңіз, 120 мың кіріс береді.

 

Қазақстанда тауар өндіруге қаржы беріледі, ал шикізат өңдеуге қарастырылмаған. Бұл – бір. Екіншіден, жоғары сапалы жүн алу үшін қымбат құрал-жабдық қажет, кәсіпкерлерде оған ақша жоқ. Өзімізде өндіру қымбатқа түсетіні сондықтан. Шикізат сырттан әкелінеді, оюлайтын, пішіп-тігетін құрал шетелден алынады, жұмыс күші де Въетнам мен Қытайдағыдан қымбат. «2018 жылы Оңтүстік Қазақстанда мақта-мата кластері іске қосылғанша, салықтық жеңілдік жасалса», – дейді кәсіпкерлер. Көбі жеңіл өнеркәсіпті дамытудың түркиялық бағдарламасын ұсынады. Онда басты міндет – отандық брендтерді насихаттау, қаржылық жағынан, сауда орындарын жалға алуға қаржы бөлу, шығынның бір бөлігін өтеу мен сырттан әкелінген шикізат салығынан босату. 

 

Мұхтар Тінікеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Егер қазақстандық киімдер сатылса, әрине киер едім, бұрын шымкенттік «Восход» тігін фабрикасының костюмдерін киетінмін. Олар керемет болатын.

 

Нұртай Сәбильянов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты 

-Мысалы, біз қазақстанда шығарылатын спорт киімдерін аламыз, және балаларға шығарылып жатқан жап-жақсы өнімдер бар, соны аламыз. Себебі олардың сапасы да жақсы, бағасы да тиімді.

 

«Егер жеңіл өнеркәсіп жоспары қайта қаралса, өндіріс пен экспорт көлемі екі есеге ұлғаяды», – дейді сарапшылар. Яғни, он жылдан кейін барлығымыз отандық өндірушілер тіккен киіммен жүре аламыз. 

 

Авторлары: Ақбөпе Бәкір, Эльвира Тағайқызы

 

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ «САРЫАРҚА» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН. 535 ГЕКТАР АУМАҚТЫ АЛЫП ЖАТҚАН АЛЫП АЙМАҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БҮГІНДЕ ТОЛЫҚ РЕТТЕЛДІ.

 

ҚЫСҚАСЫ, ҚАРЖЫ ҚҰЙЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ КӘСІПОРЫН САЛАМЫН ДЕЙТІН ҚАЛТАЛЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МҰНДА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН. ОНЫҢ ҮСТІНЕ ЖЕР ТЕЛІМІ 10 ЖЫЛҒА ТЕГІН БЕРІЛЕДІ, БҮКІЛ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ. ТЕК БАСТАҒАН ІСІҢІЗДІ ДӨҢГЕЛЕТІП ӘКЕТСЕҢІЗ БОЛҒАНЫ. АЛАЙДА ҚҰРЫЛҒАНЫНА 3 ЖЫЛДАН АСҚАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА БҮГІНДЕ БАР БОЛҒАНЫ ТЕК ЕКІ КӘСІПОРЫН ҒАНА ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР. ОСЫ АРАЛЫҚТА 30 ИНВЕСТОР НИЕТ ТАНЫТҚАНЫМЕН, ОЛАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САРАПШЫЛАРДЫҢ СҮЗГІСІНЕН ӨТПЕЙ ҚАЛҒАН.  НЕЛІКТЕН?  МҰНДАҒЫ ЖҰМЫС НЕГЕ КЕШЕУІЛДЕП ЖАТЫР? 

 

Экономикалық аймақта  алғашқы ашылған кәсіпорындардың бірі – «Бемер Арматура» зауыты. Кәсіпорын былтырғы жылдың шілде айында өткен телекөпір кезінде іске қосылды. Зауыт жылу жүйесіне, мұнай-газ саласына қажетті шарлы крандар шығарады. Алайда жылына 10 мың дана кран жасайтын қуаты бар кәсіпорын 10 айда бар болғаны 3 мың дана өнім өндірген. Себебі сұраныс тым төмен болып келді. Тек енді ғана зауыт жұмысы жолға қойылып, жаңа тапсырыстар алған.

 

Андрей Кефер, зауыттың бас директоры 

-Біздің бүгінгі басты жаңалығымыз – Ресей нарығына қадам бастық. Осы күнге дейін екі-үш келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар қазір еліміздің мұнай-газ секторындағы ұлттық компаниялармен жұмыс істеу үшін арнайы сертификат алуды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл жұмыс аяқталуға жақын. Біз үшін бұл аса маңызды. 

 

3,5 миллиард теңгеге салынған зауыт жұмысы әлемнің озық технологиясына негізделген. Мұндағы еңбек ететін 40-қа жуық маман Германияға барып біліктіліктерін жетілдіріп қайтқан. Қазір мұнда шарлы кранның 5 түрі жасалады. Шикізат Испания, Италия, Германия елдерінен жеткізіледі. Жақында зауыт қосалқы бөлшектерді жасайтын жаңа қондырғылар орнатпақ. 

