Хабар телеарнасы

Жеті күн 9.07.2016

Сюжеттер
1. Еңселі елорда 2. Ел мен Елбасын әлем құттықтады 3. Отандық газды Қытайға экспорттау мәселелері
4. Бразилия олимпиадасына санаулы күн қалды 5. Астана күні кең ауқымда атап өтілд 6. Елорданың туған күнін аймақтар да тойлады
7. Бас қалада осы уақытқа дейін 10 миллион шаршы метр баспана салынған 8. Дағдарыс кезеңіндегі даму 9. Ел тынысы
   
10. Туризм – табыс кілті    

1. Еңселі елорда

«Астана – бірігудің, тұтастықтықтың, халқымыздың өз күшіне, ерекше мүмкіндіктеріне деген сенімнің рухтандырушы рәмізі». Елбасы қала күніне арналған салтанатты қабылдау кезінде осылай деді. Қазір қазақтың кіндік қаласының атағы жер-жаһанға жайылған. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымының Саммиті, Діндер съезі, Астана экономикалық форумы секілді беделге ие жиындар шаһардың ғана емес, елдің абыройын асқақтатты. Ендігі кезек «ЭКСПО-да».

Ал сол «ЭСКПО-ның» алаңында халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешімге келу де батыл бастама болып тұр.

Жылдағы дәстүр бойынша Нұрсұлтан Назарбаев шілденің төрті күні Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Осылайша мерекелік іс-шаралар басталып кетті. Елбасы Астананың миллионыншы тұрғынының дүниеге келгені осы жерде айтты.

Сенің жасың 18-де. Кеше ғана тәй-тәй басқан арайлы Астана бүгін кәмелетке толды. Қас қағым сәтте елорда есейді, ел таныған деңгейге жетті. Бүгін еңсесі биік. Елбасы баса мән берген, әлпештеген шаһар, өйткені. Оның әр қадамы ел назарында. 

Биыл да Астана күнін атап өтеуге ерекше мән берілді. Алдыңғы дәстүрлер жалғасты, жаңа думандарға ұласты. Бәрі бас байрақтан басталады. Астананың негізгі нышанына айналған тұғыры биік ту ресми көтерілді. Елдіктің, егемендіктің символы көкте желбіреп, елорда аспанында қалқыды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің  байрағымыз ерлік пен елдіктің рухтың нышаны. Бірлігіміздің бірегей символы. Біз үшін ол әлемдегі ең асқақ ең әдемі, ең құдіретті ту. Біз тәуелсіздік жылдарында  туымызды тік ұстап алға басып  келе жатқан халықпыз. Еліміз тыныш еңсеміз биік болып ең қиын замандардың бәрінен сүрінбей өтіп келеміз. Биыл қастерлі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен бірге Астана 18 кәмелетке келіп отыр. Бүгінгі елордамыз жаңғырған жаңарған Қазақстанның символы. 

Бұл той бұрынғы тойдан өзгерек. Азды-көпті тарихында тұңғыш рет Астана күнін 1 миллион халық атап өтті, қонақтарды айтпағанда. Жергілікті ағайын барлығы. Бірер күн бұрын бас шаһарды мекен ететін тұрғынның саны миллионды еңсерді. Ақжолтай жаңалықпен президент алғаш болып бөлісті.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Дүниеге бір миллиондық Астананың азаматы дүниеге келді. Ол Мұхамедиаровтардың жанұясына келген кішкентай қыз біздің қаламызды дүниежүзінің миллион тұрғыны бар қалалардың қатарына қосты, құтты болсын бәрімізге.

Бұл – Саида. Президент сөз еткен Астананың милионыншы тұрғыны. Елдің өрісін, елорданың тынысын кеңейткен жан. Қарапайым отбасыдан шыққан. Әкесі – электромонтер, анасы – балабақшада тәрбиеші. Жас шаңыраққа Алланың берген ырыс-несібесі мол. Қала басшылығы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстапты. Ағайын-туыс асыр салып, той-тойға ұласып жатыр. 

Мұхамедияр Әлиасқар, Сәбидің атасы

-Көтеріңкі көңіл ғой! Бұл шөбере, немере емес. Төртінші шөберем менің. Сендерге де осындай немере-шөберенің қызығын көруге жазсын.

Мыңжылдықтар тоғысқанда пайда болған Астанада ұрпақтар да тоғысты, - дейді тарихшы Марат Әбсеметов. Бұл жастардың арман қуған мекені. Бас қалаға өткен мен бүгіннің бояюлары сіңген. Еңселі Есіл өлкесінің мыңжылдық тарихы бар. Бозоқтан бастап бүгінге шейінгі аралық төбе-төбе тарих. Профессордың пікірінше, сол руханият бүгінгі Астаның келбетімен астасып жатыр. Марат Әбсеметов елорданың ертеңіне де сеніммен қарайтынын жасырмады. Жігерлі жастары бар, кемел жоспары бар елорда. 

Марат Әбсеметов, Тарих ғылымдарының докторы, профессор

-Исатай мен Махамбеттердің, ұлы Жамбыл жырлаған, Абайлар, Қабанбай мен Бөгенбайлардың арманы орындалды деп ойлаймын. Сол арманын қазіргі ұрпақ жеткізіп отыр. Қазіргі саясат жеткізіп отыр. скл 18 жылдан кейін бұл үлкен мегаполис болады. Бұл қалада 3 млн халық тұрады. Үлкен инфрақұрылым, үлкен жол. Кешегі Париж, Афина қаласы бар, Нью-Йорк бар. Олардан біз кем болмаймыз. Әлі де кем емеспіз. Шабысымыз жақсы. 

Астанаға шабыс берген де, шабыт берген де жастар. Президент бұл шаһарды ұрпақ үшін салды. 25 жылда талай тарлан дүниеге келді. Алғыр, білімге құштар өрен. Патриоттық рухы да асқақ. Олар елордаға қарап бой түзейді.

Президенттің өзі баптап, өзі жігер берген жас толқын. Осы аптада әскери институттардың 12 түлегі Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан шен алды. Отан қорғауға құлшыныс танытқан жас сарбаздардың арасында бұрымдылар да бар.

Жоғарғы Жастар бас қолбасшы мырза, курсант Есенгелдина арнайы лейтинант шенін қабылдауға келіп тұр. 

Әскери шенді Елбасы қолынан алу үлкен мәртебе дейді жауынгерлер. Елдің аманатын алып, қолына ту ұстаған олар күш-жігерін Отанға қызмет етуге сарқымақ. Шен үшін емес, ел үшін! 

Нұрболат Мұқаш, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының түлегі

-ҚР Президенті, халқы бүгін осы туды көкке көтеріп, бізге тапсырып отыр. Солардың сенімін ақтап, Қазақстан халқына және Президентке адал қызмет етеміз.

Азамат Аман, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының түлегі

-Елбасымыздың жолдауы бар. Болашақ жастар қолында. Сондықтан, мына біз жастар сапалы білім алдық. Алда осы білімімізді, тәжірибемізді қолданамыз деп сенемін.

Астана 18 жылдың ішінде-ақ әлемдік тарихқа өшпез із қалдырған қала. Бұл аралықта жаһандық геосаясаттың ойыншысы атанды, дейді еліміздің тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов. Бүгінде мұнда әлемдік маңызды мәселелер шешіледі. 

Өтпеген саммит жоқ. 90-шы жылдары он ойланып, жүз толғанған сол кезеңнің атқамінерлеріне елорданың қазіргідей толағай табысқа жетері үш ұйықтаса түсіне кірмеген-ді. Бүгінде елорда мәдениет, білім, медицинамен қатар геосаясаттың ордасына айналды. 

Төлеутай Сүлейменов, 1991-1994 жылдардағы ҚР Сыртқы істер министрі

-Қала өсіп келе жатқанда саясатты жүргіздік. Мына жерде ОБСЕ үш жылдай дайындық болды. Күресіп, осы жерде сондай іс-шараны өткізейік деп, оны да өткіздік. Астана деклорациясы қабылданды. 36 елдің басшысы келді. Ол – бізге үлкен тарих, тарихи іс-шара. Қазір Токио болсын, Мәскеу болсын, Лондон, Париж болсын бәрі Астананы біліп, мойындап айтады. 

