Хабар телеарнасы

Жеті күн 10.09.2016

Сюжеттер
1 Елбасының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды 2 Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті  3 Ел экономикасының өсімі 0,3 пайызға жетті
4 Сарапшы: «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге болады 5 Қытайда G20 саммиті өтті 6 G20 Саммитінде Мемлекет басшысы бірқатар тиімді ұсыныс білдірді
7 G20 Саммиті аясында Елбасы 17 мемлекеттің басшыларымен және 6 ұйымның төрағаларымен кездесті 8 Ел қауіпсіздігі басты назарда болады 9 Н.Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жолдады
10 Мәжілістегі маңызды жиындарды ғаламтордан тікелей тамашалауға мүмкіндік бар 11 Қазақстанда лаңкестікпен күрес күшейді 12 «Хабар» Агенттігі жаңару жолында 

1 Елбасының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды

Сонымен енді ел Үкіметін Бақытжан Сағынтаев басқарады. Ал Асқар Мамин Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарады. Қос Жарлыққа Президент кеше қол қойды. Әуелі Елбасы Конституцияға сәйкес Мәжіліс депутаттарының қарауына Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын ұсынды. Ұсыныс бірауыз қолдау тапты. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

-Құрметті депутаттар, біздің бүгінгі отырысымызға Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысып отыр. Құрметті депутаттар, Конституцияның 56 бабы, 1 тармағы, 2 тармақшасына сәйкес республика Президентіне республика Премьер-министрін тағайындауға келісім беру Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Сондықтан бүгінгі күні күн тәртібіне бір ғана мәселе енгізілген – ол Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республкасының Премьер-министрін тағайындауға келісім беру туралы. Қарсылық жоқ қой? Онда осы күн тәртібіне дауыс берулеріңізді сұраймын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Как вы знаете уважаемые депутаты вчера своим указом я назначил К. Масимова председателем КНБ. И согласно пункту Конституции, освобождение Премьер-министра любое,  отставка или освобождения влечет за собой прекращение полномочий всего Правительство, что и сделано. В этой связи стоит вопрос формирование нового Правительство и нового руководителя. Я принес что внести на ваше расмортрение Парламента кандидатуру Сагинтаева Б. А. Для дачи согласия Парламента на назначения на должность Премьер-министра. 

Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 

-Аса мәртебелі Елбасы, маған көрсеткен сеніміңіз үшін Сізге үлкен алғысымды білдіремін. Және Сіздің кандидатураңызды қолдап, дауыс берген депутаттарға да алғысымды айтқым келеді. Бұл мен үшін тек қана үлкен абырой ғана емес, бұл - Сіздің алдыңыздағы үлкен жауапкершілік. Еліміздің алдындағы үлкен жауапкершілік деп білемін. Сондықтан өзімнің бар күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді осы жұмыста аянбай еңбек етуге арнаймын деп Сізді сендіргім келеді. Сіз бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткіздіңіз, сол кеңесте Үкіметтің алдағы уақыттағы стратегиялық бағытын белгілеп бердіңіз. Ең маңыздысы Сіз халқыныңыздың ойында жүрген түйткілді мәселе «Нұрлы жер» бағдарламасын Үкіметке дайындауға тапсырма бердіңіз. Менің түсінігімде Сіздің «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламаңыз Мәңгілік еліміздің мызғымас фундаменті болып саналатынына күмәнім ешқандай жоқ. Сондықтан да, Үкімет Парламентпен үйлесімді жұмыс жасай отырып, Сіздің Үкімет алдына қойған барлық тапсырмаңызды орындайды деп сендіргім келеді. 

Қазіргі кезең күрделі. Мұнайды айтпағанның өзінде, басқа да шикізат түрлерінің бағасы бүгін-ертең көтеріле қоюы екі талай. Халықаралық валюта қоры да, Дүниежүзілік банк те жаһандық экономиканың өсімі 3 пайыз деңгейінде болады деп межелеп отыр. Бұл болжам бізге бұрыннан таныс. Сондықтан да болар, әлеуметтік-экономикалық ахуалды Нұрсұлтан Назарбаев бір сәтке де назарынан тыс қалдырған емес. Үкіметтің кеңейтілген отырысында осыны тағы бір қаперге салды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Осындай жағдайда біз қиыннан жол тауып экономикамызды алып шығуымыз керек. Халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге барлық жағдай жасауымыз керек. 

Үкіметті 2014 жылдың сәуірінен бастап басқарып келген Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Комитетті бұған дейін жетекшілік етіп келген Владимир Жұмақанов болса, Президенттің кеңесшісі қызметіне ауысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні Кәрім Мәсімовті ұжымға таныстырды.Ұжымға таныстырудың алдында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау жөніндегі Президент ұсынысын ашық дауысқа қатысқан Сенат депутаттары бірауыздан қолдады. Араға бір күн салып Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ауыс-түйістердің жай-жапсарын түсіндіріп берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Үкіметтегі өзгерістерді көріп отырсыздар, оның өзінің логикасы бар, біріншіден Қауіпсіздік мәселесі жағын күшейту нығайту, дәрежесін көтеру мәселесі бар, содан кейін Кәрім Мәсімовті өзінің келісімі бойынша сол үлкен қажетті жерге қазіргі уақытта өте қажетті болып отырғанын көріп отырсыздар, терроризм де бар, басқа жағы да бар, тәжірибесі бар, республиканың жағдайын біледі деп қойдым.

«Барлығымыз мықты жұмыс істеуіміз керек», - деді Президент. Әсіресе мерейлі меже Тәуелсіздіктің  25 жылдығына қадам басқалы тұрған тұста екпінді еңбек қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Той томалақ, жиналыс өткізу ол бір жағына, әрбір ауылда әрбір ауданда әрбір адам не істеліп жатқанын көзі көріп, қолымен ұстап білетін болсын халық. 

Жұртқа жұмыс беру, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында кооперациялар құру және тұрғын үй салу үшін ендігі қарекет қандай болмақ?

2 Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Апта соңы. Аптыққан атқамінерлер Үкіметтің кеңейтілген отырысына асық. Күрделі кезеңде өмір сүрудің қай жолы тиімді?! Оны Елбасы айқындап берді. Министр, әкімдерге алда істелетін жұмыстың жай-жапсарын нұсқады. Экономикалық өсім өз алдына, бастысы әлеуметтік сала таршылық көрмеуі тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ең бірінші маған жасайтын баяндама қанша жұмыс орны құрылды? Әр аудан менен ауылдардың арасында бұл жөнінен жарыс болу керек. Кім, қанша халыққа жұмыс берді? Біздің халыққа жасайтын ең жақсылығымыз сол. Басқасы өз қолымен жұмыс істеп, қаражатын тауып, бала-шағасын асырау керек жалпы айтқанда. Сондықтан барлығымыздың шаруамыз осы. 

Нарықтағы қиындықтарға қарамастан мемлекет әлеуметтік міндетемелерін мүлтіксіз орындай береді. Халықтың әл-ауқатын төмендетпеу - ортақ міндет. Сөзіме дәлел, биыл денсаулық сақтау саласына 1 трлн білім беруге 1,6 трлн теңге бөлінген. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Корректировка курса тенге, привела к увеличению инфляционных процессов. Поручаю принять необходимые меры для обеспечения стабильности цен, недопущения в этом году роста тарифов на услуги естественных монополий.  На уровне правительства распределить. Сбить цены, я же вам поручал строить специальные кооперативные магазины. 

Тағы бір міндет – әрбір қазақстандықты баспанамен қамту. Оның өзі қатаң сүзгіден өтеді. Қиын-қыстау кезеңде оңды-солды шашу жоқ. Пәтерлер төлеу қабілетіне ие адамдарға ғана берілмек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сразу хочу сказать, бесплатный сыр только в мышеловке. Люди должны понять, что бесплатных денег нет, бесплатных кредитов нет. Квартиру могут рассчитывать иметь те, кто работает, зарабатывает и каждый месяц могут платить процентные ставки банку. 