 

Василий Вайс, өндіріс басшысы 

-Жақын күндері біз бірнеше жаңа қондырғылар сатып алмақпыз. Ол металлды өзімізде өңдеп, қажетті қосалқы бөлшектерді осында жасауға мүмкіндік береді. Сөйтіп біріншіден, уақытты ұтамыз, бізге ол бөлшектерді жіберіп отырған мердігерлерге тәуелділіктен арыламыз. 

 

«Сарыарқа» – арнайы экономикалық аймағында жүзеге асқан екінші жоба «Изоплюс» кәсіпорны. Ашылғанына он айға жуықтаған зауыт осы аралықта 1 миллиард 100 миллион теңгенің өнімін өндіріпті. Мұнда диаметрі 40-тан 1200-ге дейінгі аралықтағы құбырлар жасалады. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты – 500 шақырым құбыр. Зауыт басшысы Олег Винокуров экономикалық аймақтың өнеркәсіпті өркендетуге өте қолайлы екендігін айтады.

 

Олег Винокуров, «Изоплюс» кәсіпорнының директоры 

-Арнайы экономикалық аймақта көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Салықтан босатылдық, кедендік баж салығы да алынбайды. Нәтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, қаржы үнемделеді. Тиісінше нарықта біздің тауарға сұраныс та артады деп ойлаймыз. 

 

«Қарағандының іргесіндегі Саран қаласында жылу құбырларының әбден тозығы жеткен, 70 пайызы апатты жағдайда», – дейді мамандар. Осыған орай биыл жергілікті билік «Изоплюс» кәсіпорнына тапсырыс беріп, орталық көшелердегі 31 шақырым құбырды алмастырған.

 

Ардақ Асылханұлы, тілші 

-«Изоплюс» кәсіпорнында жасалатын мына құбырлар экспортқа шығарылмайды, өз елімізде қалады. Себебі сұраныс жоғары. Айталық бір ғана Саран қаласы 300 миллион теңгеге тапсырыс беріпті. Ал жалпы зауыттың өндірістік қуаты Қазақстан нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Мамандар отандық өнімнің сапасы жоғары, бағасы да көңілге қонымды екенін айтады. 

 

Мәселен, болат құбырлар әуелі көбікпен, сосын пластикпен қапталады. Бұл біріншіден, жылу энергиясын 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік бермек. Оның үстіне құбырлардың кепілдік мерзімі 50 жылға жетеді. Тағы бір ерекшелігі, құбыр ішіне апатты қашықтықтан қадағалайтын арнайы қондырғы да орнатылыпты. Яғни құбыр жарылған жағдайда, барлық жерді бей-берекет қазбай, дәл су кеткен жерді табуға мүмкіндік бар. Сондықтан Саран әкімшілігінің таңдауы отандық өнімге түскен.

 

Жансұлу Сәдуақасова, Саран қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы 

-Жылуды сақтайтын, жылуды үнемдейтін құбырлар, сонысымен ерекше. Инновациялық технология қосылған. Бұрынғы құбырлар мин.ватамен оралып, теплопотерия көп болатын. Қазір ондай мәселеге біржола көзімізді жаптық. 

 

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында бүгінде барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, инфрақұрылымы бір жүйеге келді. Ендігі кезек күттірмейтін шаруа инвестор тарту. Бірақ өкінішке орай бұл жұмыс баяу жүріп келеді. Бүгінде мұнда бар болғаны екі кәсіпорын ғана толыққанды жұмыс істеп тұр. Соның салдарынан сағатына 486 мегаватт тоқ өндіре алатын қосалқы станцияның 5 пайызы ғана пайдаланылып отыр. Бұған қоса жылына 2,5 миллион тонна тауар өткізе алатын теміржол станциясы да әзірге тоқтап тұр. Бірақ экономикалық аймақ басшыларының айтуынша, алдағы жылдары бұл жерде бірнеше кәсіпорын бой көтермек. Қазір 4 инвестормен келісімшарт жасалған. Жақын арада құрылыс жұмыстары басталмақ.

 

Ардақ Құсайынов, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасы 

-Биылғы жылы жүзеге асатын 4 жобаның екеуі отандық. Олар шойын өндірісі мен оқ-дәрі жасайтын зауыттар. Қалған екеуі шетелдік инвесторлардың қаржысына жүзеге асады. Біріншісі металлургиялық зауыттардың құрылысына қажетті отқа төзімді кірпіш шығаратын зауыт, бұл – Қазақстан мен Автрияның бірлескен жобасы. Ал екіншісін Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлері бірлесіп жүзеге асырмақ. Бұл зауытта жылу сақтайтын құрылыс материалдары шығарылатын болады.  

 

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы құрылғалы бері 30 инвестор осы жерде кәсіпорын салуға ниет білдіріпті. Бірақ оның да өз тәртібі бар, бірнеше тараудан тұратын талабы бар. Сондықтан көпшілігі сарапшылардың сүзгісінен өтпей қалған. Дей тұрғанмен, биылғы жылдың жазында мұнда пластикалық құбыр шығаратын тағы бір зауыт іске қосылмақ. Ал келешекте 535 гектарды алып жатқан алып аумақта ондаған зауыт-фабрикалардың бой көтеретіні кәміл. Себебі мұнда инвесторларға барлық жағдай жасалған. Жер телімі 10 жылға тегін беріледі. Корпоративті табыс, жер, мүлік салықтарынан босатылған. «Әрі шетелден шикізат таситындардан кедендік баж салығы алынбайды. Енді тек қаржы құюға құлықты компанияларды күту керек», – дейді басқарма төрағасы Ардақ Құсайынов. Әлі-ақ бұл жерде қайнаған тірлікке куә боламыз деп сендірді ол.