Табыстан табысқа қарай. Астана жас қосқан сайын беделі артып келеді. Алда бұдан да биік белестер тұр. Елбасымен бірге елордалықтар оған сенімді. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Қанат Әбілдин, Батырбек Ғаділбеков

2. Ел мен Елбасын әлем құттықтады

Бұл апта Ақордаға келген құттықтаулардың легі көп болды. Елбасының туған күніне орай Ресей президенті хат жолдады. Хатта «ЕАЭО көбіне-көп Сіздің жеке күш-жігеріңіз арқылы көпжақты ынтымақтастықтың әлемдік аренадағы елеулі беделге ие тиімді құрылымы ретінде бекіді» делінген.

Сондай-ақ Владимир Путин телефон арқылы да жылы лебізін білдірді.

Беларусь басшы Александр Лукашенко болса, «Сіздің бастамаларыңыздың арқасында Қазақстан интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелерінде де, әлемдік аренада да қуатты, серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде беделге ие болып отыр»  десе, Қырғыз республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев  «Қырғыз-қазақ өзара тиімді ынтымақтастығын барлық мәселелер бойынша одан әрі дамыту бауырлас елдердің өмірлік мүдделеріне сай деп есептеймін» деген пікір айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін Қырғызстанда жоғары бағалайтынын жеткізді. +

Бұдан бөлек, Украина,Тәжікстан,Әзірбайжан, Грузия секілді көптеген мемлектетердің басшыларынан құттықтаулар келіп түсті. +

Апта ішінде Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған да Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Ол Елбасын Ораза айт мерекесімен және Астана күнімен құттықтады.

Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүл де Елбасына қоңырау шалды. екеуара әңгіме кезінде Қазақстанның Бірікккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атануына байланысты лебізін білдірді. 

Қазақстанның тарихи жеңісіне орай Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов те жеделхат жолдаған. Онда «Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі кезінде Қазақстан БҰҰ институттары мен органдарын жетілдіру үшін, оның жалпыға ортақ тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін нығайту үшін барлық жағдайды жасайтынына нық сенімдімін» деп жазылған.

3. Отандық газды Қытайға экспорттау мәселелері

Отандық газды Қытайға экспорттау мәселелерін  Нұрсұлтан Назарбаев CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен Ақордада талқылады. Сондай-ақ, кездесу кезінде компанияның Қазақстандағы қазіргі қызметі мен Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының жай-жапсары айтылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-С 1997 года компания инвестировала в нашу экономику 10 миллиардов долларов, в нефтегазовую разведку, строительство газопроводов еще около 20 миллиардов долларов. Это очень большие инвестиции. Сейчас все нефтяные компании переживают трудности в связи со снижением мировых цен, поэтому настало время обсудить как раз вопросы, которые есть между нами. Я хотел бы узнать о восстановительных работах на месторождении Кашаган, возможности экспорта казахстанского газа в Китай.

4. Бразилия олимпиадасына санаулы күн қалды

Тура 25 күннен кейін әлем назары Бразилияға ауады. Жер бетіндегі жеті миллиард халықтың тең жартысы Рио-де-Жанейро олимпиадасын тамашалайды. Алты құрлық алыптары сынға түсетін кешенді сайысқа алаш жұртының ұл-қыздары да барады.....

Егемен қазақ елі бес жазғы олимпиада ойындарына қатысып, жүлде бөлісіне араласты. Алтыншы олимпиадаға белді буған біздің спортшылар жақсы дәстүрді жалғастырып, алтынсыз қайтпаймыз деп отыр. 

Жылдағы дағды бойынша боксшылар мен ауыр атлеттердің жолына үмітпен қараймыз. Әсіресе кем дегенде қос алтынға қол созсақ деген былғары қолғап шеберлерінің қимылын бақылаймыз. Бабы мен бағы келсе боз кілем жағалаған балуандарымыз бен дзюдошыларымыз медальдың бірнешеуін алуы әбден мүмкін. Ал кейде олимпиада медалі біз күтпеген жақтан келіп жатады. 

Мысалы, жеңіл атлетика мен велоспорт, нысана көздеуден де жүлденің шеті шығып қалуы ғажап емес. 

Қысқасы тамызда мұхит асқан саңлақтарымыздың жолын тосып, үйде тақым қысып жанкүйер боламыз.

Дәстүр бойынша Президент Риоға сапар шегетін спортшыларды қабылдап, сәт сапар тіледі. Ел сенімін арқалаған қыз-жігіттер де көк туды желбіретіп қайтуға уәде берді.   . 

Жарыста жанталасып, жеңісті қолдан бермейтін арыстарымыз міне осылар. Қарсыласын қағып, қанжығасын бос қалдырмайтын саңлақтар бұл күні ерекше қобалжыды. Әрқайсысы әкелік ақ бата алуға келген баладай толқып тұр. 

Бәсеке атауының биігі саналатын жазғы олимпиада ойындары 5-ші тамыз күні Бразилияда өтпек. Рио дүйім дүниенің дүлдүлдерін күтіп отыр.  

Ел құрамасы 26 спорт түрінен 100-ден аса жолдама алды. Осы уақытқа дейін Қазақстан ұлы додалардан құр алақан қайтқан емес. Мемлекет басшысы бұл жолы да дәстүрден жаңылмайтынымызға сенім білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз Олимпиадада 59 медальдің 17-сі алтын алқа болатын. Рио-де-Жанейрода игі үрдісіміз жалғасып, еліміздің мерейі аспандай түсетініне сенемін. Нағыз патриот қана елдің абыройы үшін тайталаста өз мүмкіншілігінің шегінен де шығып, жеңіске жететін болады. Сендер барша қазақстандықтардың ақ батасын алып, жауабты сапарға аттанайын деп отырсыңдар. Халық түгелдей теледидар алдында отырып, сендерге жанкүйер болайын деп отыр. Соны ұмытпаңыздар. 

Сайдың тасындай іріктелген оғландар аламан жарысқа аз дайындалған жоқ. Ол үшін жағдай да барынша жасалды. Жылда қос-қостап ашылған спорт кешендері саланы серпілтті. Ендеше ерең еңбектің жемісін көретін кез келді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Само по себе, что вы едете на этот грандиозный праздник спорта мирового масштаба для вас уже большая удача в жизни, правильно? Смотрите сколько желают спортсменов, хотят. Едут единицы. 10 тысяч для всего мира - мизерное количество и вы попали в эту большую элиту, золотую элиту. Это уже удача и я с этим тоже поздравляю вас. Спортсменов считают посланцами мира, они сближают людей. Спорт показывает, что мирным путем, соревнуясь через спорт тоже можно показывать возможности нашей страны. Ваши победы пойдут в копилку авторитета Казахстана, его возможностей. Потому что в неразвитых странах, с плохой экономикой со слабой культурой спорт не может развиваться. Поэтому я хотел, чтобы вы об этом помнили. 

Балуан қыз Екатерина Ларионова өзін 5 жасынан бастап жеңістің тұғырынан көруді армандаған. Күресті серік еткен ол алдағы тартысқа жарап тұр.

Екатерина Ларионова, Әйелдер күресінен ҚР құрамасының мүшесі 

Для меня это первый раз. Мен осындай дәрежедегі олимпиада ойындарына алғаш рет барғалы отырмын. Мемлекет берген мүмкіндіктің арқасында Риоға жолдама алдым. Спорт кешендеріміз ешкімнен кем емес, қайта кейбір елдердегіден қарағанда әлдеқайда заманауй. 

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қатысып отырған 12-ші Олимпиадасы. Өткен Лондон ойындары елімізді алтынмен аптады. Спортшыларымыз қоржынға 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлде салып, рекорттық көрсеткішке жетіп еді. Алдағы бәйгеде одан да асып түсу міндеті тұр. 

Мырзағали Айтжанов, Бокстан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері 

-Біз Лондон Олимпиадасында көрсеткен көрсеткішімізді бұл жолы жоғарылатуға бара жатырмыз. Бұл жол ең кемі 4 медаль. Былайша 5-6 медаль алуға мақсат. Біздің 10 жігіт медаль алуға лайық. Бірақ медаль саны аз. 250 боксы 10 алтынға, 10 күміске, 20 қолаға өнер көрсетеді. Сол себептен біз барынша күшімізді саламыз.