Баспана мәселесін шешу үшін Үкімет «Нұрлы жер» деп аталатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын әзірлейтін болады. Ол қолданыстағы барлық бағдарламаларды біріктіріп, қозғаушы күшке айналады. Алдағы уақыт құрылысты тікелей қаржыландырудан жеке салушыларды ынталандыруға басымдық беріледі. Бастысы, ипотека арзандайды. Ипотекалық кредиттеуді ынталандырудың шараларын әзірлеу коммерциялық банктерге жүктелді. Ал жеке тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін коммуникацияларды тарту шаралары қарқындайды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы сказали людям, что даем по 10 соток. Ну, теперь требуют ну давайте эти 10 соток. Если сейчас начать раздавать просто так - степи много в Казахстане, идите вон в степь в Жезказган и начинайте строить. И что из этого будет? Там нет дороги, там нет света, там нет воды, там нет тепла. Так нельзя давать. Если будем давать, то надо подвести коммуникации. 

Түйткілден түйткіл туады. Коммуникация өз алдына бір төбе. Жер телімдерінің басым бөлігі жеке қолға өтіп кеткен. Әсіресе ірі қалалардың маңында бос жер жоқтың қасы. Кезінде құрылысқа алынған жерлер қаусырап бос тұр, тіпті. Осы орайда Мемлекет басшысы әкімдерге тиімсіз, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтаруды тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-О чем идет речь? Вокруг городов уже земли нет. Земли уже понахватали кому-то попало, и теперь держат, как собака на сене. И акимы не могу предоставить эту землю. Кстати говоря, спрос вокруг Астаны, Алматы, Шымкента, вокруг больших городов. Поэтому дать возможность акимам законодательно эту землю забрать - если по закону не используется, вместе с прокуратурой возвратить государству, а если нет - то выкупить по кадастровой стоимости. Я заявляю всем, чтобы не обижались. Было предупреждено - покупали землю, сказали - мы будем здесь ферму строить, дома. Прошло время - нету. Возвратить землю государству и не тянуть с этим. Тогда у акима будет возможность давать землю народу, чтобы строить свое жильё. 

Бұдан бөлек, Елбасы халықты жұмыспен қамтуға баса мән берді. Өңірлерде халықты бизнеске жұмылдыру жандана түспек. Осы орайда жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру үшін Үкіметке микрокредиттеуді кеңейтудің жолдарын қарастыру тапсырылды. Бөлінген қаражат шағын шаруашылық, сүт қабылдайтын бекеттер, шағын бордақылау алаңдары мен құс фермаларын құруға бағытталуы тиіс.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Ауылда істейтін жұмыс осы ғой! Әкімшіліктердің жұмысы  облыста, қалада, ауылда алып келіп түсіндіру. Қарағым, Үкімет саған беріп отыр ғой! Ақшаны беріп отыр, кредит беріп отыр. Қайсысын істейсің?! Молочная ферма, птицеферма саласың ба? Қайсысын жасайсың, оны жасау үшін мынадай-мынадай жұмыс істеу керек деп, осыдан басқа жұмыстарың жоқ, басқа ештеңе сұрап отырғаным жоқ. Елге керегі де сол. Жылдың аяғында ақшаны қайтарасың, қайтарсаң, екі есе көбейтіп тағы да береміз.

Ауылдағы шаруашылықты көтерудің бірден-бір жолы – кооперация. Оны әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр. Бұл орайда Қазақстанда да кооперациялық серпіліс болайын деп тұр. Арнайы заң қабылданды. Сөйтіп елді мекендерде біріккен ұйымдар пайда болады. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен өткізуге жауапты. Игі істің басы кейбір облыстарда басталып кетті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сейчас мы требуем от него вырасти пшеницу, откорми скот, птицу. И он не знает кому. Всякий посредник приходит грабит товаропроизводителей. Кооперация должна централизованно от него требовать производи, мы у него заберем рассчитаемся, и ты спокойно начинай дальше работать. То-есть, очень важный закон. Я требую от каждого акима каждый день начинать с этого. Мы должны создать сеть кооперации по сельскому хозяйству. Асқар, солай ма?  Бұл жұмыс жасалып жатыр ма? К концу года я потребую отчет от всех.

Ауыл ахуалын көтеруге ел жастары да жұмылуы тиіс. Игі іске жас тоқынды ынталандыру - әкімдердің тағы бір міндеті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Менің тапсырмам мынадай! Мысалы, кісі аз, жұмыс қолы тапшы өңірлер бар. Оңтүстікте жұмыс таппай көшеде сенделіп жүрген жастар бар. Ал мынау солтүстіктегі маман дайындайтын училищелер бос тұр. Соны оңтүстіктен алып, сол жерге алып барып, жұмыс істету керек. Павлодарда да, Шығыста да солай болу керек, БҚО-да балалар жұмыс істеп, сол жерде қалады. Қанша адам апардық, Тамара айтшы?!

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 

-Біз жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 329 семьяны ОҚО, СҚО мен ШҚО көшірдік. Жастарды Білім министрлігі қосымша жіберіп жатыр. Биыл 3 мың жасты жіберуде. 

Бұл мақсаттарды орындауға қомақты қаржы жұмсалып жатыр. Әлеуметтік саланы жаңғыртуға Үкімет аянып қалмасы анық. Себебі әлеуметтік сала басты назарда. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Жұмағали Біргебаев 

3 Ел экономикасының өсімі 0,3 пайызға жетті

Сонымен қай жағынан алып қарасаңыз да, қабылданған әрбір шешім тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін жасалып отыр. Дағдарыс жайлы жиі айтқанымызбен, алған бағытымыз – әлеуметтің әл-ауқатын төмендетпеу жолындағы жұмыс жемісті. Мәселен, тек биылдың өзінде бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға, шәкіртақы мен жәрдемақы – 25 пайызға ұлғайды. Жылдың оңайға соқпайтын Елбасы ақпан айындағы жиында бірден айтқан. Сол кезде де күрделі кезеңде кідіріп қалмаудың жолдарын атады. Ал қазіргі нәтиже қандай? Кеше Президент әлеуметтік-экономикалық мәселелердің біразы бойынша есепті тыңдады. Сосын нақты тапсырма берді. 

Әлемдік экономика жүрісінен жаңылып тұрған шақ. Мұнай бағасының сан құбылу мен Еуропа елдерінің Ресейге жасаған санкциялары – әр елдің қадамына кедергі. Өйткені алыс-беріс сиреді, қара алтыннан түсетін қаржы кеміді. Алайда болашағын бүгіннен бағдарлай білетін елдер қарқынды қарекетке көшіп кетті. Сондай мемлекеттің ішінде Қазақстан да бар. Елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұндай жағдайда экономиканы дамыту үшін барлық мүмкіндікті қолға алу керектігін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Әлемдік экономиканың жағдайын біліп отырсыздар, мұнай бағасының басқа шикізат бағасының төмендеп тұрғанын да көріп отырсыздар. Экспорттайтын елдердің көпшілігі осындай қиыншылыққа душар болып отыр. Бізде әлемнің бір бөлшегі болғаннан кейін сыртта қалып отырғанымыз жоқ. Осындай жағдайда біз қиыннан жол тауып, экономикамызды алып шығуымыз керек. Халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге барлық жағдай жасауымыз керек. 