 

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

 

 

МАМЫРДЫҢ ОРНЫ ТОЛМАС ӨКІНІШТІ ОҚИҒАСЫ АҢ ПАДИШАҺЫ АҚБӨКЕНДЕРДІҢ АДАМ АУЗЫ БАРМАЙТЫН ЖАҒДАЙДА АЖАЛ ҚҰШУЫ ЕДІ. 10 ЕМЕС, 20 ЕМЕС, БҮТІНДЕЙ 100 МЫҢНАН АСА КИІКТІ НЕ КҮЙІК ШАЛДЫ? ҚҰРАЛАЙЫН ҚҰЛДЫРАҢДАТЫП, ТОРҒАЙ ТОПЫРАҒЫН ҚАРС АЙЫРА ЖОРТҚАН ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНУАРДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫНА НЕ СЕБЕП? ҚЫЗЫЛ КІТАП КЕЙІПКЕРІНІҢ АТА ЖҰРТЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҒАНА ТӨРКІН-ТАБЫНЫ САҚТАЛЫП ҚАЛҒАНЫН, АҢШЫ БЫТЫРАСЫНАН АМАН ЖҮРГЕНІНІҢ ӨЗІ БІТУГЕ ТАЯУ ЕКЕНІН БІЛУШІ ЕДІК, ЕНДІ МЫНА ЗАУАЛҒА НЕ ЖОРЫҚ? ҮКІМЕТ ҚАРАП ОТЫРҒАН ЖОҚ. 

 

ІЗДЕП ЖАТЫР СЕБЕБІН. ПАСТЕРЕЛЛЕЗ, ГЕПТИЛЬ, МҮМКІН ЖАҢБЫРДЫҢ МОЛ ЖАУУЫ. ӘРИНЕ НАҚТЫ ТҰЖЫРЫМ ЖАСАЛМАДЫ. ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН САРАПШЫЛАР ДА ӘЗІРГЕ ОРТАҚ ҰЙҒАРЫМҒА КЕЛЕ ҚОЙҒАН ЖОҚ. КАЛАЧИДЕГІ ҰЙҚЫ ДЕРТІ СЕКІЛДІ БӨКЕННІҢ БАУДАЙ ТҮСУІНЕ ҚОЙЫЛҒАН ДИАГНОЗДЫ АЛДАҒЫ АПТАДА ДА ЕСТИ ҚОЮЫМЫЗ НЕҒАЙБЫЛ. 

 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

- Алдағы уақытта ғана белгілі болады бұның сылтауы, аурудың сылтауы неде екені. Ол да бір версия. Шөптен уланған. Тек қана шөптен, сосын жаңбырдың молшылығына байланысты,  шөптің қалың өсуіне байланысты, сол шөптердің өздерінің қасиеттері бар деген сияқты бағана нұсқалар айтылды. Ол көптеген нұсқаның бірі ғана. 

 

ҚОСТАНАЙ, АҚМОЛА ЖӘНЕ АҚТӨБЕ АЙМАҚТАРЫНДА ЖЕР ҚҰШЫП ЖАТҚАН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ПРОТОН ЗЫМЫРАНЫНА ҚАТЫСЫ ЖОҚ ДЕГЕН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАННЫҢ ДА ЖАУАБЫН ЕСТІДІК. КЕШ ТЕ БОЛСА ДЕПУТАТТАР ДА ОСЫ АПТАНЫҢ АЯҒЫНДА ДАЛА ЖАНУАРЫНЫҢ ДЕРТІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕРЕУ ДАБЫЛ ҚАҚТЫ. ӘЗІРГЕ АҚТӨБЕЛІК ВЕТЕРИНАРЛАР ҒАНА КИІКТЕР АЖАЛЫН ШӨПТЕН ТАПТЫ ДЕП ТҮЙІН ЖАСАДЫ. АЛ, ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР СЕБЕБІН АЙТУ ҮШІН БІР АЙ КЕРЕК ДЕГЕН ПІКІРДЕ. БІРНЕШЕ КҮН БЕТПАҚТЫҢ ДАЛАСЫНДА БОЛЫП, АНАЛИЗ АЛҒАН САРАПШЫЛАР ДА СӨЗГЕ САРАҢ. 

 

Штеффан Цутер, халықаралық сарапшы

- Әзірге мәселенің қалай ушығары белгісіз. Бұл киіктердің жаппай дертінің синдромы. Біздің сынамаларды зерттеп көруіміз қажет.  