Ольга Рыпакова, Жеңіл атлетикадан Лондон Олимпиадасының чемпионы

-Әрине біз жарыстың оңай болмайтынын білеміз. Бірақ ол үшін талмай дайындалдық. Барлық күшімізді тек жеңіске салуға тырысамыз. Бүгінгі кездесуден мен үлкен жігер, қосымша күш алдым дей аламын. Елбасымыздың өзі бізге сенім артып отырғандықтан, оны орындау міндетіміз. 

Абылайхан Жүсіпов, Жасөспірімдер арасындағы бокстан олимпиада ойындарының чемпионы 

-Бүгін кездесіп, бізге сәттілік тілегені үшін қолымыздан келгенін барлығын жасауға тырысамыз. Қолымыздан келгеннің жасауға тырысамыз. Әрине, үлкен жауапкершілік. Дегенмен дайын болсаң, бабыңда болсаң барлығы жақсы болады. 

Сонымен Рио-де-Жанейрода өтетін 31-ші жазғы Олимпиада ойындарына 206 мемлекет қатысады. Жүлдеге 301 медаль жиынтығы таласқа түседі. Барлығы 10899 спортшы қатысады деп күтілуде. 

Кездесу барысында Президент допинг мәселесіне қатысты да пікірін білдірді. Жүрегінде түгі бар қырандарымыз ол үшін еңсесін түсірмеуі керектігін қадап айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Проходит все это в непростой обстановке. Мы все это знаем. Обстановка в мире. И в самой Бразилиий обстановка такая всякими антидопинговыми мероприятиями. Все мы это знаем. Не понятными для многих. Насколько они справедливые не справедливые. Но все это вас не должно касатся. Ваша задача боротся. Побеждать. 

Жарыстардың төресі жазғы Олимпиадада көк туымызды Руслан Жапаров көтеріп шығатын болды. Таэквандода талайды тайқытқан нар тұлғаға байрақты Мемлекет басшысы өзі аманат етіп тапсырды. 

Руслан Жапаров, таэквандодан ұлттық құраманың мүшесі

-Аса құрметті Елбасы! Сіздің қолыңыздан алған байрағымызды тек биікте желбіретуге бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміздің әнұранын асқақтатып қайтуға серт береміз. Сеніміңізге рахмет! 

Данияр Елеусінов, токстан әлем чемпионы

-Аса мәртебелі Елбасы. Сіздің сөзіңіз бізге қуат берді. Біз оны алтынмен өтеуге тырысамыз. Біздің боксшылар олимпиададан жүлдесіз оралған емес. Еліміз жазғы олимпиадаларда жеңіп алған 52 медальдің 17 былғары қолғап шеберлерінің үлесінде. Және оның алтауы алтын Ең көп салған боксшылар. Біз мәңгілік еліміздің көк туын биік ұстаймыз.

Раушан Қойшыбаева, Пауэрлифтингтен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

-Елімізде мүмкіндігі шектеулі адамдарға бүкіл жағдай жасалған. Мүгедектерге арналған 12 клуб жұмыс істейді. 25 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар спортпен жүйелі  шұғылданады. Осының нәтижесінде параолипиада дамып келеді.

Барша қазақстандық тақымын қысып, спортшылардың тілеуін  тілемек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің де көгілдір экран арқылы жанкүйер болатынын ескертті.

Эльвира Тағайқызы, тілші

-17 млн. халықтың үмітін арқалап бара жатқан спортшыларымыз тайталасқа дайын екендерін айтты. Осы уақытқа дейін еліміз 5 жазғы, 6 қысқы Олимпиада ойындарында бақтарын сынап, әрқайсысынан алтынмен оралды. Бұл жолы да батырларымыз ел сенімін елеп, қоржынға алтынмен бірге абырой саламыз деп уәде берді.

Эльвира Тағайқызы, Ержан Қанапияұлы, Жандос Айтбайұлы, Қанат Базылхан

5. Астана күні кең ауқымда атап өтілд

Астанаға қандай теңеу айтасаң да жарасады. Қазір қазақтың кіндік қаласы сәулеті мен сән салтанаты келіскен шаһар ғана емес, экономикалық тұрғыдан қуаты орасан мегаполиске айналып келе жатыр. Сөзіме дәлел, Астана астана болғалы бері тартылған инвестиция көлемі 6 триллион теңгені еңсерді, салыстырсақ, бұл ел экономикасына тәуелсіздік жылдары сырттан келген қаржының шамамен он пайызына тең.

Әрине, қаланың құрылысына мемлекет те қомақты ақша салды. Бірақ қазіргі деректерге сүйенсек, шығын әлдеқашан өтелген. Инвестиция әсіресе өндірістік саланың қарқын алуына ықпал етті.

Әлем халқына Астана көбіне көп саяси, экономикалық, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын алаң ретінде жақсы таныс, енді көп ұзамай Елорда басқа қырынан сыналады. Халықаралық қаржы орталығы құрылған жағдайда, алдағы он жылдың ішінде Қазақстан экономикасына қосымша 40 миллиард долларға жуық инвестиция құйылады. Қаржылық хаб ретінде қарастырсақ та, көліктік, логистикалық тұрғыдан алсақ та, Астана тиімді орналасқан. Әрі мүмкіндіктер мекеніне айналып отыр.

Кәмелет жасқа толған қала биыл да мерейтойын дүркіретіп өткізді. Он сегіз жылдың ішінде түбі бір түркі жұртының төрі болған, қос құрлықтың денекеріне айналған шаһардағы шаттықтан жастықтың нағыз қуаты сезілгендей. 

Биылғы той бұрынғы тойдан өзгеше өтті. Мерекеге Қазақстанның барлық өңірінен арнайы келген қонақ  көп болды. Қаланың әр бұрышында қызу жүріп жатқан сан алуан фестивалдің бәрін көруге тіпті уақыт жетпеді. 

Сонымен біз барып үлгерген шараларға тоқталсақ.

Астананың «Жерұйық» саябағында «Қымызмұрындық» халықаралық фольклорлық-этнографиялық фестивалі болды. Бұл шараға Қырғызстан, Калмыкия, Буратия, Саха елінен, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Шымкенттен арнайы ұжымдар келген күбі толы қымыздарын арқалап.

Яна Игнатьева, фестивальге қатысушы /Саха/

-Астана күніне орай біз Саха жерінен келдік. Өзіміздің емге дәру қасиетті қымызымызды әкелдік. Біз бие сүтіне бидай мен шөптің тамырын қосамыз. 

Ұлттық сусынды насихаттауды мақсат еткен бұл шарада ақ шаңқан 10 киіз үй тігілді, онда жайылған дастархан құрт-ірімшік, жент сияқты қазақы тағаммен толтырылды, 15 түрлі 500 литр қымыз ішіліп, 200 келі бауырсақ желінді. Алтыбақан тепкен жастар фестивалдің  көркін кіргізді. 

«Жерұйық» саябағынан қымыз ішіп, жадырап алған соң, «Хан шатыр» маңындағы «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» этноауылына бас сұқтық. Бұл жер баяғы көшпенділер мекенін еске түсіреді... Сол замандағы базар, қыш ыдыс, жібек мата сатқан саудагер де осында. Темір түйіп, ағаш ойған шеберді де табасың. Ертеректегі алып ата-бабаларының жұрнағын көріп, олардың қолдарындағы 9 келілік айбалта-шоқпарды сипап, таң-тамаша болған, қызығып суретке түскен ағайынды да көрдік.

Блиц

-Бойым екі метр он сантиметр. Өзім семей жақтың қазағымын. Жігіттер дің бәрі өзінің бойы. Көбі сенбей аяғымыздан теуіп, аяқтарыңызға таяқ киіп алдыңыздар ма, каблук киіп алдыңыздар ма деп жатыр. Олай емес, өзіміздің бойымыз.

-Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, ашық аспан тілеймін, қайда жүрсек те күлік жүрейік. Қайда жүрсек те бар болайық. Нар болайық.

Қазақтың саятшылық өнерін насихаттап жүрген Мақпал Әбдіразақова да Ақжелке атты бүркітімен Қарағандыдан арнайы келіпті Астана тойына. Мақпал қыздың бүркітіне қызығып, 500 теңге төлеп суретке түсушілер қарасы да көп.