Дағдарыстың дауылы басталмай тұрып, Президент экономикаға серпін беруге күш салып, «Нұрлы жол» бағдарламасын түзді. Соның арқасында көп істің көбесі сөгілді. Дәйекпен айтсақ, тамыз айында экономика 0,1 пайызға өсім көрсетті. Ал биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім өсімі – 0,3 пайыз. Көрсеткіштің көлемі аз болғанымен, өзге елмен салыстырғанда, көңілге қонады. Себебі Ресей, Беларусь, Қырғызстанда ІЖӨ-нің құлдырауы байқалған. 

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Экономика өсімі құрылыста, көлік саласында, ауыл шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде, қызмет секторында өнім көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Алайда тау-кен өңдеу өнеркәсібінде 4,8 пайызға артта қалу байқалады. Бұл мұнай, көмір, темір кендерін өндірудің қысқаруымен байланысты. Онымен бірге индустриялық бағдарлама аясында табиғи газбен, түрлі-түсті металды өндіру едәуір өсті. 

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта да экономиканың негізгі салаларына қаржы бөлінетінін жеткізді. Бірақ әрбір тиын қадағалауда болу керектігін баса айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-«Нұрлы жолға» біз жаңадан ақша бөлдік қой. Өткен айда экономиканы көтеру үшін, жұмыстар жасалу үшін қосымша қаражат береміз деп айттық.

Қадағалауды қажет ететін жұмыстың бірі - жекешелендіру науқаны. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жасаған баяндамасында 299 нысан жеке қолға берілгенін және оның ішінде 85-і биылғы жылдың үлесінде екенін атап өтті. Осы орайда Елбасы бұл бағыттағы шаралар қажетті деңгейде атқарылмаса, экономиканы алға жылжытуда кедергі болатынын ескертті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Девальвацияға байланысты теңгеге қатысты қаржының, салықтың жиналуы көбейгенін айтып отырсың, бірақ салық жинау мәселесін тереңірек қарап, оның жүйесін кеңейту керек. 

Әрине, қазіргі құбылмалы уақытта әр саланы бақылауға алып жұмсалған ақшаның нәтижесін көру керек. Сондықтан Елбасы сөз алған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке Үкіметпен бірлесе жыл соңына дейін жұмысы жүйесіз банктердің мәселелерін шешуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Вместе с правительством до конца года разберитесь с банками, имеющими очень плохие кредиты. У нас есть опыт 2007-2009 годов, плохой опыт. Из этого плохого опыта нам нужно делать выводы. Надо очень жестко и прямо обращаться с тем, чтобы банки были ответственны за состояние управляемых ими финансовых институтов. 

Осы жылдың 8 айында республикалық бюджеттің 99 пайызы, ал жергілікті бюджеттің 96 пайызы орындалған. Демек, бөлінген ақша діттіген жерге жетіп жатыр. Елбасы алдағы уақытта да экономиканың бірнеше бағытына тағы қомақты қаржы бөлінетінін айтты. Мәселен, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамытуға биылдың өзінде 97 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаржы шаруаларды сумен қамтуға және субсиядиялауға жұмсалады. Онымен бірге Үкіметтен индустрияландыру бағдарламасына 112 млрд теңге бөлініп, иннновациялық жобалардың жұмысы жеделдейді. Сондай-ақ еліміздегі көлік жолдарының жайын жақсарту үшін 74 миллиард теңге қарастырмақ.      

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Надо продолжить эту работу и завершить до конца текущего года первый пусковой комплекс железнодорожной линии «Алматы-Шу», запустить в эксплуатацию паромный комплекс в порту Курык, Алик білесің ғой, сами начнем делать это. Завершить строительство и реконструкцию автомобильных дорог протяженностью более 920 километров, уже в этом году. 

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев осы бөлінетін қаржыдан шашау шықпауын қадап айтты. Яғни алдағы уақытта жасалатын жүйелі жұмыстар осы ақшамен тікелей байланысты болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-На реализацию приоритетных проектов и мероприятий необходимо дополнительно выделить 380 миллиардов тенге, из них 280 миллиардов тенге на реализацию мер, озвученных мной сегодня, а также 100 миллиардов тенге на иные приоритетные расходы, направленные на обеспечение безопасности, строительство объектов образования и инфраструктуры в городе Астана и другие. То есть есть деньги нами имеются. Эти деньги мы направляем сейчас на задачу который я выше ставил. 

Елдің басшысы жиын соңында Ұлттық қордың ақшасын көздің қарашығындай сақтау керектігін жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В целях сохранения и дальнейшего сбережения средств Нацфонда поручаю в 2016 году сократить объем гарантированного трансферта на сумму 400 миллиардов тенге, а также уменьшить целевой трансферт на 50 миллиардов тенге. Правительству необходимо предусмотреть расходы на реализацию моих поручений на предстоящий трехлетний период в проекте республиканского бюджета на 2017-2019 годы Парламенту ғой. Администрация президента возьмет на свой жесткий контроль. 

Сондай-ақ үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловты, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековті, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты және Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Кездесу барысында өңірдердің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өңдеу саласы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Онымен бірге аймақтардағы экономиканы әртараптандыру жайы да сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент әкімдерге нақты тапсырма берді. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Еділ Ермекбаев

4 Сарапшы: «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге болады

Сонымен Президент тапсырмаларын тереңірек талдау үшін бізбен қазір экономист Асхат Наметша байланысқа шықты. «Нұрлы жер» бағдарламасы халықтың көкейіндегі ойын дөп басқан идея деп айта аласыз ба? 

Асхат Наметша, Экономист

-Дұрыс айтасыз. Осы мәселе  көптен бері айтылып келе жатқан мәселе. Және өте орынды. Халықтың тұрғын үй мәселелерін шешеді деген ой бар. Екінші мәселе, инфрақұрылымды құрылыс компаниялары жасау керек деген. Бұл қалай жүргізілетінін уақыт көрсетеді. Қандай механизмдер болатыны  дұрыс идея. Біріншіден, тұрғын үй мәселесін шешеді. екінші, өзінің шағын және орта бизнесін дамытуға мүмкіндік алады. Осы «Нұрлы жер» арқылы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге болатынына сенемін.

5 Қытайда G20 саммиті өтті

G20 саммиті әлемдік баспасөз беттерінде әлі қызу талқыланып жатыр. Жылдың ең айшықты оқиғасына Қытай төрағасының шақыруымен Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, жаһан экономикасына серпін беретін ұсыныстарымен бөлісті. Біз бұған сәл кейінірек тоқталамыз, әуелі қос мемлекет қарым-қатынасы жайында. 

Саммит қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен жүздесті. Қытай төрағасының бастамасымен өткен кездесуде нақты келісімдер қабылданды. «Нұрлы жол» мен «Ұлы жібек жолы» бағдарламаларын ұштастырудың жоспары бекіді. Транзиттік хабқа айналған Қазақстанға бұл уағдаластықтың оң әсері көп. Батыс пен шығыстың тоғысында тұрғандықтан, арадағы алыс-берістен түсетін пайда еселенеді. Естеріңізде болса, осыдан бірер апта бұрын Польшада Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуда транзиттік ынтымақтастықты күшейтуге ден қойды.

Демек, Аспанасты елінен аттанған жүктің Батыс Еуропаға дейін тез жетуіне Қазақ елі әрі көпір әрі кепіл болуға дайын. Бұдан бөлек, көрші Қытайдың қазақстандық өнімдерге деген қызығушылығы артты. Сөзіме дәлел, сапар кезінде ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты тереңдететін бірнеше келісім қабылданды. Бұл - отандық фермерлер көрші нарыққа еркін шығады деген сөз. Енді соя, май, астық пен ет тасымалы ұлғаяды. Бұдан бөлек, жылқы малын сату мәселесі де қарастырылған. 