 

БӨКЕНДЕРДІҢ  90 ПАЙЫЗЫ БІЗДІҢ ЕЛДЕ. ҚАЗАҚСТАН АЯУЛЫ ЖАНУАРДЫҢ ЖАНАРЫН ЖАСҚА ШЫЛАТПАУДЫҢ, КИЕЛІ АҢДЫ ҚОРҒАП ҚАЛУДЫҢ АҚЫРҒЫ АМАЛЫН ЖАСАП ЖАТЫР. ОСЫ АПТАДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КӘРІМ МӘСІМОВ ҚИІКТЕРДІҢ ҚЫРЫЛУ СЕБЕБІН АНЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРУДЫ ТАПСЫРДЫ. АЙТА КЕТУ КЕРЕК, ЖЕЛАЯҚ ЖАНУАРДЫҢ ЕҢ КӨП ҚЫРЫЛҒАН ЖЕРІ – ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. ТОРҒАЙ АЙМАҒЫНДА АМАНГЕЛДІ, ЖАНГЕЛДИН АУДАНДАРЫНЫҢ КӨЛЕМІНДЕ БАС-АЯҒЫ ЕКІ АПТАҒА ЖЕТЕР-ЖЕТПЕС УАҚЫТТА КӨМІЛГЕН КИІКТЕРДІҢ САНЫ 109 383-КЕ ЖЕТТІ. 

КИІКТЕРДІҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ.  БҰДАН ӨЛГЕН БӨКЕННІҢ ОРНЫ ТОЛМАСЫ АНЫҚ. «ДАЛА ТАҒЫСЫН ЖҮЗ МЫҢДАП ҚЫРҒАН АПАТ, ӨРІСТЕГІ МАЛЫМЫЗДЫ ЖУСАТЫП КЕТПЕЙ МЕ?» ДЕП ҚАУІПТЕНЕДІ ТОРҒАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ.  АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ДЕ ЖОҚ ЕМЕС. АПАТТЫ АЙМАҚТАН БЕЛГІСІЗ СФЕРАЛЫҚ ЗАТ ТА ТАБЫЛҒАН.

 

109 383! Бұл Торғай халқына 2015 жылдың қаралы «құралай салқынын» еске салып тұратын қасіретті сан! Мамырдың 11-мен 27-сі аралығында Амангелді, Жангелдин аудандарының аймағында ғана осынша дала жануар жер жастанды! Облыста шұғыл топ құрылды, арнайы техника бөлінді. Көму жұмыстары жүйелі ұйымдастырылды. 

 

500-ден астам адам, 76 техника жұмылдырылды. Қыр еркелерінің жаппай қырылуына жергілікті тұрғындар бейтарап қарай алмады. Белсенділік көрсетті. Залалды жою жұмыстарына жан сала үлес қосты. Жылқыбай Ақтасов – Амангелді кентінің тұрғыны. Ол еріктілер қатарына алғашқылардың бірі болып тізілді. Желі тынса жаңбыры үдейтін, жауын басылса шыбын-шіркейі шыдатпайтын қолайсыз ауа-райында, дала жағдайында тізе бүкпей бір апта жұмыс істеді. 

 

Жылқыбай Ақтасов, Амангелді кентінің тұрғыны 

-5 адамнан бір ковошта жүрдік. Сосын ковошқа саламыз. Камаз жүрді қасымызда, камаздарға тиеп, ковошка саламыз, ол камазға тиейді. Сосын бірнеше экскаторлар жүрді. 8 метр тереңдікте, сосын өртеді ветврачтар. 

 

Халықтың алаңдауы бекер емес! Тағыларды жайпаған жойқын індет, адамға ауыз салмасына кім кепіл?! Абырой болғанда бұл жолы адам аман. 

 

Жанар Қақанова, Амангелді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары 

-Төтенше жағдайдың ауданда болып жатқанын білеміз, бірақ бізде пастерреллез ауруымен түскен адам туралы мәлімет жоқ ондай. Мед пунктарға, ФАБ-тарға хабарласып ауырып келген адам болған жоқ. 

 

Сайын даланың сағымында сүңгіген, желіменен жарысып, құба беліне сән берген жазықсыз жануарлардың кенеттен қырылуы, малымен жан баққан еңбеккерлерді түршіктірмей қоймайды. Өйткені, мұндай апат бұған дейін де бастарынан өткен. 

 

1988 жылы Торғай даласында ақбөкендер белгісіз дерттен қанға бөкті. Кей деректер ол жолы өлген киіктердің саны 430-мыңнан кем емес дейді. Егінғали Сарин – сол қырғынды көзімен көрген, қолымен көмгендердің бірі. Ол кезде оның ата-анасы совхоздың қойын бағатын.

 

Егінғали сарин, Байғабыл ауылының тұрғыны 

-Біз мал өсіріп, мал жанымызды күтіп отырғаннан кейін ол да шөппен қоректенетін жануар, сондықтан соның жерін, шөбін жеген малға да әсер етуі мүмкін, сол кезде де солай үрейленіп қорқып ек, бірақ, бірақ малдан ондай ауру байқалған жоқ. Аман-сау өттік, бірақ киік көп шығынға ұшырады. 

 

Бүгінге шаруашылық ашып, бір әулетті адал еңбегімен асырап отырған кәсіпкер, «іргемде болып жатқан індет «қорама да ауыз сала ма?» деп қауіптенетінін жасырмайды. Дес бергенде Амангелді ауданының көлемінде әл-әзір үй жануарлары жаппай өлім-жітімнен аман. 

 

Есім Дәулетов, Амангелді аудандық ветеринария бөлімінің директоры

-Мал өлу анау-мынау ешқандай тіркелген жоқ, бүкілін бәрін қарап шықтық айналып, 4 бригаданы жібергем, ветврачтарды, бәрін тексеріп шықты. Ондай өлу ештеңе жоқ. 