Мақпал Әбдіразақова, саятшы

-Көбінесе кішірек балалар бүркітке қызығып, үйренуге бола ма деп сұрап жатыр. Шетелден келген қонақтар құсбегілік өнеріне таңданып айтып жатыр.

Әйгілі «Номад» каскадерлер тобы жиналған жұртқа ұлттық ойындарды көрсетті. Ат үстінде түрлі тәсіл көрсеткен жігіттерге риза боп, «бәрекелді» деп жатты халық. 

Блиц

-Кейбір адамдар бар, біз үш уақыт көрсетеміз, күнде кеп көреді бізді.

Өте тамаша. Халық ұлттық ойындарды өте жақсы көреді екен. Соған бізде риза болдық. 

-Қазақынамай барлығысы жақсы өтіп жатыр. Бәрі құтты қайырлы болсын.

-Мереке күшті өтіп жатыр, ауа райы да әдемі болып тұр. Атырау облысынан келдік. Астананы көрмеп едік, көрдік, айтуға тұрарлық екен. «Астана жүрегім» дейді. Жүрегім десе жүрегім екен.

Мақпал Мадиярова, тілші

-Бұл баланың ойыны сияқты көрінуі мүмкін. Алайда осы батпырауық ұшырудан әлемдік деңгейдегі фестивальдер өтеді екен. Астана қонақтары мен тұрғындары ең көп жиналған шаралардың бірі де дәл осы «Астана аспаны» фестивалі болды. Мұнда үлкен-кіші, кәрі жас демей батпырауық ұшырды.

Бұл халықаралық шараға дүниенің 60 елінен, мәселен, Ұлыбритания, Нидерланд, Бразилия, Ресей, Испаниядан қатысушылар келген. Олардың түрлі бейнедегі алып батпырауықтарының құны 600-2500 долларды, ал салмағы 260-400 келіні құрайды. Батпырауықтарды аспанда билете білу, бірнешеуін қатар ұстап ойнату кәдімгі кәсібилік пен шеберлікті қажет етеді дейді қатысушылар. 

Марк Пикур, фестивальге қатысушы /Германия/

-Жел мен ойлағандай қатты емес екен. Бірақ жылдамдығы тез өзгереді. 5 минут бұрын ғана баяу еді, қазір жақсарды. Менің батпырауығым аспанда қалқып жүр.

Мақпал Мадиярова, тілші

-Біз 2001 жылы Елбасының өз бастамасымен ашылған Астанадағы алғашқы «Қазақстан» спорт кешенінде тұрмыз. Бұл жерде Астана күніне орай, ресейлік атақты фигурист, Әлемнің үш дүркін, Еуропаның 7 дүркін, Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Евгений Плющенконың «Қарлы патша» шоуы өтіп жатыр. Жиналған халықта шек жоқ. Эмоция, Көңіл күй керемет.

Евгений Плющенко «Қарлы патша» ертегісін жарты жыл дайындапты. Мақсаты – балаларға да, үлкендерге де арналған әдемі отбасылық қойылым шығару. Жаһандық жұлдыз қазақстандықтарды, Елбасын айтулы мерекемен құттықтады. Шоуға балақайлардың көп келгеніне мәз болдым дейді. 

Евгений Плющенко, Мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы

-Біз төрт концерт қойдық. Инстаграмдағы парақшамда өте жақсы пікірлер, алғыстар жазып жатыр қазақстандықтар. Мен Сіздерге  ризамын. Басымды иемін. Сіздердің мерекелеріңіздің бір бөлшегі бола алғанымызға қуаныштымын. Көрермендердің қошаметіне алғыс айтқым келеді.

Сондай-ақ Астанада аспазшылар сайысы өтті. 8 мейрамхананың бас аспазшысы балық, тауық, қой етінен жаңа рецепт, жаңа тәсілмен, мерекелік ерекше тағам әзірледі. Бас жүлдені Абос Балтабаев пен Данияр Ташматов жасаған пеште қақталған қой еті жеңіп алды. Бұл  сүйексіз қой етін 24 сағат даярлаған. Тапсырыс берсеңіз, бағасы – 70 мың теңге. 

Абос Балтабаев, аспаз

-Басты слоеный тестаға орап пісірдік. Бас қазақтарда сыйлы ғой. Астана туған күнімен құттықтаймыз бәрін.

Айтпақшы, балаларға арналған ойын-сауық кешені Астананың 18 жасына арнап, 300 келілік торт пісіріп, балақайларға таратты. Алып тортқа 100 жұмыртқа жұмсалған. 15 адам даярлап, әрлегенген. 

Тойға келген ағайынға керемет көңіл күй сыйлаған – көше билері фестивалі болды. Шараға 700 биші қатысты. 20 номинация бойынша бақ сынасты. «Фестиваль мақсаты – қазақстандық бишілердің деңгейін көтеру», – дейді ұйымдастырушылар.

Өнерді түсінетін, өнерді бағалайтын ағайынға арт фестивалі қазақстандық суретшілер, сәулетшілер мен дизайнерлердің 50 шақты еңбегін ұсынды. «Адам энергиясы» тақырыбымен өткен шараға заманауи өнер, сәулет, дизайн және театр бағытында инсталяциялар қойылды. Көптің назарын аударған бір дүние ол ежелгі-сақ, ғұн, алтын орда дәуіріндегі жауынгерлер мүсіні. Олар кенеттен қимылдайды. Кенеттен қылыш сілтейді. Өте ғажап идея.

Диана Қасымова, қала тұрғыны

-Мен негізі өнерді өте қатты бағалаймын. Әсіресе мүсіндік композияларды ұнатамын. Көз қуантатын мұндай сәулеттік туындыларды жасайтын өнер адамдары көп болғаны қуантады. 

Астананың мерейлі тойында сондай-ақ, түркі тілдес халықтардың ән жарысы өтті. Турецкий хоры, күллі халықпен қосылып, думандатты.

Астана күні – күллі қазақстандықтарды біріктіретін, ауылдағы ағайынды қаладағы туыспен қауыштыратын ынтымақтың, бауырмалдықтың, берекенің, өткенді жаңғыртып, жаңаны жариялайтын мазмұнды мереке. Той соңы әдемі от шашумен тәмамдалды.

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Бекболат Базаров

6. Елорданың туған күнін аймақтар да тойлады

Астана тарихы тереңге тартады. Ежелгі деректерге сүйенсек, Нұра мен Есілдің арасында ғұндар қала салған. Ғұндардың тілінде «ақ» деген – батыс, «мола» деген – қамал ұғымын білдірген, демек Ақмола атауының түп төркіні «Батыстағы қамал» деген түсінікпен ұштасады. Он екінші ғасырда өңірді Дешті Қыпшақ жайлады. Бозоқ пен Бытығай соның айғағы. Поляк ғалымы Янушкевич  «Ақмоланың түбі Астана салатын жер екен» деген пайымы да тарих беттеріне жазылған. Осылай тарқатсақ, елорда шежіресі дәуірлерден сыр шертетінін аңғарамыз.

Астананы Алатаудан Арқаға ауыстыру оңай болған жоқ. Бірақ бір нәрсе анық. Сарыарқаның сауыры әдейі таңдап алынды.

Себебі бұл өңірдің жер бедері, сейсмикалық жағдайы, экологиясы, көлік байланысы, құрылысқа қолайлылығы. Осы сынды талаптар бойынша іріктеу кезінде Ақмола алға шықты. Қалай дегенмен де, қазір елорда – ұлттық өрлеудің бастауы. Өзге өңірлер бой түзейтін қала. Мерекені аймақтар ерекше ықласпен атап өтті. Елорданың туған күнінде 940 ақтөбелік отбасы баспаналы болды. Оларға «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасымен жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Сондай-ақ кезекте тұрған 500 тұрғын жер телімін алды. Мереке күні осындай сыйға ие болған ақтөбеліктер «әр күніміз жақсылықпен басталсын» деген тілек білдірді.

Гүлфиза Әбдіжәлелова, қала тұрғыны

-Өте үлкен қуаныш. Қызым үй алып жатыр. 11 жыл кезекте тұрды. Қуанышымызда шек жоқ. Халқымыз аман болсын, көргеніміз той болсын осындай.