Тараптар алдағы бес жылдықтың жоспарына да көз жүгіртті. Осы аралықта Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 51 кәсіпорын бой көтермек. Олардың жалпы соммасы 26 млрд. доллар болады. Әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдайды ескерсек, бұл Қазақстан үшін үлкен көмек. Ханчжоуда отандық журналистерге берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазіргі уақытта дүниедегі барлық қаржы орталықтары жабық кезде, ешкімге бермей жатқан кезде Қазақстанға қарай осындай көңіл бөлуі экономикамыз үшін өте пайдалы. Ал енді ауыл шаруашылығына келетін болсақ тұңғыш рет Қазақстанның бидайын, басқа да дәнді-дақылдарды, өсімдік майын, ет, нан деген тамақтарды Қытайға беру мәселесіне келістік. Биылғы жылы астық бізде де мол, Ресейде де мол. Қиын болып жатқан кезде 500 мың немесе, 1 млн тоннаға жақын астықты Қытайға шығаратын болсақ, біздің ауыл шаруашылығы компаниялары үшін бұл өте пайдалаы болады. Инфраструктура, жол салу мәселесі, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда жүріп жатыр. Тұрғын үй салуға, соның барлығын қаржыландыруға Қытай компаниялары, банктері өз үлесін қосатын болады.

-Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың Ханчжоуға сапарын түйіндеу мақсатында студияға Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қаринді шақырдық. Ерлан Тынымбайұлы, қош келдіңіз! Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздер нәтижесі бизнес үшін қандай пайда әкеледі деген ойдасыз?

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры  

-Ең бастысы, айтып өту керек, бұл жолғы Елбасының Қытай еліне сапары жаңа бетбұрысты кезең деп ойлаймын. Әрине, өткен жылғы сапар барысында да бірқатар маңызды шешімдерге қол жеткізген болатын, бірақ бұл жолы да сапардың үлкен халықаралық кездесудің алдында өткізілгеніне қарамастан, бұл сапардың мазмұны өте терең болды, себебі екі жақ бірқатар бағыттағы мәселелерді талқылап, маңызды келісімдерге келген болатын. Бізде Қытай жөнінде қате образдар қалыптасып қалған, 10-15 жыл бұрын секілді Қытайды біз әлі күнге дейін арзан, сапасыз өнім шығаратын нарық ретінде қарастырып келеміз, бірақ шын мәнісінде соңғы 15 жылдың ішінде Қытай экономикасы қарқынды дамуымен қатар, мазмұны, сапалық жағынан қатты өзгеріске ұшырады, яғни Қытай экономикасы бүгін батыс экономикалары сияқты жаңа технологиялардың көзіне айналды. Қазір көптеген елдері Қытай технологияларын өз елдеріне тартуға инвестицияларын тартуға үлкен күш салып жатыр. Әлемдік экономикадағы негізгі күрес Қытай технологиясы, Қытай инвестициясы үшін болып жатыр. Сондықтан бұл келісімдер қазақ бизнесінің дамуына емес, жалпы ұлттық экономиканың дамуына үлкен серпін беретін келісмдер деп айтуға болады.

Үлкен деңгейде өткен екіжақты келіссөздер нәтижесінде өзіңіз білесіз «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» жұмысын ұштастыруға қатысты жоспар бекіді. Бұл сөзден нақты іске көшудің белгісі деп айта аламыз ба?

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

-Әрине, Қытай жағының Ұлы Жібек жолын жандандыруға бастама көтергеніне биыл үш жыл болды. Ең алдымен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің билікке ең алғашқы және басты бастама ретінде көтергені – Жібек жолын жандандыру екенін атап өту керек. Және бұл бастаманы Қытай басшысы Астанада ресми сапармен келгенде, жариялаған болатын. Осы фактіні шетелдік әріптеріміз бізбен кездескенде, жиі есімізге салып тұрады, неге? Қытай басшысы осы бастаманы жариялаған кезде Астанада көтерді. 

-Шынымен неге?

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

-Меніңше, Қытай саясатында жайдан жай ештеңе болмайды, әрқашан өзінің астарлы себептері бар, Қытай басшының осы идеяны Астанада жариялауының ең бірінші себебі бұл идеяны іске асыруда Қазақстанды негізгі стратегиялық серіктес ретінде айқындауында деп есептеймін. Шын мәнісінде егер ашығын айтатын болсақ, Қытайдың осы бастамасын жүзеге асыруда кім негізгі серіктес болатыны жөнінде үлкен бәселекестік бар. Бұл келісімшарттың қабылдануы жайдан жай емес, себебі осы уақытқа дейін осы бағытта практикалық деңгейде шараларды жүзеге асырып келе жатқан Қытай жағымен және Қазақстан. 2014 жылы Елбасы Жарлығымен «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданды, соған сәйкес автокөлік, теміржол, әуе қатынастар үлкен жобалар жүзеге асты, биыл тіпті мен былай деп айтар едім, 2016 жыл Орталық Азия аймағындағы транспорттық жүйе дамуының жаңа кезеңі болады. Неге? Осы жылдың аяғына дейін бірнеше ірі транспорттық жобаларды аяқтайтын боламыз. Бұл Батыс Еуропа – Батыс Қытай авто дәлізі, екіншіден, Ақтау теңіз порты мен Құрық портының құрылыс аяқтау болады. Образды түрде айтқанда, Орталық Азия аймағы өзінің тарихында бірінші рет континентальдық изоляциядан шығатын болады. 

-Рахмет, Ерлан Тынымбайұлы, осы жерден сұхбатымызды үзе тұрсақ, содан соң жалғастыратын боламыз. 

G20-ға төрағалық ететін мемлекет бұрынан қалыптасқан дәстүрге сай өз еркімен тек берер елді ғана қонақ ретінде саммитке шақыра алады. Қытай таңдаған екі мемлекеттің бірі Қазақстан болғанын өткен бағдарламада айтқанбыз. Бұл елдің, Елбасының мәртебесін айғақтаса керек. Сонымен Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев қандай мәселелерге ерекше назар аударды?!

Бұл жолғы саммитке рекордттық көлемде мемлекеттердің өкілдері жиналды. Дамушы елдер де шақырылған. Жиынға арнайы келген Нұрсұлтан Назарбаев әлем көшбасшыларымен бір қатарда. Қазақстан – алқалы отырысқа Орталық Азиядан шақырту алған жалғыз мемлекет. 

Күрмеулі, күрделі мәселе көп күн тәртібінде. Бірі – дағдарыс. Күйзелістен көз ашпаған дүние өсімге душар. Шикізат бағасы төмендеп бітті. Нарықтағы ахуалдың тұрақталуына геосаяси шиеленістер мен санкциялар да себеп. Амал қанша?! Әлемдік лидерлерге консенсус керек. Келісім мен сенім қағидаттарына негізделген. Қытайдың жиынды – экономикалық тұрақтылық тақырыбына арнауы бекер емес. Бұл мәселеДе Қазақстанның да айтары бар. Әлемді тек бірлескен әрекеттер құтқара алады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бүгінгі «G20» саммиті үмітке толы күрделі кезеңде өтіп отыр. Әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамның әл-ауқатына әсер етеді. Трансқұрылықтық жаңа сауда-инвестиция бірлестіктерінің құрылуы Дүниежүзілік сауда ұйымы рөлінің төмендеуіне және әлемдік экономиканың фрагменттелуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл үдерістер жаһандық экономикадағы ықпал аймағы үшін күрестің жаңа кезеңінің басы болуы мүмкін. Жаһандық дамудың бұдан арғы жолы көбіне бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың іс-қимылының жүйелілігіне байланысты болмақ.