 

Сонда, үй жануарларын айналып өтіп, өзге аң-құсқа жоламайтын бұл қандай кесел? Өкінішке орай, ең өзекті сауалға тұшымды жауап жоқ. Ал күман көп. Өйткені ресми орындардың өзі киіктердің тек ғана пастереллездан өлмегенін растап отыр. 

 

Нұржан Айдархан, Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры 

- Мамандардың тағы бір болжамы бойынша киіктердің табиғатта кездесетін беде, жоңышқа сияқты тез ашытатын өсімдіктердің көп жеуінен орын алған. Сонымен қатар киіктердің жаппай қырылған жерінен сфералық заттың  табылуы бойынша болжам бойынша ғарыш кемесінің бір бөлігі қазір анықталып отыр. 

 

Алайда санитар мамандар ол бөлшектен зиянды радиация байқалмағандығын, одан табиғатқа, жануарларға төнер қауіптің жоғын айтады. Жергілікті ветеринарлар болса, қырғынға кінәлі «пастереллез» деп бірауыздан мақұлдайды.   

 

Есім Дәулетов, Ммангелді аудандық ветеринариялық бөлімінің директоры

-Таза пастереллез ғой. 100 пайыз киіктің ішінде пастереллез бар, бірақ та оны иммунитет ұстап тұрады. Иммунитет жабылып қалған кейін бірден спышка болады, содан кейін бәрі қырылады, екі үш күн, бір жеті жетіп жатыр оларға. Бірақ та иммунитет неден жабылып қалғаны анықтау керек. 

 

Әлемдегі ақбөкендердің 80-90 пайызы Қазақ жерінде. Ендеше киіктердің жаппай өлуі – әлемдік проблема! 

 

Абылай Мауданов, тілші 

-Жез киіктер жздеп, мыңдап өретін жапан түз қазір меңіреу медиенге айналған. Кең даланың сәні болған киіктер көрінбейді, олардың денесін көмген мынандай төмешіктер ғана көзге ұшырайды. 

Жолобада пайда болған мұндай жаңа обалардың саны ондап саналады, бір ғана Амангелді ауданында 62 000 киік өліп, көмілген, ал бұл жан шошырлық мәліметтерге кірмеймін, қарға құзғынның жемі болып, жер тезек боп шашылып жатқан құралайлар қаншама.  

 

Жою жұмыстары жүріп өткен жерлерде мына сияқты киіктің өлі денелері әлі кездеседі. Бұл тазалаушылар назарынан тыс қалғандары ма, әлде одан кейін өлгендері ме, белгісіз. Сонымен «құралай салқын» саябырлады, бөкенінен айрылған дала қалды, жүректердің түбінде нала қалды. Бұл кесел енді қайталанбас үшін не істемек керек? Егер жануарлардың жаппай өлуіне тек ғана індет себеп болса, оның алдын алуға отандық ғалымдар неге қауқарсыз? Киіктерді көбейту үшін арнайы резерват ашып, техникасын қамдап, жүздеген адамды табиғатты қорғау жұмыстарына жұмылдырып отырған мемлекет қаржысы қашанғы желге ұша береді? Бүйте берсе, бөкендерді болашақ ұрпақ мұражайдан ғана көріп жүрмей ме?  

 

Авторлары: Абылай  Мауданов, Ермек Мұхамедьяров

 

МАМЫР АЙЫНЫҢ 20-СЫ КҮНІ БАСТАУ АЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ НҰРЛЫ ЖОЛМЕН» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ МАУСЫМНЫҢ 22-СІНЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ. НЕГІЗГІ МАҚСАТ – ҰРПАҚ ЖАЛҒАСЫ БАЛА БАҚЫТЫНЫҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ ЕКЕНДІГІН, ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ.

 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӨКІЛДЕРІНІҢ АЙТУЫНША 1-ШІ МАУСЫМ КҮНІ РЕСПУБЛИКА АУМАҚТАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ КЕШЕНДЕР МЕН МӘДЕНИ-ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНДА ТҮРЛІ ТАНЫМДЫҚ, МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. СОНДАЙ-АҚ  БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ.   

 

АЙТА КЕТЕЙІК, ҚАЗАҚСТАН БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ» КОНВЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ҚАТАРЫНДА. СОҢҒЫ ДЕРЕКТЕР БОЙЫНША КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ САНЫ 5 МИЛЛИОННАН АСАДЫ. 

ЕЛІМІЗДЕ ӘРБІР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ ӘРІ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – ЕҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ РЕТІНДЕ АТА ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АЙҚЫНДАЛҒАН. ЖАС ҰРПАҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН БАР ЖАҚСЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТ ТЕ, ХАЛЫҚ ТА АЯМАҚ ЕМЕС. ОСЫ РЕТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ БАЛАЛАРҒА ҚОҒАМ НАЗАРЫН АУДАРЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТУДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ДЕП БІЛЕТІН ЖОМАРТ ЖАНДАР, ҰЙЫМШЫЛ ҰЖЫМДАР БАРШЫЛЫҚ. МӘСЕЛЕН, «ХАБАР» АРНАСЫНДАҒЫ «БАЛАЛАРҒА ӨМІР СЫЙЛА» ЖОБАСЫ. 