Алматының Алатау ауданында да 6-шы шілде күні мұз айдыны пайдалануға берілді. Осыдан 8 жыл бұрын қаланың бұл аймағында тек жер үйлер болса, бүгінде мәдени-спорттық орталыққа айналды. Осы уақыт аралағында өркендеген өлкені, көп жұрт бас қаламен салыстырады. Өйткені Астана да көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр.

Назым Қызайбай, бокстан әлем чемпионы

-Алатау ауданына үлкен рахмет жастардың осындай спортпен айналысуына, жаттығуына жағдай жасап жатқанына үлкен алғыс.

Атыраулықтар да бұл күнді ерекше салтанатпен қарсы алды. Облыс басшысы дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның, жаңа ғимаратын пайдалануға берді. Шалғай ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін арнайы 120 орындық жатақхананың аяқталғанын да қуанышпен хабарлады. Қала тұрғындары әлеуметтік нысандардың ашылғанына дән риза. Біріншіден, енді балалар жаңа үлгідегі ғимартта білім алса, екіншіден 70 адамға жұмыс табылды. 

Бекзат Тәжібаева, Дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия түлегі

-Осындай зәулім ғимарат салып беріп отырған біздің Елбасымызға және оған көмектесіп жатқан барша азаматтар мен азамтшаларға рахметімізді айтамыз. 

Жетісу жұрты да бұл күнде тасада қалмай, мейрамды тайлы-тұяғымен тойлады. Салтанатты шара күрделі жөндеуден өткен «Жастар» саябағында өтті. Жергілікті әншілер мен өнер ұжымдары еңселі елорданы әнге қосып, бимен шашу шашты. Ал әуесқой спортшылар өзара сайысқа түсіп, жарыс көрігін қыздырды. 

Төлеужан Нүсіпжанұлы, қала тұрғыны

-Мақтанышты, сезімді, батырлықты, ұлылықты паш ететін әндер шырқалып жатыр. Яғни ол біздің мемлекетіміздегі тұрғылықты халықтардың үні әнімен жетіп жатыр деген ойдамыз.

Мерекені әнмен бастаған өңірдің бірі – Қостанай. Бұл күнде егінді өңірдің өнер жұлдыздары патриоттық әндер шырқап, көрермендердің рухын көтерді. Мейрамға арналған мәдени шаралар қаланың шағын аудандарында жалғасын тауып, кешкісін галаконцертке ұласты. «Арқа төсінен абат қаланың бой көтеруі – ең алдымен егемендіктің жемісі», – дейді қостанайлықтар.

Майра Қаржауова, қала тұрғыны

-Бұл үлкен мереке біз үшін. Өйткені еліміздің гүлденіп, көгеріп жатқаны Тәуелсіздіктің арқасында, халқымыздың амандығының арқасында. Жылдан жылға жетістікке жетіп жатқанымызға қуанамыз.  

«Астана – Еуразия жүрегі». Еліміздің шығысы елорда күнін осындай фестиваль шеңберінде атап өтті. Бірнеше этнос өкілдерінің ұлттық қонысы  орналасқан  ерекше кешеннің іші ән мен жырға бөленіп, түрлі  спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Астанамен құрдас жігіттер мен қыздарға кәмелетке толуына орай төлқұжат берілді. Мерейлі мереке әсіресе жас мамандар үшін ерекше есте қалды. Жоғарғы оқу орнын  үздік тәмамдаған 20 түлекке еңбек жолдамасы ретінде «қызыл дипломы» салтанатты түрде табысталды.

Міне, еліміздің әр өңірі бас қаланың туған күнін осылай салтанатпен тойлады. Олар бұл күн жылдан-жылға жалпыхалықтық сипатқа ие болып келе жатқанын жасарымады. Демек алдағы жылда да халық бұл мейрамды асыға күтеді. Өйткені мереке  жақсылықтың, қуаныштың бастауы. 

Авторлары: Бақтияр Хамит, Сәкен Сейітханұлы

7. Бас қалада осы уақытқа дейін 10 миллион шаршы метр баспана салынған

Өткен жылы Астана алғаш рет ел бюджетінің донорына айналды. Осылайша Атырау мен Алматының қатарына қосылды. 18 жылда елорданың өнеркәсібі 23 есеге өсіпті. 

Ал былтыр экономикалық өрлеудің  40 пайызын қамтамасыз етті.

Бүгінгі күні 300 мыңға жуық астаналық кәсіпкер, демек тұрғындардың үштен бір бөлігі бизнеспен айналысады. 

Айта кету керек, салық түсімдері көбіне көп осы кәсіпорындарға тиесілі. 

Бұл – қаладағы индустриялық аймақ. Мұнда қазір 33 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, тағы 15 зауыттың құрылысы қарқын алған. 16 өндіріс орнын салу және жоспарланған. Бұл жердегі түрлі зауыттар тынымсыз жұмыс істейді. Солардың бірі –Тұлпар-Тальго. 

Былтырдан бастап мекеме мамандары жаңа вагондарды құрастыруды қолға алды. 2020 жылға дейін қауіпсіз әрі ыңғайлы 600 вагон қолданысқа рет-ретімен беріледі. 

Қанат Исабеков, қалалық инвестиция және даму басқармасы басшысының орынбасары 

-Тұлпар-Тальго өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Қазір өнімдері Қазақстанда және шет ел мемлекеттеріне экспортқа кетіп жатыр. Жұмыс орындарына келетін болсақ 235 жұмыс орны құрылды. Және де 7 миллиард салық төледі, ашылғалы бері. 

Ал мына  кірпіш шығаратын зауыт осыдан үш жыл бұрын салынған. Сол уақытта кәсіпорын басшысы жұмыстың жүйелі жүретінін біліп, «Даму» қорының көмегіне жүгінген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясынында пайыздық үстемесі төмен несие алды. Айналасы екі жылдың ішінде жоспарлары жүзеге асты. Бүгінде сұраныстың көптігінен, өндіріс екі еселік қуатқа көшкен. Нақытырақ айтсақ, осыдан бір жыл бұрын айына 5 мың текше мерт кірпіш шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 8 мың текше метрге жетіп жығылады.

Ербол Пайзханов, өндіріс жетекшісі

-Қазірге уақытта зауытымызда 50-ге жуық адам жұмыс жасап жатыр. Астанада құрылыс қарқынды жүріп жатқанына байланысты, сұраныс көбейуіне байланысты бізде адам санын көбейтіп, өндірісті одан әрі дамытып, газаблокты одан да көбірік шығарсақ па деген жоспарымыз бар. 

Расымен бас қалада осы уақытқа дейін 10 миллион шаршы метр баспана салынды. Биліктегілер биыл тағы 2 миллион шаршы метр үйді пайдалануға береміз деп отыр. Бұлай жұмыстың қарқын алуы заңдылық шығар, өйткені елодадағы халық саны күн сайын артып келеді. Олардың арасында үй аламыз деп жүргендері қаншама. Демек келешекте де құрылыс күшейе берері сөзсіз. 

Серік Рүстембеков, Астана қаласы сәулетшілер одағының төрағасы

-Жалпы көлемі көп, құрылыстың көлемі. Өйткені мен өзім жобалаушы болғандықтан жобалаудың көлемімен салыстырып отырмын. Шынында да қазір жай қаланың ішінде жүрсеңіз, кеше ғана болмаған ғимарат, бүгін көтерілген сияқты. 

Құрылыс саласының дамуына инвесторлар мен қатар шағын және орта бизнестің өкілдері де үлес қосып жатыр. Түрлі құрал-жабдықтарды шығаруды олар өз міндеттеріне алған. Сол себепті бұрынғыдай шет елден қажетті заттарды тасу бірте-бірте азайып келеді. Мәселен 2010-шы жылдан бастап Астана қаласы бойынша 500-ге жуық зауыт пен түрлі цехтар ашылған. Мемлекеттің қолдауына ие болған өндіріс орындары 19 пайызбен несие алса, оның 7 пайызын мемлекет өтеп беріп отыр. 

Дана Тәуіпбаева, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана қаласы филиалының менеджері

-496 жоба бүгінгі таңда жұмыс жасап тұр. Өз жұмыстарын ары қарай жүргізіп, және де жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр. 