G20 дүниедегі іргелі, беделді бірлестік саналады. Әлемдік ІЖӨ-нің 90 пайызы, сыртқы сауданың 67 пайызы оған тиесілі. Жаһан дамуының болашағы осы бірлестікпен біте-қайнасып жатыр. Демек, әлем нақты шешімдер қабылдайтын өткелде тұр. Тұрақты дамудың жолдарын Қытай тарапы ұсынып көтерді.

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Президенті

-Қытай төрағалығы кезінде экономикалық өсімнің моделін жақсарту, жаһандық қаржылық басқаруды ілгерілету, халықаралық сауда мен инвестиуцияларды алға жылжытып, өзара байланысты, инклюзивті дамуға ден қоймақ. Қазіргі таңда G20-ның негізгі мақсаты бірлестікке мүше елдерді макроэкономикалық тұрғыда үйлестіру керек. Бұл тұрақты өсімге әкеледі. Дағдарыстың салдарын төмендетіп, жаһан экономикасының дамуына үлес қосу  жалпыға ортақ міндет. 

Қазақстан бұл бастамаларды қолдайды. Әлем экономикасын жандандыру үшін жаңа индустриялық революция керек. Сандық экономика мен инновацияға сенім арту тағы бар. Оның өзі инклюзивтік қағидаттарына иек артуы тиіс. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев нарықтағы қиындықтарды реттеудің жолдарын ұсынды. Экономика мен қаржыны халықаралық тұрғыдан реттеуді біртұтас жаһандық ұйым атқаруы тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің ойымызша, экономиканы және қаржыны халықаралық тұрғыдан реттеудегі басты рөльді біртұтас жаһандық ұйым атқарғаны жөн. Ондай құрылымды Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру арқылы қалыптастыруға болады. Кеңеске Жаһандық экономикалық реттеуші функциялары жүктелуі керек. Монетарлық, фискалдық саясатты үйлестіру және құрылымдық реформалар аса қажет. Бірақ ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бұл да жеткіліксіз. Дамушы елдерді қоса алғанда, бүкіл әлемде айырбас бағамын тұрақтандыруға қатысты тиімді ұсыныстар керек. 

Бұл форум дамудың діңгегі шығысқа қарай ойысқанын аңғартты. Сарапшылардың пікірі осындай! Демек, Азия өңірінің әлемдік экономикадағы ықпалы артуда. Бұл орайда тың идеялар мен жаңа құралдарды ұсынған Қытай дамуға қарқын беруге ден қойып отыр. Мұнда да Қазақстанның рөлі айрықша. 

Джон Киртон, G20 зерттеу тобының директоры

-Бүгінде G20-ның негізгі компоненттеріне инфрақұрылымдық даму, жаңа құралдар арқылы кедейлікке төтеп беру және Жаңа жібек жолы енді. Бұл жол Ханчжлудан Гамбургке дейін жалғасады. Айтпақы, G20-ның келесі отырысы да сонда өтпек. Жібек жолының қақ ортасында орналасқан Қазақстан жаһандық хаб саналады. Сондықтан елдің күллі әлемге пайдасы зор болмақ. 

Транзиттік жолдардың пайдасы жайлы Нұрсұлтан Назарбаев «Аlibaba group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу кезінде қаузады. Арада ынтымақтастық орнату ойда бар. Бұл орайда интернет сауданың көшбасшысы саналатын Джек Ма серіктестіктің екі бағытын атады, логистика мен интернет-қаржыландыру. Сөйтіп қазақстандық тауарлардың Қытайда саудалануына ықпал етпек. «Алабаба груп» біздің нарыққа кіруге дайын. Бұл қадам Орталық Азия, Ресей мен Шығыс Еуропаны игеруге жол ашады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Политическая фрагментация мира. Там ЕС, здесь Трансокеан , здесь ТрансАтлантика, ШОС, закрываются границы, санкции. А ваша компания проходит через все границы и торгует. А торговля – это основа. 

Джек Ма, Alibaba Group Компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы

-ІЖӨ бойынша біздің компания әлемде 20-шы орында. Басты мақсатымыз  шағын және орта бизнеске көмектесіп, жастарға қолғабыс болу. Интернет технологияларды пайдалану, коммерция ол дүние жүзі бойынша халықаралық сауда жүргізу үшін қажет.  

Қазақстан сыртқы әлеммен иық тіресе дамуды көздейді. Жаңа технология, инновациялар мен инвестиция тартуға ден  қоюы сондықтан. Дегенмен, әуелі әлемге дағдарысты еңсеруге көмектесе білу керек. G20-ға барған игі мақсаттың да бірі сол болатын. Ұсынысты ортаға тастап, елді ымыраға тарту. Айта кету керек, Қазақстан үлкен жиырмалықтың жиынына осымен екінші рет қатысты. Демек, біздің елге деген құрметпен бірге, қызығушылық та қатар артып келеді. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Руслан Жәкеев, Хасен Омарқұлов және Алмаз Омарғалиев

6 G20 Саммитінде Мемлекет басшысы бірқатар тиімді ұсыныс білдірді

-Құрметті көрермен, бүгін біздің студиямызда ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин қонақта екенін естеріңізге саламыз. Ерлан мырза, G20 алаңында мемлекет басшысы экономика және халықаралық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық институт құру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл институты құру қаншалықты тиімді болмақ?

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры  

-Қолдайды, бірақ мен мына сұраққа жауап бермес үшін мына сұраққа жауап бергім келіп отыр, G20 қазіргі уақыттағы әлемдік қарым-қатынас тәжірибесіндегі жалғыз осындай алаңшалардың бірі, шын мәнісінде көзіміз де, құлағымыз да үйреніп қалған, Елбасының осындай жиындарға қатысып жүргендегі көбісіне үлкен бір жаңалық емес сияқты, себебі басқа бір елдер емес, біздің ел осындай үлкен халықаралық жиындардың тұрақты қатысушысы, сондықтан біздің қоғамда бұл солай болу керек секілді болып қалыптасып қалған. 

-Қателеспесем, Ресейде өткен G8 саммитіне де екі елдің бірі ретінде біздің еліміз, Елбасымыз шақырылды ғой? 

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры  

-Елбасы мұндай халықаралық үлкен жиындарға жиі қатысады, жиі шақырады, бұл жолы да шақырылуы тектен тек емес. Себебі бұл жолғы саммиттің иесі Қытай жағы болатын. Қытай үшін мұндай жиындарды өткізу тек бедел, өзі-өзін жарнамалаудың құралы емес, Қытай бұл кезеңнен 10-15 жыл бұрын өтіп қойған еді. Қытай басшысы Елбасын осы жиынға қатысушы ретінде таңдап шақырғандығы бекер емес. Қазақстан осындай жиындарда әрқашан әлемдік қауымдастықтың назарын селк еткізетін, жаңа бастамаларды көтеретін, жаңа бастамаларды шығаратын, Қытай жағы мұны жақсы біледі. Мұны айтып отырғанымыз, самммит алдында біз де институт тарапынан қытай сарапшыларымен кездескен едік. Сонда әріптестеріміз де осы ойды алға тартып отырды. Сондықтан Елбасының бұл бастаманы көтеруі кездейсоқ емес, бұл Қазақстан тарапынан айтылған жай ғана ой ғана емес, бұл бірқатар көптеген елдің мүддесін айқындайды, сол үшін Қазақстанды осындай жиындардың белсенді қатысушысы ретінде шақырады. Әрине, бұл құрылым керек, әлем қауымдастығы тарапынан бұл бастамаға қолдау көрсетіледі, қолдау көрсетіліп те жатыр. Қазіргі уақытта әлемдік экономика үлкен трансформацияға көшіп жатқан кезде бұл процесстерді реттейтін тетіктердің жоқтығы көзге көрініп тұр, Қытай жағының да осы саммитте көтерген мәселелерінің бірі осы болатын. Көптеген елдер осы жөнінде проблеманы айтып жатқан кезде Қазақстан басшысы нақты ұсыныс беріп отыр, оның үстіне бұл жаңадан бір құрылым ретінде емес, осы уақытта қалыптасқан институттардың негізінде, бірақ оның сол институттардың жұмысын нақты бір мақсатқа нақты бір мазмұнға аудару жөнінде осындай идея айтылған болатын. Сондықтан бұл дұрыс бастама және дәл қазіргі уақытта шынымен әлемдік экономика үлкен трансформацияның алдында көптеген әлемдік экономиканың қызмет етіп келген принциптері мен тәртіптері үлкен өзгерістерге ұшырауда. Бұл құрылымның негізгі мақсаты осындай нормаларды анықтау болып табылады.