 

БІР ҒАНА БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ МЫҢДАҒАН БАЛҒЫНҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТІЛДІ. 7 ЖЫЛДА ЖАЗЫЛМАС АУЫР ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН 1 119 БӨБЕКТІҢ АЯНЫШТЫ ТАҒДЫРЫ, СОҢҒЫ ҮМІТІ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ. ОЛАРҒА ХАЛЫҚТАН 9 ЖАРЫМ МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚ ҚАРЖЫ ЖИНАЛЫП, 1 ЖАРЫМ МЫҢНАН АСТАМ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАТУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ. 

 

Сандуғаш Рахимжанова «Хабар» арнасы бағдарламалар дирекциясының директоры  

-Ең жарқын жобалардың бірі – «Балаларға өмір сыйла» деген атпен «Хабар» арнасында 3 жылдан астам уақыттан бері көрсетіліп келеді. Бұл Аружан Саин басқаратын қайырымдылық қорымен бірлесіп дайындалған. Бөбектерге қамқорлық көрсетуді көздейтін мұндай бастамаларды біз қолдаудан тартынбаймыз. Себебі компания әлеуметтік жауапкершілікті ұстанады.

 

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСА, 2014 ЖЫЛЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРЫ КЕЗІНДЕ ЕЛБАСЫҒА «ЖІБЕК ЖОЛЫ» БЕЙБІТШІЛІК СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫС ЕТІЛГЕН БОЛАТЫН. СОЛ  МӘРТЕБЕЛІ МАРАПАТТЫҢ  600 МЫҢ ДОЛЛАР ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЫН БИЫЛ НАУРЫЗДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮГЕЛІМЕН «МИЛОСЕРДИЕ» ЕРІКТІ ҚОҒАМЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНА ТЕҢ БӨЛІП БЕРГЕН-ДІ. 

 

АРУЖАН САИН БАСШЫЛЫҚ ЕТЕТІН «МИЛОСЕРДИЕ» ЕРІКТІ ҚОҒАМЫ 300 МЫҢ ДОЛЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА  ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАС БАЛАЛАРДЫҢ  ЕМ-ДОМЫНА  ЖҰМСАДЫ. 

 

Кутнов Данил мен Никита. Церебралді сал ауруына шалдыққан бұл егіздер Павлодар тұрғыны Еленаның тұңғышы. Ол тағдырдың бұл сынағына сынып кетпеді. Дертті ұлдарын арнайы мекемеге өткізбеді. Күндіз-түні өзі бағады екеуін.   

 

Елена Кутнова, Павлодар қаласының тұрғыны

-Өмірдің сынағы ғой. Екі ұлым да церебралды сал ауруымен аурады. Әкелері күні бойы жұмыста болғандықтан. бар ауыртпалық маған түседі. Бірақ мен мойымаймын. Жаттығуларын жасатам, емдеу шараларына апарам, мектепке дайындаймын

 

Ал бұл егіздер Сексембай Ильяс пен Осман. Теміргалиева Гүлмираның тұңғышы. Бүгінде төртке толған қос бүлдіршінге бес айлығында церебралды сал диагнозы қойылған. Балалар бір жасқа толғанда мойнын ұстап, бір жарым жаста отырып, екіден асқанда ғана алғашқы қадам жасаған. 

 

Гүлмира Темірғалиева, Астана қаласының тұрғыны

-Бұлар әлі тамақты дұрыс шайнай алмайды. Сілекейлері ағады. Логикалары, ойлау қабілеті өз қатарластарымен салыстырғанда әлі де төмен. Бірақ ең алғашқы кездегіден жақсы, әйтеуір. 

 

Ал мына кішкентай арудың есімі – Айару. Шымкент қаласының тұрғыны Нағима Аяпованың тұңғыш немересі. Айарудың бір жасында кенеттен даусы мүлде шықпай қалады. Диагнозын дәрігерлер бала екіге қарағанда әзер табады. Жұтқыншақ папиломатозы. Сөйтіп бүлдіршінге бір жыл үш айдың ішінде 5 рет операция жасалады... 

 

Нағима Аяпова, Шымкент қаласының тұрғыны

-Ота жасатып келгеннен кейін бір ай жақсы жүреді. екінші үшінші айда ырсылдай бастайды. Бала демала алмай жатқанда қолымыздан келетін ештеме жоқ. Жедел жәрдем шақырып, ауруханаға барамыз. Ол жаққа барғаннан кейін дәрігерлер гормональный препараттар салып, сәл өзіне келеді.

 

Гормонды дәрі-дәрмек, бес рет операциядағы қайта-қайта салынған наркоз Айрудың жүрегін, бүйрегін зақымдайды. 

 

Нағима аяпова, Шымкент қаласының тұрғыны

-Астанадағы дәрігерлер лор хирург Қазақстанда емі жоқ. Бізде лазерный аппарат жоқ. Шетелде Южный Кореяда бар деп сол кісіден естідік. 