Ал кейбір сарапшылар бас қалада әлі де болса қызмет көрсету қызметін жетілдіру керек деп санайды. Өйткені қала тұрғындары тұтынатын тауарлардың 80 пайызы жақын ауылдармен өзге облыстардан әкелінеді. 

Азаматхан Әміртай, Инвесторлар альянсы қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi

-Арзан төменгі бағадағы сапалы киімдер дүкендері, үшінші арнайы тамақпен қамтамасыз ететін ресторан сондай орындар Астанада бүгінгі күні жетіспейді. Осымен кәсіпкерлікті дамытуға болады. 

Әрине, маманның айтып тұрған сөзінің жаны бар. Мәселен қазіргі уақытта еліміз бойынша 1,2 миллион адам кәсіппен айналысады. Олар салық төлеп, көптеген адамдары жұмыспен қамтып жалпы ішкі өнімнің 15,6 пайыз үлесін қамтып отыр. Дегенмен бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы көбейуі мүмкін. Өйткені отандық тауарларды шығару қарқын алған. Сондай қазақстандық өнімді сататын сауда орны Астанада қала күніне орай алғаш ашылды. Мұндағы киім-кешек, жиһаз, тамақ өнімдері барлығының бағасы арзан. Өндірушілермен тікелей келісімге келген сауда орнының басшысы делдалсыз жұмыс істейді. 

Қайырлы Тәукен, «Қазақстан сауда кәсіпорындары» қауымдастығының вице-президенті

-Біріншіден адамдарға қолжетімді тауар ұсынылады, бұл жанама көмек. Екіншіден осы жердегі халық маркасы осы тауарларды сатумен айналысады, яғни ол өзі салық субьектісі ретінде салығын төлейді. Тауардың өтуіне байланысты осы жерде тауар өндірушілердің тауар өндіру көлемі артады. Ол деген біздің жалпы тауар өндірушілерге қолдау. 

Міне бас қаланың дамуы осылай күнге-күнге өсіп келеді. 18 жылда Астанаға тартылған инвестиция көлемі 6 триллион теңгеден асқан, оның 2 триллионы мемлекеттік бюджеттен бөлінді. Осы қаржының көмегімен бой көтерген өндіріс орындары қазынаға 4 триллион теңге салық түсірген. Онымен бірге былтыр Астана бірінші рет бюджеттің донары болып, 900 миллиард теңге ақша аударған.  

Рахман Алшанов, Экономика ғылымдарының докторы 

-Астана тек қана өзі үшін емес , бүгінгі таңда былтырдан бастап донор болды. Донор дегеніміз қазір трилион теңгеден асады деп отыр табысы. Ол енді шынымен жұмсаған қаржылардың барлығы қайтып келе жатыр. Осы үлкен жұмыстың барлығы Қазақстанның беделіне жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның нығаюына, беледін жұмыс істеп жатыр.

Расымен Астана бой түзеген кезде индустриялық аймақты салу үшін Үкімет қаржы бөлген. Сол зауыт, фабрикалардан осы уақытқа дейін салыққа 45 миллиард теңге түскенін ескерсек, салған қаржы, өтелді деп айтуға болады.  

Сәкен Сейітханұлы, тілші

-Елордада өткен жылы 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш еселене түседі. Өйткені жуық арада мына экономикалық аймақ 95 пайыз жұмыс күшіне енеді. Демек келешекте қызығушылық білдірген инвесторға бұл жерден орын тимеуі мүмкін. Осыны ескерген қалалық билік алдағы 5 жылда тағы индустриялық аймақ құруды көздеп отыр. Жоспар бойынша онда 100 кәсіпорын бой көтеріп, 5 триллион теңгеге дейін инвестиция тартылады. Сәкесінше экономика өсімінің 40 пайызын қамтып отырған Астана экономиканың қарқынын тағы арттырады. Нәтижесі халықтың әлеуетін нығайуына әкеледі, яғни сіз бен біздің жағдайымыздың жақсаруына сеп болады.  

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Абылайхан Сейілбек 

8. Дағдарыс кезеңіндегі даму

Дағдарыс кезеңіндегі даму. Елімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алады. 15 жылда 1,5  миллион пәтер салынбақ. Бұл – Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған ауқымды жоспар.

Несиеге берілетін баспаналарды сатып алу үшін бірыңғай оператор ретінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және «Қазақстан ипотекалық компаниясының» еншілес ұйымдарымен «Бәйтерек» холдингін белгілеу ұсынылды. Биыл ақпан айында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сату  жұмыстары басталып кетті. 

Бұл мақсатқа 2016 жылға 53 миллиард теңге бөлінген. Ал екі жылдан кейін кредиттік тұрғын ұй құрылысын дамыту жоспарда. Оған «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорынан 97 млрд теңге бөлу көзделген. 

Атқарушы билік сондай-ақ Индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытын жетілдіруді қолға алды. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің тиімді жолдарын ұсынды. Үкімет қандай жаңашылдықтарды енгізбек? Бағдат Бектұрғанқызының  шолуы.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бірнеше қордың ақшасын жұмсау көзделіп отыр. Ұлттық экономика министрлігі ұсынған бұл тәсіл бұған дейін де қолданылған. Кәсіпкерлікті қолдау шараларына.

Мәселен, Ұлттық қордың және «Бәйтерек» холдингінің өз ақшасы мен  өзге де қаржы құрылымдарының есебінен бірлесіп қорландыру енгізілген. 2016 жылы 220 млрд теңгеден астам сома бірнеше жобаны жүзеге асыруға бөлінген. 

Ал 187 миллиард теңге экспорттаушыларды қолдау мақсатына жұмсалды.  

Ғалия Жолдыбаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігі департамент директоры 

-Биыл дағдарысқа қарсы қосымша шаралар енгізілді.  ШОБ-тың айналым капиталына және қарыздарды қайта қаржыландыруын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен қаржыландыру көзделген. 1-ші маусымдағы көрсеткіш бойынша 1 мың 353 бизнес жобасына 260 млрд теңгеден астам ақша жұмсалды.

Бұл 260 млрд теңгенің қайтарымы ел экономикасының табысын еселей түседі. Бағамдап көрсек, 761 млрд теңгенің өнімін шығаруға, 16 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға сеп болады.

Ал бюджетке 67 млрд теңгеге жуық қаржы түседі.  

Осы тұста тек «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының экономикаға пайдасына тоқтала кетейін.  

Орта есеппен мемлекет тарапынан жұмсалған 1 теңге бюджетке 1,5 теңге салық түрінде қайтарылуда.  

Бір ғана кәсіпкер 20 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Ал еңбек өнімділігі 9 млн теңгеге жеткен.    

Ұлттық экономика министрінің айтуынша шағын несиелендіру бағыттары көбіне бір-бірін қайталайды. Әрі ауыл мен қаладағы бизнестің қайсысын қаржыландыру тиімдірек екендігі дер кезінде айқындалып отырмайды. Сондықтан бірыңғай оператор қызметін енгізу керек. Ауылдағы бизнесті өркендету үшін шаруа қожалықтарын кооперативтерге шоғырландыру жоспарда.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін қалаларда шағын несие беру көлемін арттыру қажет. Жыл сайын  50 млрд теңгеге дейін көбейту мүмкіндігін қарастыруымыз керек. Оған қоса кепілдендіру мақсатында 8 млрд тг бөлуді ұсынамын. Бұл жас іскер азаматтардың 10 мыңнан астам жобасын қолдауға жол ашады.

Бизнес жобалардың көбі қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан орта жолда қалып қояды. Биліктегілер бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынып отыр. Біріншісі инфрақұрылымдық шығынды бизнес-жобаның ауқымында қарастыру. Немесе өңірлерде көптеп құрылып жатқан индустриялық аймақтарға шоғырлану.        

Ал кәсіп ашып, бизнесін өркендеткісі келетіндердің тұрғын үй құрылысына қарай бағыт алғаны дұрыс.   

Себебі Елбасы тапсырмасымен алдағы 15 жылда 1 жарым миллион пәтер салу жоспарда. Олар сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға жалға беріледі. Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесінің тетіктері арқылы үлестіріледі. Және бұл баспаналарды беруде   еңбек миграциясын қамту басты назарға алынады.