-Ерлан Тынымбайұлы, біздің сұрақтарымызды талдап, таразылап, жауап бергеніңізге ризашылығымды білдіргім келеді. 

7 G20 Саммиті аясында Елбасы 17 мемлекеттің басшыларымен және 6 ұйымның төрағаларымен кездесті

Жаһан елдерінің Қазақстанға деген көңілі ерек. Мұны саммит алаңдарынан анық аңғардық. Мемлекет басшысы Ханчжоуда төрт тараптың өкілдерімен әңгіме өрбітті. Тізбектесек!

Америка Президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты АҚШ үшін жақын әрі сенімді серіктес екенін және өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де тығыз қарым-қатынасқа әзір екенін айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун және Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен де салиқалы әңгіме болды. Қазақстан бұл бірлестіктермен ынтымақтастықты нығайта бермек. Оның үстіне биыл күзде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың бірлескен жиыны жоспарланған. Ұлыбританияның жаңа Премьер-министрі Терезе Мэй де Елбасымен танысып, пікірлесіп үлгерді. Өзара байланыс бәсеңдемейді. Канадамен де қарым-қатынас көкжиегі кеңеймек. Джастин Трюдомен екеуара әңгімеде ынтымақтастық жайы талқыланды. Өзара серіктестіктің жай-жапсары Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу кезінде пысықталды. Әсіресе тараптар терроризммен бірігіп күресуге дайын. Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен пысықталды және Нұрсұлтан Назарбаевтың күншығыс еліне алдағы сапары талқыланды. Бұдан бөлек Президент Ресей, Франция, Германия, Корей Республикасы, Оңтүстік Африка, Мысыр, Сенегал және Аргентина көшбасшыларымен келіссөздер өткізді. Испания, Италия, Үндістан премьер-министрлерімен жүздесуде ынтымақтастық сөз болды. Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасының орынбасары Мұхаммед бен Салманмен әңгіме барысында екі жақты байланыстарды жандандыруға уағдаласты. Сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесуде өзара іс-қимылдың кейбір жайттары сөз болды. Сонымен G20-ға 20 ел мүше десеңіз, саммит алаңдарында Елбасы 17 мемлекеттің басшыларымен және 6 ұйымның төрағаларымен кездесіпті. Олардың денін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға сапар шегуге шақырды. Демек, бұл уағдаластықтың бастауы. Әсіресе дәл қазіргі кезде инвестиция бойынша келісімдер керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазақстанды ең ірі мемлекеттердің саммитіне шақыруы  ҚХР Қазақстанға көрсеткен ең үлкен құрметі. 20 ең зор мемлекеттердің басшылары жиналғанда, барлық планетаның арасында жүргендей боп көрінесің. Мен сөйлескен Индия Премьер-министрі, Қытаймен жеке келіссөздер жүргіздік. Еуропаның басшылары, Англияның басшылары, Барак Обамамен жақсы әңгіме болды. Ол енді кетіп бара жатыр. Дегенмен 8 жылдағы бірге істеген жұмысымызды қорытындылап, екі елдің арасындағы қарым-қатынас дұрыс болды, жақсы болды деген қорытындығы келдік. Сондықтан ойлаймын еліміз үшін дұрыс керекті, сапар болды. Біз Қазақстанымыздың дүние жүзіне тағы бір рет көрсетіп, ірі-ірі басшылармен келіссөздер жүргізуге қол жеткіздік.

8 Ел қауіпсіздігі басты назарда болады

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды тиісті қоғамдық-саяси тәртіпті қамтамасыз етіп, жоғары деңгейде өткізу керек». Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Президент осыны тапсырды. Бұдан бөлек әкімдерге Ұлт жоспарын жүйелі түрде орындау міндеттелді. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ асу, идеологиялық жұмыстарды атқару мен жұмыспен қамту секілді бірқатар мәселелерге де назар аударды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ағымдағы жылы бірқатар айтулы тарихи күндер күтілуде. Оның ішінде Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы өздеріңізге белгілі. Осы мерекені және басқа іс-шараларды атап өту қажет. Өңірлер, әкімдер Ұлт жоспарын іске асыру үшін көп жұмыс істеп жатыр. Дегенімен ішкі біздің қауіпсіздігіміз, сыртқы қауіпсіздігіміз дүние жүзінде болып жатқан неше түрлі лаңкестік те басқа да келеңсіз жағдайлардың барлығы Қазақстанға өз ықпалы тигізеді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы

-Елбасының айтуынша, бұл 25 жылды мерекелеу - тек сондай мерекелік шаралармен шектелмеу. Нақты әлеуметтік экономикалық дамудың жетістіктерімен тойлау керек. Атап айтқанда, әкімдерін, Үкіметке жаңа өндіріс кәсіпорындарды ашу. Жаңа жұмыс орындарын ашу. Және өзекті әлеуметтік мәселереді шешуді тапсырды. Осы жылдың басында өңірлерде жергілікті полиция жұмыстарын бастады. Осыған байланысты бүгінгі таңда қауіпсіздік және қоғамық тәртіп осындай міндеттер әкімдерге жүктелді. Әкімдер және жергілікті атқарушы органдар осы жұмысқа жауапты болды. Сондықтан көптеген жұмыс әкімдерге жүктеліп, оларға нұсқаулар берілді. Отырыс барысында адамдар көп шоғырланатын нысандардың антитеррорлық қорғанысын күшейту және төтенше жағдайлар болған кезде террористік іс-әрекет болған жағдайда адамдарды хабарландыру жүйесін жергілікті деңгейде көтеру қажет екені атап өтілді.

Ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселесіне Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдау кезінде мән берді. «Сырбар» қызметі 2009 жылы құрылды. Бұл Қазақстандағы  ең құпия құрылымдардың бірі. Ақордада ақпараттық қауіпсіздік жайы да сөз болды. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Президентті атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде  хабардар етті. «Жаңадан құрылған министрліктің маңызы зор», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінде басты міндеттердің бірі – ақпарат кеңістігіндегі түрлі сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра білу. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Министрліктің маңызы өте зор деп ойлаймын. Қазіргі кезде ақпарат құралдары әсіресе интернет бізге белгісіз кейбір атакалар жүріп жатқан кезде соған қарсы тұру бір мәселе. Екінші кезеңде тиісті деңгейде, тиісті жүйеде мемлекеттің істеп жатқан шараларын халыққа түсіндіру жағынан орталық ақпарат құралдары, өңірдегі ақпарат құралдарының жұмысын бір жүйеге түсіру үшін осы министрліктің алдында тұрған міндет өте көп. Кадрларды қарау керек жақсылап тұрып. Қазіргі заманға сай адамдар болу керек. Тіл білетін адамдар басқару керек ақпарат құралдарын, интернетті қарап отыратын адамдар басқару керек. Сондықтан министрліктің жұмысын мен, Президенттің аппарат басшысы қадағалап отыратын болады. Кім болса соған министрлікке әр жақтан команда беріп, ананы жаса, мынаны жаса деген болмайды. Сондықтан істейтін жұмысың бір жүйеде болу керек. Бағынатын жерің бір жерде болу керек. Оны мен барлығы естісін деп айтып отырмын. Бұл министрлікке әркім қол сұғып, ананы істе, мынаны істе, ананы сөйт, мынаны сөйт дегендер болады. Ол болмайды. Бұл мемлекеттің саясаты. Мемлекеттің ішкі саясатын сыртқы жүргізіп отырған мен соған байланысты іс жүгізіп отыру керек. Енді қазір министрлік құрылып болды ғой? Болды. Кадрлар орнына түсіп болды. Бағдарламаларың бар. Әрі қарай қалай жұмыс істеу керектігін ақылдасайық.