 

Жұтқыншақ папиломатозымен ауыратын 50-60-тай жеткіншек бар елімізде. Барлығы бірдей шетелге бара алмайды. Барғысы келмейді емес, қалтасы көтермейді. Ал мемлекет, мемлекет ауыр науқасқа шалдыққан балақандардың Германия, Корея, Түркия, Ресей асып, емделуіне жағдай жасауда-ақ. Қаражатты да аяп жатқан жоқ. 2012 жылы 600 млн қаражат бөлсе, былтыр 1 млрд 300 млн қарастырған қазынадан. Сол жолы 43 дертті бала ем-дом алып қайтқан әлемнің түкпір-түкпірінен. Биыл 64 бүлдіршін кезек күтіп жүр. Тағы бір жайт, алыс-жақын шетелде емдеуге санаулы ғана ауру түрлеріне рұқсат бар.       

 

 Лаура Орынханова,  ҚР ДСӘДМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқарма басшысы

-Шетелге біз негізі ауыр түрдегі науқастар бұл сүйек кемігінің трансплантациясы жібереміз. Бүйрек, бауыр, жүрек, кеңірдек стенозы, өңеш стенозы. Бұл жерде стенозды бізде де жасайды. Бірақ. ол өте жоғары технологияны қажет ететіндіктен шетелге жібереміз. 

 

Бауыр еті баласының қиналғаны жанына батқан ата-аналардың кейбіреулері  қалталылардан көмек сұрайды. Көбі «Милосердие» еріктілер қоғамы қорына хат жазады. 

 

Бұл қор осы күнге дейін мыңнан асық бүлдіршінге өмір сыйлады. Олардың бұл игі ісіне сүйсінген Елбасы алғысын айтып, қазыналарына 300 мың доллар қаражат аударды. «Милосердиенің» басшысы Аружан Саин ол қаржының 7 млн 39 мыңына Алматыдағы инфекциялық балалар ауруханасына ең соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар алынғанын айтты. 

 

Аружан Саин, «Милосердие» еріктілер қоғамы» қорының директоры 

-Біз жансақтау бөлімінің құрал-жабдығына көңіл бөлдік. Нақты айтсақ, жасанды тыныс алу аппараты, ларингоскоптар өте қажет ол жаққа. Сондай-ақ электролитті анализатор құралын алдық. 

 

Ал 12 млн 950 мың теңге церебралді сал ауруына шалдыққан 19 балаға жұмсалады. Бүгінгі таңда елімізде осы дертке душар болған жеткіншектер саны 10000-нан асып жығылады. «Қордан» көмек сұрайтындардың дені солардың ата-анасы. 

 

Аружан Саин, «Милосердие» еріктілер қоғамы» қорының директоры 

-Біз балалардың барлығын шетелге жіберуге мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан Қазақстанда барлы аймақта тұрғындарының санына орай оңалту орталықтарын салу керек. Қазіргі оңалту орталықтарында кезек өте көп. Адамдар «Балбұлақ» сынды орталықтарға жылдап кезекке тұрады. 3-4 жылда бір рет ғана емдеу курсын алады олар. Ал церебральды сал ауруына шалдыққандар жылына 4-5 рет ем алулары керек.

 

Шетел асатын 19 баланың көбі – егіздер. Павлодардық Кутнов Данил мен Никита, Сексембай Ильяс пен Осман да бар арасында. Елена Кутнова қос ұлын алдағы айдың онында Қытай жаққа алып барады. Ол үшін әр балаға 23 100 юань бөлініпті. Ал Гүлмира Темірғалиева қос ұлын Чехияға апаруды жөн көріпті. Чехиядағы ем үшін қор 3 968 евро берген. 

 

Амандық болса, олар шілденің аяғына таман аттанады. Ал Айару жұтқыншағына қайта-қайта шығып, мазасын алған папиломаладан біржола құтылды, Таяуда ғана Сеулге барып, операция жасатып келді. Әжесі бәрі сәтті өтті деп қуанып отыр. «Тұңғыш немерісінің даусын, күлкісін естіп, былдырлаған әңгімесін тыңдаудан артық бақыт жоқ», – дейді Нағима ханым.

 

Нағима Аяпова, Шымкент қаласының тұрғыны

-Кореядан келгенімізге он күндей болды.

 

Балақандарының дертіне шипа іздеп, көмек сұрағанда, қолын созған қорға ата-аналардың ризалығы шексіз. Ал қордың басшысы Аружан Саин Елбасыға, елдегі қайырымды азаматтарға алғысын жеткізді.  

 

Аружан Саин, «Милосердие» еріктілер қоғамы» қорының директоры 

-Нұрсұлтан Назарбаевтың көмегіннен үлгі алып, біздің қорға ақша аударып жатқандарға, бұған дейін де науқас балақандардың өмір жазылуына себі тиген жандарға алғыс айтамын. Сіздердің арқаларыңызда қаншама бала шетелде емделді. Қаншама отбасыға қуаныш сыйланды. Елбасымыздан үлгі алыңыздар, құрметті қалталы шенеуніктер демекпін. 

 

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Абдулла Исаев  

 

БҮГІН АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АНТИТЕРРОР – 2015» ШҰҒЫЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ. ОҒАН 3 000-НАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ. ІШКІ ІСТЕР, ҚОРҒАНЫС, ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ТІЗЕ ҚОСЫП, ЛАҢКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ СОҚҚЫ БЕРУ ТАКТИКАЛАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ.