9. Ел тынысы

Теңіз кен орнында мұнай өндірісін арттыру жобасы 37 миллиард долларға бағаланды. Қаржыландыруға қатысты соңғы шешім осы аптада айтылды.

Жаңа технологияларды енгізіп, нысандарды толық жаңарту мердігер компаниялардың есебінен жүргізіледі. Кен орны іске қосылысымен, қара алтын өндірісін 12 млн тоннаға ұлғайтып,  жылдық көрсеткішті 39 млн тоннаға дейін жеткізуге болады.  

Кестеге сай, «Теңіз» 2022 жылы қолданысқа берілуі керек. Бұл ең алдымен еліміздің мұнай өндіру саласында 20 мың жаңа жұмыс орнын ашып, ішкі жалпы өнімге қосымша өсім әкелуге мүмкіндік береді.

Ал Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош иісті көмірсутектер өндіретін қондырғының алғашқы өнімі экспортқа шығарылды, 300 тонна бензол Ресейге жол тартты. 

Қарағандыда көмір байытатын жаңа зауыт ашылды. Оның құрылтайшылары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен бокстан әлем чемпионы Генадий Головкин. Осылайша былғары қолғап шебері жылдар бойы еңбегімен жиған қаржысын ел экономикасын нығайтуға жұмсап отыр. 

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында көгілдір отыны жоқ ең соңғы ауылға табиғи газ жеткізілді. Сөйтіп өңірдегі елді мекендері газбен, таза ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілген бірден бір ауданға айналды. 

Астана күні қарсаңында облыстарда осы сынды жақсы жаңалықтар көп болды. Депутаттар да жер-жерлерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады,  аймақтардың аяқалысымен танысты. 

Каникулға шыққан депутаттар аймақтарда қандай мәселелер барын тұрғындардан білу үшін ел аралауда. Мысалы, Талдықорғанда мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салына бастаған көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы тоқтаған. Ұлттық қордан 2,3 млрд теңге бөлінгенмен, қарқын жоқ. Бұл тиісті мекемелердің немқұрайлығынан. Құрылыстың кешеуілдеуі  іргелес үйлерге су тарту мен абаттандыру жұмыстарына да қолбайлау болған.

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Бұл мәселені біз шешуіміз керек. Бақылауға алуымыз керек. Қыркүйекте жұмысқа шыққаннан кейін мен міндетті түрде Бас прокуратураға мынау депутаттық сауалнама жіберемін. Бұның себебі неде, кім жауапты, неге біз осындай жағдайға біз жеттік дегендей.

Ал Көкшетауда пайдалануға берілсе де, жыры бітпеген үй бар. «Жансая» кешенінің тұрғындарын мазалайтын мәселелер: есік-терезелер нашар, қыста пәтер іші суық. Абаттандыру мен күл-қоқыс шығару да қиын. Депутат Михаил Чирков «мәселелі» бірнеше пәтердің тұрғынымен кездесті. Тиісті шаралар қолданылып, мәселе «Нұр Отанның» жергілікті филиалы өкілдерінің бақылауында болады» десе, үйді тұрғызған бас мердігер мәселелер 1 айда шешіледі», – деп уәде беріп отыр.

Жылжымайтын мүліктері табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендердің мәселесі де назарда. Өскеменде мәжілісмендер саяжайларын су басқан тұрғындармен кездесті. Екі апта бұрын Ертіс суы тасып, Аблакетка ықшамауданының 60-тан аса саяжай бақшасын су басты. Депутат Евгений Козлов тұрғындардың үйлерінде болып, мәселені ішінен көрді.

Әмірхан Ахметов, қала тұрғыны 

-Былайша айтқанда, өзіміздің қандай проблемаларымыз болса, соның бәрін шешуге көмек береді деп есептеймін. Мәжіліс депутаттары Парламенттен келіп, біздің үйімізге келіп, біздің жағдайымызды көріп, көңіл бөлгені дұрыс деп есептеймін.

Әлеуметтік мекемелер де халық үшін маңызды. Депутаттар Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы мен балабақша жұмысын көрді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 280 орындық бөбекжай ашылды.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Осыған дейін СҚО-да әсіресе Петропавл қаласында балабақша мәселесі өте күрделі жағдайда болатын. Соңғы екі жылда Елбасының тапсырмасына байланысты көптеген істер атқарылуда. Соның айғағы Еркем-ай балабақшасы екен. Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа салынып жатқан екі тұрғын үйдің құрылысын аралап көріп отырмыз. Барлығы графикке сәйкес жүргізілуде.

Атырау облысындағы кәсіпорындардың дені ауылшаруашылық өнімдерін шығарады. 4 жылда агроөнеркәсіп саласында 8,8 млрд. теңгенің 11 жобасы іске асты. Республика қазынасынан бөлінген 22 млрд теңгеге шаруашылықтардың технопаркі жаңарып, озық технология енгізілді.

Ерсұлтан Бектұрғанов, Қр Парламенті Мәжілісінің Депутаты

-Бұрын бұл өңір негізінен мұнай саласына көп көңіл бөлетін. Енді бүгін біз көріп отырмыз ауыл шаруашылығы өнімдерімен Атырау облысы толық қамтылған.

Ал Қостанай өңірі ет өнімдерін шығаруда алдына жан салмайды. Қостанай ауданындағы шұжық цехына барған Мәжіліс депутаттары осыған куә болды. Тәулігіне 4 тонна өнім беретін кәсіпорында 160 адам істейді. Шұжықтың жүз шақты түрін әзірлейтін өндіріс орнында ет ерекше тәсілмен өңделіп, дайындалады. Сондай-ақ депутаттар жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдап, мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер жайлы айтты.

Оңтүстік Қазақстанда индустриалды аймақтар көптеп құрылуда. 11 өндірістік аймақта инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мәжілісмендер Шымкенттегі индустриялық орталықтың бірінде өндірісті дамыту барысымен танысты. Мұнда жиһаз бен медициналық құрал-жабдық шығаратын кәсіпорындар салынбақ. Қазір екі өндіріс жұмысын бастады. Жалпы мұнда 18 млрд теңгенің 18 жобасы іске аспақ.

«Парламентте қаралып, қабылданған әр заңнан халық хабардар болуы тиіс. Ол үшін атқарушы билік пен салалық органдар үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Сонда тұрғындар мемлекеттік бағдарламаларды біліп отырады», – дейді Мәжіліс депутаттары. Олар Өскеменде сайлаушылармен кездесіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты түсіндірді.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Елмен ақылдасу, елмен ашық сөйлесу қандай проблемалар бар? Қандай проблемаларды шешу керек? Халықпен бірге көп жұмысты шешеміз. Сондықтан елмен сөйлескен соң көп  салмақты алып, Парламентке барғанда соны шешу керек.

Ауыл тұрғындары көтерген мәселелердің бір де бірі назардан тыс қалмауы керек. Олар қандай заңдар қабылданып, нендей маңызды мемлекеттік шешімдер жүзеге асырылып жатқанынан хабардар болып отыруы тиіс. Бұл тұрғындармен кездескен депутаттардың түйген ойлары.

Авторы: Ақбөпе Бәкір

10. Туризм – табыс кілті

Былтыр Қазақстанға келген туристердің саны 7 миллионнан асты. Биылғы жағдай да осы шамалас болуы ықтимал. Сапарларды ұйымдастырумен айналысатын агенттіктегілердің айтуынша, қазір біздің елдің азаматтары сыртқа шыққаннан гөрі өз Отанында демалғанды жөн санайды. Бұған басты себеп - шет мемлекеттердегі лаңкестік оқиғалар, теңге бағамын түзету секілді жайттар әсер еткен болуы керек деп топшылайды, қалай дегенмен де, бүгінгі күні ішкі нарыққа тың серпін берудің сәті туып тұр. Оның үстіне ендігі жылы «ЭКСПО» болады. Іргелі іс-шараның Астанада өтуі туризмді дамыту жоспарын жеделдете түспек. Яғни бүгінгі күні инфрақұрылымды жақсарту, қызмет сапасын арттыру, мамандарға тіл үйрету секілді көптеген іс қолға алынды. Демалыс маусымы басталғалы тұрған сәтте осы тақырыпты тағы бір қаузауды жөн көрдік.