9 Н.Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жолдады

Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальді иеленді. Жүзуде алдына жан салмаған Зүлфия Ғабидуллина жеңіске жетті. Тек жеңіске жетіп қана қоймай, 100 метрлік қашықтыққа еркін стильде жүзуден жаңадан әлемдік рекорд орнатты. Ол – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия Паралимпиада ойындарының әрі жаһанның алты дүркін чемпионы. Жүзуден әлемдік рейтингте алдына қара салмайтын сегіз спортшының бірі. Зүлфия Ғабидуллинаны жеңісімен құттықтап, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеделхат жолдады.

10 Мәжілістегі маңызды жиындарды ғаламтордан тікелей тамашалауға мүмкіндік бар

Парламенттен онлайн-таратылым. Бұдан былай сіз бен біз үшін Мәжілістегі маңызды жиындарды ғаламтордан тікелей тамашалауға мүмкіндік бар.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен екінші сессияның алғашқы жалпы отырысы қазақстандық бірнеше интернет-ресурста тікелей көрсетілді. Кез келген азамат ұлттық қауіпсіздікті қамту, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік көмек көрсету секілді бірқатар маңызды 10 мәселе бойынша талқылау барысын тыңдап, депутаттық сауалдармен танысты. 

Естеріңізде болса, Елбасы Парламент палаталары қызметінің барынша ашық, жариялы түрде болуын тапсырған болатын. Заңдарды қабылдаудың қажеттілігі қазақстандықтарға айқын әрі түсінікті түрде жеткізілуі тиіс. Сонымен қатар, заң шығару үдерісінің аясын кеңейту қажет. Жобаларды әзірлеу кезеңінде қоғамдық сарапшылар, парламенттік емес партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар және ақпарат құралдары өкілдерін тарту керектігін айтқан.   

Жариялылықты қамтитын тағы бір тәртіп бекіді. Мәжіліс регламентіне өзгерістер енгізілді. Соның бірі талқылау барысында жарыссөз тоқтатылған кезде, саяси партия фракциясының мүшелеріне талап етіп сұраған жағдайда, міндетті түрде сөз берілетін болды. Бұл өзгеріс үлкен жетістік, парламентарийзмді, демократияны дамытуға жасалған бірден бір қадам деп санайды фракциялардың өкілдері.  

Азат Перуашев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Осындай талаптар Еуропа кеңесіндегі Парламенттік ассоциацияда және Еуропаның Венеция комиссиясының талабында бар. Сол себепті біз өткен сессияда 5 рет өзіміздің келіспеушілігімізді жазып жіберген болатынбыз. Бүгінгі сол норманы Мәжіліс регламентіне ресми түрде енгізіп отырмыз. Бұл біз үшін өте үлкен жеңіс деп айтуға болады.

11 Қазақстанда лаңкестікпен күрес күшейді

Қазақстанда лаңкестікпен күрес күшейді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері экстремистік және террористік қылмысы үшін 57 адамды тұтқындаған. Олар адам қарасы көп жерлерді таңдап, осыдан он бес жыл бұрын АҚШ- та, былтыр ғана Парижде болған қантөгісті қайталауды жоспарлаған. Қанды жоспарды жүзеге асыруға қажет қару-жарақты Балқаш қаласындағы Ресейдің әскери бөліміне шабуыл жасап, тартып алуды ойластырған. Тіпті Талдықорған қаласындағы әуежайды барлап, ұшақ ұрлауға да дайындалған.

Сәкен Мыңбаев, ҚР ҰҚК қарасты терроризммен күрес орталығының өкілі

-Топ мүшелері «шаһид белдігі» түрінде 2 құрылғы дайындап үлгерген. Ұстау операциясы кезінде біреуі оларды іске қосып, жарып жіберген болатын. Алынған компоненттер тағы 50-ге жуық жарылғыш қондырғыларды жасауға жеткілікті. Біздің эксперттердің бағалуы бойынша, мұндай көлемдегі жарылғыш заттар, көп қабатты тұрғын үйді қиратуға қауқарлы. 

Жат ағымның қатыгез идеологиясымен еліміздің мұнайлы, кенді өлкелеріндегі, яғни Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарындағы мұсылман бауырларымыз бірінші болып, уланды. Санасы тұманданып, елдің берекесін қашырған лаңкестер енді қатаң жазаланады. Сол үшін кейбір заңнамалық актілер толықтырылып, өзгертіліп жатыр. Осы аптада Парламент қабырғасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс қимыл мәселелері бойынша әзірленген Заң жобасының алғашқы таныстырылымы, талқылауы болды. 

Біз экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл тақырыбын түйіндеу үшін, студиямызға Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевты шақырдық.

-Мәулен мырза, қош келдіңіз! Терроризм және экстремизммен күрес жөніндегі заң жобасы қауіпсіздікті күшейтуге қандай тиімді өзгерістер әкелмекші? Бұл заңнан не күтеміз?

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Жалпы бұл заңды Елбасының тапсырмасының негізінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті дайындап, басқа мемлекеттік органдармен бірігіп, Мәжіліске кіргізіп отыр. Осы заң жобасына біраз нормалар енгізіліп отыр. Ол -  экстремизмге, терроризмге қатысты жауапкершілікті күшейту. Осыған байланысты Қылмыстық Кодекстің 12 бабына өзгеріс енгізу ұсынып отыр. Қару-жарақ айналымын бақылау мәселесі бар, миграцияны бақылау мәселесі бар. Басқа да нормалар бар. Заң жобасын біз мәжілісте жақсылап жұмыс істеп күшейтуіміз керек. Заң жобасына тек жазалау мәселелерін емес, алдын алу, профилактика дейді ғой, сол мәселелерді кіргізу керекпіз. Бұл терроризммен, экстремизммен күресудің бірден бір жолы  оның алдын алу. Осы жерде нақты айтатын бір мәселе, Хабар агенттігінің беріп жатқан мүмкіндігін пайдалана отырып, жалпы терроризммен, экстремизммен күресті бүкіл қоғам болып жүргізуіміз керек. Бұл тек Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер органдарының жұмысы емес. Экстремизммен күрескен кезде идеологиялық мәселерді ұмытпауымыз керек. Салафизмнің радикалды идеологиясымен күресу үшін оған қарсы идеология болу керек. Қарсы идеология болғанда, мемлекетшілдігіміз, патриоттығымыз, біздің Ханафи мазхабының идеологиясын қарсы қоюымыз керек.

Жаңа сөзіңізде оқ-дәрі, қару жарақ сататын мекемелердің қызметі қатаң мемлекеттік бақылауға алынады деп, айтып қалдыңыз.  Бірақ екінші жағы бар. Бұл кісілер – нарықтың, бизнестің өкілдері. Олардың жұмысына кедергі болуы мүмкін бе? Әлде жол жағы ойластырылған ба?

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Сіз айтып отырған мәселе, әрине, бар. Ол біреулердің жеке шаруасы. Кәсіпкерлігі. Оған кедергі келтірмеуіміз керек. Біз бұл ретте халықаралық тәжірибелерге сүйенеміз. Ол тек бізге тән проблема емес. Басқа мемлекеттерде бұл сұрақ қалай шешіліп жатыр, қандай шаралар енгізіп жатыр, соларды қарап, заңға толықтырулар енгізуге дайынбыз. 