 

ШАРТТЫ ТҮРДЕГІ СОДЫРЛАР АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫНДА, МҰНАЙ ӨНДІРІСІ АУМАҒЫНДА ЖӘНЕ АДАМ КӨП ШОҒЫРЛАНҒАН КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖАСАМАҚ БОЛАДЫ. АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САУАТТЫ ӘРІ ТИЯНАҚТЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ТЕРРОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ. 

 

Қарт Каспийдің жағалауы екі күн бойы жаттығу алаңына айналды. Алдын ала құрылған сценарий бойынша, халықаралық лаңкестік топ көрші мемлекеттен келген босқындармен бірге Қазақстан аумағына өтіп кетеді. Жаттығуға қатысушылардың мақсаты – елге төнген қауіптің алдын алып, содырлардың көзін жою. 

 

Гүлмира Әбішева, тілші

-Біз Ақтаудан 30 шақырым жердегі әскери полигонда тұрмыз. Мұндағы оқу-жаттығу барынша шынайы жағдайда өтуде. Дәл қазір шартты түрде лаңкестерге қарсы операция басталды. Оқиға орнына жақын бару өте қауіпті болғандықтан, алдын ала белгіленген арнайы орыннан бақылауымызға тура келді.   

 

Оттай қаруланған 30 содыр шекара маңындағы ауылда иесіз жатқан үйге кіріп жасырынған. Олар барынша қарсылық танытып, оқу атуда. Еліміздің арнайы жасағы жан-жақтан шабуыл жасап, лаңкестердің көзі жойылады. 

 

Нұртай Әбіқаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

-Бұл жолғы жаттығудың мақсаты да, бағыты да әдеттегі жаттығулардан өзгеше болды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабы алғаш рет дағдарыстық ахуал жөніндегі республикалық штабымен бірлесе жұмыс істеді. Басты мақсат – арнайы мақсаттағы жасақтар, әскери құрылымдар, құқық қорғаушылар және  мемлекеттік органдардың бірігіп әрекет етуін тексеру болатын. 

Ол орындалды. Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан босқындардың жаппай өтуіне байланысты әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған кездегі өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. 

 

Жаттығу Ақтау теңіз портында жалғасты. Шартты түрдегі лаңкестер жағада тұрған күзет кемесін басып алады. Кеме ішіндегі адамдар кепілге алынады. Олар мәмілеге келуден бас тартқандықтан  кепілдегі ел азаматтарын құтқарып алу шарасы басталады. 

 

Еліміздің бас барлау басқармасы мен «Арыстан», «Қалқан», «Сұңқар» сияқты арнайы мақсаттағы жасақтарының жауынгерлері, сүңгуірлер бірлесіп, тұтқиылдан шабуыл жасайды. Дәл осы кезде лаңкестің бірі жақын маңдағы мұнай тиелген танкерді жарып жібереді. 

 

Теңіз жағасындағы өрт сөндіріліп, кепілдегі азаматтар босатылады. Ал лаңкестердің көзі жойылған. Жаттығу аясында сондай-ақ мұнай құбырын жармақ болған және университетті басып алып, студенттерді кепілге алған терроршылардың жолын кесу әркеттері орындалды.

 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Президентінің көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы

-Қазіргі халықаралық жағдай және өңірдегі жағдай түрлі қауіп-қатерлерді тудырып отыр. Бұл қауіп-қатерлер жан-жақтан, түрлі бағыттан пайда болуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік органдар қажетті іс-шараларды қабылдап отыр. Атап айтқанда елімізде терроризмге қарсы орталық және комиссиялар құрылды. Бұл комиссиялар әрбір облыста, әрбір ауданда жұмыс істеп жатыр. Сондықтан қазіргі жаттығулар осындай түрлі органдардың арасында ықпалдастықты нығайтуға байланысты. 

 

Соңғы жылдары елімізде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес күшейе түсті. Антитеррорлық заңдарға бірқатар түзетулер енгізу арқылы лаңкестік әрекеттің алдын алудың негізгі басым бағыттары белгіленді. Осы бағытты дамыту үшін Қазақстан халықаралық және аймақтық қауіпсіздік ұйымдарымен әріптестік қатынасты барынша жандандыруда, біріккен шаралар ұйымдастыруда.    

 

Гүлмира Әбішева, тілші

-Дәл бір айдан соң Арқа төсінде діни экстремизмге қарсы әрекет ету жөніндегі аймақтық Саммит өтеді. Оған Біріккен Ұлттар ұйымы бастаған бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. Астана Саммитінде қабылданатын шешімдер мен ұсыныстар қыркүйек айында Нью-Йоркте өтетін ұйымның  Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында кең көлемде талқыланбақ. Қазақстанның осы бағытта ұстанып отырған саясаты елдегі тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. 

 

 

 Республикалық терроризмге қарсы орталық мүшелері бүгінгі жаттығуға жақсы баға берді. «Оқу-жаттығудың жоғары деңгейде өтуі – еліміздегі күш құрылымдары мен мемлекеттік органдар әрекеттерінің үйлесімдігін көрсетеді», – дейді олар. Жаттығу аясында кәсіби іс-қимылдарын танытқан барлық құрылым мен мекеме қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды.

 

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев

 

ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!