Әлемде  33  мемлекеттің  негізгі  кіріс көзі – туризм. Тағы 83 елдің экономикасында туризм – табыстылығы жағынан екінші сала. 

Мәселен, 100 мың турист бір қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемі 350 мың доллар жұмсайды. «Ал елге келген бір турист 6 адамға дайын жұмыс орны», – дейді экономистер. 

Сарапшылар «ХХІ ғасыр – туристік индустрияның дәуірі» деген ұстанымда. Туризмді дамыту бізде де қолға алына бастады. Былтыр бір ғана Алматы облысында 26 туристік нысан ашылған, оның 10-ы Алакөл маңайынан бой көтерген.

Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы

-Осыдан 5 жыл бұрын біздің облыс аумағында 200-250 шамамен туристік нысан болса, қазір 600-ге жуық туристік нысан ашылды. Жыл сайын олардың саны көбейіп жатыр. Яғни қазіргі таңда кәсіпкерлер, жалпы бизнес саласы осы туристік саланың тиімділігін көріп, өз инвестицияларын салуда.

Көрікті мекенге турист тартуға басты қол байлау инфрақұрылым мәселесі еді. Бірақ біртіндеп жағдай оңалып келеді. Тағы Алматы облысын мысал етсек, аймақ бюджетінен қомақты қаражат бөлген соңғы үш жылда. 

Дәл осы су, жол, жарық желісін жақсартып, жұлдызы көп қонақүйлер салу үшін. Есесіне Алакөлге келетіндер саны 30 пайызға артқан.

Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы

-Алакөл жағалауына туристерді жеткізу мәселесі бірнеше тұрғыдан шешіліп жатыр. Ол, әрине, автомобиль жолымен жеткізу және де сонымен қатар теміржол бағыты бойынша туристік пойыз іске қосылады. Өткен жылғыдай осы жылы облыстық бюджет қаражатынан осы бағыт субсидияланады.

Бұдан 25 жыл бұрын мұның бәрі тек арман еді деп еске алады «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы туризм саласының төрайымы Роза Асанова. 

90 жылдары қазақстандықтар Бұхара, Хиуа, Самарқанд, Петербор, Ленинградқа қыдырып баратын-ды. 1999 жылы қонақ үйлерде туристер үшін 126 ғана орын болған.   

Роза Асанбаева, ҚР «Атамекен» ҰКП туризм саласы комитетінің төрайымы

-89-90 жылдар есімде. Ол кезде Қазақстандағы көрікті жерлерге жол да болмайтын. Ал қазір қалай өзгерді, тіпті отандық тур операторлар қазір бизнесін ішкі туризмге бұрып отыр.

Қазір Балқаш қаласының маңындағы жалпы ұзындығы 17 шақырымға созылған жағажай да туристерден босамайды. Тек былтырдың өзінде 14 мың шетелдік келіп кеткен екен. Суға шомылып, күнге қыздырынуға отандастарымыз да ағылады елдің әр түкпірінен. Солардың бірі – Наталья Астафьева. Балқашта бес жыл қатарынан демалуда. 

Наталья Астафьева, турист

-Әрине, көптеген шетелдерде бұл сала жақсы дамыған. Бірақ бізде де кем түспейді. Жыл сайын дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Көлдің суы керемет. Қонақ үй де жайлы, жанға қажеттінің барлығы бар. Төрт мезгіл беретін тағамдары да өте дәмді.

2014 жылы қазақстандықтар елдегі шипажайларға 4 млн жолдама сатып алған. Қазақстанға қазір шетелден де туристер көп келе бастады. Әсіресе, Ресей, Қытай, Ираннан қонақ болатындар басым. Өткен жылы Астананың өзіне ғана 100 мың шетелдік азамат ат басын бұрған.

Гаухар Жеңісбек, Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының президенті

-Ойламаған жерден былтыр біздің қала күніне айдаладан Чикагодан үш семья келді. Қарағандыдағы достарынан естіп көру үшін үш күнге келген. Туристерді келтіру үшін еліміз туралы информация көп болу керек. Информация жоқ интернетте біздің ел туралы. 

Ұлттық туризм индустриясын терең зерттеген Гаухар Жеңісбек: «Шетелдіктердің көңілі толмай қайтатын кездер көп болады», – дейді.

Гаухар Жеңісбек, Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының президенті

-Ең бірінші, ол жергілікті халықтың туристке деген көзқарасына көңілі толмай кетеді. Біз айтып жатамыз. Қазақ елі қонақжай деп айтамыз. Өзінің шақырған туристері болмаса, былай туристерге қонақжайлық көрсетпейді онша.

Елге ақшасын тастап кететін туристі жақсы көріп, қолдан келген сый-құрметті көрсетуіміз қажет дейді сарапшы. Естеріңізде болса, былтыр шетелге демалуға барған отандастарымыз елге қайта алмай әуежайда түнеп, берекелері қашып еді. Туристерді осындай күтпеген оқиғалардан тосу үшін мамандар жаңа шараны қолға алды. Яғни, туристік операторлар енді демалушыларға қаржылық кепілдік беруге міндеттеледі. Қазақстандықтар шетелге немесе ел ішіне саяхаттайтын болса, осындай әдіспен сақтандырылады.

Ирина Рей, ҚР туристік операторлар қауымтастығының директоры

-Бұл туристік компанияларлың жұмысына енетін жаңа құрал. Әрине, әлі шикілеу, бірақ біз осы мақсатты жүзеге асыру үшін тер төгіп жатырмыз. Турпоператорлар әрбір жолдаманың аз пайызын өз қызметтеріне аударады. Ол шамамен 1000 теңгені құрайды. Басты мақсат – қиын жағдайда тап болған отандасымызды ішер ас, жатын орынсыз қалдырмай, тезірек елге қайтару. Әріптестер бұл жаңалықпен келісіп отыр.

Айтпақшы, соңғы 8 жылда 200 шетел азаматы ісік ауруларына байланысты операцияны Астана қаласында жасатқан. Бұл медицина саласындағы туризмнің дамып келе жатқанын айқын аңғартады. Қырғызстаннан дертіне шипа іздеп келген кейуана Бузайнап Эргашеваның оқиғасы сөзімізге дәлел.  

Бузайнап Эргашева, емделуші /Қырғыз Республикасы/

-Бізде операция жасауға қажетті жағдай жасалмаған екен. Дәрігерлер мидағы ісікті тек Новосибирск, Мәскеу және Астанада емдеуге болатынын айтты. Ендігі бар үмітім Қазақстанда. Сіздерде медицина саласы жақсы дамып жатқанын білемін. Маған операцияны бүгін жасайды. Дертімнен айығып кетсем болды. 

Тек осы орталықтың өзінен медициналық туризм есебінен мемлекетке  67 миллион теңге табыс түскен. Айта кетерлігі, елімізге тек көрші елдерден емес, Америка, Австралиядан да келіп емделетіндер бар.

Серік Кәрібаев, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі

-Біздің аурухана соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтылған. Дәрігерлердің біліктілігі шетелдік пациенттердің бізге деген сенімін күшейтеді. Сондай-ақ баға мәселесі де – негізгі факторлардың бірі. Мысалы, Америкада жасалатын операцияны біз де жасаймыз. Сапа жағынан шетелдік әріптестерден кем түспейміз. 

Орталықтағы нейрохирургиялық операциялардың құны 500 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты – бір жарым миллион теңге. Бұл шетелдегі бағамен салыстырғанда анағұрлым арзан.

Мысалы, АҚШ елдерінде операциялар құны 200 миллион долларға дейін жетеді. Шетелдіктердің келіп-кетуін оңайлату үшін Сыртқы істер министрлігі Иран, Үндістан секілді елдердің туристеріне жеңілдетілген визалық режим енгізуді жоспарлап отыр.  Туристік бағыттың сан алуан болғаны маңызды. Біздің елде тауда шаңғы тебуге де, көрікті көл жағасында тынығып, тарихи орындармен танысуға да, денсаулығыңызды жақсартуға да мүмкіндік бар. Сондықтан да ішкі туризмді одан әрі жандандыру күн тәртінбіндегі өзекті мәселе. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Мақпал Мадиярова, Аманжол Байғазин