Жаңа саяси маусым Парламент сессиясының ашылуымен басталса, Парламенттің жаңа маусымы Мәжілістің отырысымен басталды. Биылғы Парламенттің жұмысында, әсіресе, Мәжілістің жұмысында өзгешеліктер болғанын байқап отырмыз. Парламентке енбеген партия өкілдері шақырылып жатыр, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар осы отырыстарға қатыса бастады. Бұл жаңашылдықтың астарында не бар? Бұл ненің белгісі, қандай өзгерістер болуы мүмкін. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Парламент деген қоғамдағы барлық пікірлер айтылатын орын болуы керек. Қоғамдағы пікірлер ескерілуі керек. Сондықтан Мәжілістің басшылары осындай бастамамен шығып жатыр. Біз енді қоғамда резонанс тудыратын заң жобаларының бәрін осылай азаматтық қоғам өкілдерін, сарапшыларды, мамандарды, оппозициялық партиялардың өкілдерін шақырып, ашық түрде талқылауға шешім қабылданды. Сол жұмыс басталды. Осы заңды осылай ашық түрде қоғаммен ақылдасып, еліміздің қауіпсіздігін, қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңды дайындауға жұмыс істеп жатырмыз. 

Мәулен мырза, арнайы уақыт бөліп студиямызға келгеніңізге алғыс білдіреміз. Жаңа сессияның жаңа жұмысында Сізге тек табыс тілейміз. 

12 «Хабар» агенттігі жаңару жолында

«Хабар» агенттігінің ұжымы жаңа маусымда тың туындылар дайындады. Нақтырақ айтсақ, ұзын саны 36 бағдарлама мен 7 телехикая сіздердің назарларыңызға ұсынылады. Телеөнімдер көрерменнің талғамын тап басады деп ойлаймыз. 

20 жылдық тарихы бар «Хабар» агенттігі 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында жаңа белесті бағындыруға бет алды. Қазіргі уақытта агенттік құрамындағы арналарда эфир саясаты мен ұйымдастырушылық бизнес үрдістер өзгеріп жатыр. Яғни қайта жаңаруда. Арна басшылығының алдағы мұраты – жылдам, сапалы жаңалық таратып, соны бағдарламалар жасайтын журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылы агенттік 500 тілшіні оқытып, 150 қызметкердің білігін көтереді. Бұл тұрғыда Түркияның тәжірибесіне сүйенбек.

Алмагүл Ахметжанова, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы

-Трансформация аясында қызметкерлердің еңбекақысын төлеу моделі мен олардың еңбегін бағалау жүйесі бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл бар ұжымның шығармашылық ынтасын арттырып, телеөнімнің сапасын жақсарта түседі. Айта кетейік, агенттіктегі әрбір арнаның өзіндік жанрлық стилі қалыптасқан. Халықтың назарын аударатын үлкен өзекті жобалар қолға алынды.

Агенттіктің жаңа маусымдағы жаңалықтарының бірі – «24KZ» телеарнасының «Хабар 24» атауына өзгеруі. Арнаның аты жаңаша болғандықтан, бұрынғы телеөнімдер үстіне тың туындылар топтастырылады. 

Арман Сеитмамыт, «Хабар 24» телеарнасының директоры     

-Мақтанышпен айтып өтер маңызды мәселе  біздің арна тек қана 100 пайыз отандық өнімді ғана эфирге шығаруы. Бұл біздің бағдарламаларымыздың 100 пайызға дерлігі аутсорсингтік жекеменшік продакшн компаниялардың күштерімен жасалады. Бұл өз кезегінде медиа нарықтағы осы компаниялардың санын көбейтіп қана қоймай, бәсекелестіктің арқасында сол компаниялар әзірлеп дайындап беріп жатқан өнімдердің сапасын да арттыруға үлкен септігін тигізіп келе жатыр. 

Бұл – «Біздің Назарда» бағдарламасының ұжымы. Тілшілері компьютерге телміріп текст жазып, алдағы күндері телеарнадан шығатын сюжеттерін саралап жатыр. Телебағдарлама көпшілікті алаңдататын көкейкесті мәселелерді талқылап, күрмеулі қиын түйіткілдердің түйінін тарқатуға тырысады. Эфирге жол тартқанына апта толмай, еліміздің әр түкпірінен редакцияға үздіксіз қоңыраулар түсуде. 

Мұнда қоңырау шалған көрерменнің дені әлеуметтік проблемаларын айтады. Журналистер дереу тиісті мекемелерге хабарласып, жауап алады. Сөйтіп арнаға өткір, сапалы сюжет дайындап шығады. Дайын дүние аптаның дүйсенбі және сәрсенбісінде сағат 18-00 эфирден көрсетіледі. 

Ысқақ Егембердиев, «Біздің Назарда» бағдарламасының продюсері

-Бұл бағдарламаның ішінде «Халықтық репортаж» айдары бар. Бұл деген кез келген қаланың тұрғыны болсын, аймақтың тұрғыны болсын, шалғайдағы ауылдың тұрғыны болсын, олардың барлығы өзінің смартфонына гаджет арқылы видеоларын түсіріп, бізге жүктеп жіберуіне болады. 

Биыл агенттіктің биге құмар жастарға да жасаған тосын сыйы бар. 25 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасында «Биле, Қазақстан!» жобасы эфирге шығады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мың бұралған бишілер өз өнерлерін паш етіп, жүлделі орындарды сарапқа салады. 

Дастан Оразбеков, Қазылар алқасының мүшесі 

-Бізде биші азаматтар өте көп. Өкініштісі, бүгінгі таңда өздерінің өнерлерін көрсететін сахна жоқ. Бірақ дәл қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінен деңгейлері әлдеқайда жоғары, әлемдік деңгейден төмен емес азаматтарымыз бар екенін көріп отырмыз. 

Мұнымен қатар жаңа маусымда сіздердің көңілдеріңізден шығатын «Экспедиция 25», «Пай-пай 25» атты Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырына арналған танымдық жобалар да бар. Ал «Компромат» ток-шоуының өзі бір төбе екенін ескертеміз. 

Сандуғаш Рахымжанова, «Хабар» телеарнасының директоры 

-Арнайы зерттеу жүргізетін компания. Олар біздің арна көрермендерінің жасын анықтап бере алады. Гала Медианың жүргізген сараптамасы сай Хабар арнасын қарайтындардың дені  ер адамдар. Әрине өзгелері көрмейді деп айта алмаймын, бірақ олардың көрсеткен мәліметіне сай 30-дан асқан ер адамдар мен әйел адамдар көп бақылайды. Сондықтан бұл жаңалық бізді қуантады, өйткені мұндай аудиториясы бар арна бір-еу ақ. Ол – Хабар.    

Агенттік құрамындағы «KAZAKH TV» мен «Білім және мәдениет» арналары біріктіріліп, жаңа маусым шымылдығын 25 қазанда түреді. Атауы «KAZAKH TV» болып қала береді. Мақтанышпен айту керек, бұл телеарнаны қазақстандықтармен қатар АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс елдері де тамашалайды. Сондықтан арна ұжымына сапалы тележобалар дайындау жүктелген. Мамандар қазір жұмысқа қарқын беріп жатыр. Өйткені жуық арада «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Авиатор», «Қазақстан қорықтары», «Беймәлім Қазақстан» сынды жобалар жалпақ жұртқа жария болады. Қорыта айтқанда, «Хабар» агенттігінің дайындаған сыйы көп, тек сол тартуымызды тартынбай қабыл алыңыздар.  

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Айдос Меделбеков