Хабар телеарнасы

Жеті күн 12.11.2016

Сюжеттер
1. 25 жылда Жапония бізге 9 млрд доллардан астам инвестиция салған 2. Жапон кәсіпкерлері Қазақ жеріне келіп жұмыс жасайды 3. Қазақстан мен Жапонияның білім саласындағы ынтымақтастығы артады
4. Елбасының Жапониядағы жемісті сапары Оңтүстік Кореяда жалғасты 5. Н.Назарбаев: Ел алдындағы жауапкершілік шаршатпайды 6. Бюджет бекітілді
7. Бірінші байлық – денсаулық 8. Міндетті медициналық сақтандырудың мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне ауыстырылды 9. Үйі бардың күйі бар

1. 25 жылда Жапония бізге 9 млрд доллардан астам инвестиция салған

«Бүгін біздің төңірегімізде бейбітшілік белдеуі қалыптасты. Бірде-бір мемлекеттің бізге талабы жоқ әрі жау көзқараста емес». Елбасының бұл тұжырымының жаны бар. Кекшіл емес, көпшілдігімізден ғой, Қазақстан қазір кез келген елге сыйлы. Абыройлы. Сапарлап барса, құрметті. 

Мемлекет басшысы осы аптада Жапонияда болды. Төртінші рет. Жапонияға келген өзге елдің Президенттерімен Император Акихито үнемі кездесе бермейді. Мәртебелі және сыйлы саясаткерлерді ғана қабылдайды. Ал Қазақ елінің көшбасшысын Император ерекше құрметтейді. 

Сөзім дәлелді болсын, 2008 жылы Елбасы күншығыс еліне ресми сапар жасады. Сол кезде Император Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдап, Жапониядағы ең үлкен атақ үлкен лентадағы Хризантема орденімен марапаттаған еді. Бұл жолы да ол Елдің басшысын жылы жүзбен қарсы алды. 

Жапонияның мемлекеттік құрылымы конституциялық монархияға негізделген. Император – мұнда басты тұлға, халықтың, мемлекеттің тұтастығының символы. Ал елдің тұрмысын түзеп, экономиканы дамыту Премьер-Министр мен Парламенттің құзырында. 

Жоғарғы заң шығару органы екі палатадан тұрады. Кеңесшілер және өкілдер. Осындай мемлекеттің парламенті алдында сөз сөйлеу – Орталық Азия елдерінің ішінде де, посткеңестік мемлекеттер арасында да бірде-бір көшбасшыға бұйырмаған құрмет. 

Экономикасын ғылыммен өрлеткен жапон жұртымен біз тағдырласпыз. Мүдделеспіз. Екі елді де ядролық қарудың қасіреті біріктіреді. Осы жайтты Нұрсұлтан Назарбаев Жапон парламентінің төрінде сөйлеген сөзінде атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Японская философия «кайдзен» позволила не только добиться управленческих и технологических высот, но и прочно вошла в копилку общечеловеческих ценностей. Могу отметить, что образ мыслей японского народа близок и созвучен мировоззрению казахов. Мы объединены общностью непростых, порой трагических судеб наших народов. Казахстан и Япония испытали на себе разрушительную мощь оружия массового поражения.

Сондай-ақ Елбасы келесі жылдан бастап қос ел Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болатынын еске салып, парламентаралық байланысты одан әрі дамыту керектігін айтты. 

«Әлем елдері ішінде экономикасы үшінші орын алатын күншығыс елімен достығымыз – көпке үлгі». 25 жылға тақаған жылы қарым-қатынасымыз бұдан әрі де беки бермек. 25 жылда бұл ел бізге 9 млрд доллардан астам инвестиция салған. Әсіресе ажал бомбасынан зардап шеккен Семей аймағына көрсеткен көмегі қомақты. 

Бүгінде Қазақстан – Жапонияның Орта Азиядағы ең ірі сауда-экономикалық әріптесі. Қос мемлекеттің арасындағы тауар айналым былтыр 1,5 млрд долларды құраған. Бұл миллиардтарды бұдан әрі еселеуге мүмкіндік мол. 

2. Жапон кәсіпкерлері Қазақ жеріне келіп жұмыс жасайды

Жапонияға жасаған төртінші сапары аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Синдзо Абэмен жүздесті. 

Екі елдің әріптестік орнатқанына ендігі жылы 25 жыл толады. Достықтың мерейлі жылы алдында қос мемлекет көп істі ілгерілетуге бел буып отыр. 

Тараптар әсіресе экономика саласын дамытуға бейіл. Өткен жылы өзара тауар айналымы 1,5 миллиард доллар жеткен. Бірақ әлеует одан да үлкен. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Конечно, основным локомотивом двусторонних отношений является экономика. Мы уделили большое внимание этому вопросу. Казахстан - крупнейший партнер Японии в Центральной Азии и наоборот. Объем нашего товарооборота пока полтора миллиарда долларов, это не тот уровень, который имеет соответствующий потенциал. И мы будем неуклонно расширять горизонт нашего взаимодействия, в том числе высоких технологий, в сельском хозяйстве, атомной энергетики, автомобилестроении и металлургии.

Тұрақтылықты тұғыр қылған Қазақстан мен Жапония экономикалық қатынасты нықтауға әзір. 

Қос тарап осы уақытқа дейін бірлескен жобаларды іске асырды. Инфрақұрылым және өндіріс саласына жапон бизнесмендері инвестиция салды. Соммасы 9 миллиард доллардан асады. Алайда бұл байланыс алдағы уақытта тағы нығаяды. Нақтырақ айтсақ,  ауыл шаруашылығы, медицина және инфрқұрылым салаларындағы әріптестік дамиды. 

Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі

-Бұл кездесу біздің достығымызды одан әрі нығайта түседі деп ойлаймын. Қазақстанның бизнес климатын жақсы білеміз. Жұмыс істейтін адамға өте қолайлы. Сіздің елде мүмкіндік мол. Біз екіжақты серіктестікті жүйелейміз.

Монархия мен демократия бір елде көрініс табу мүмкін десе, сенбес едік. Бірақ Жапония билігінде екі жүйе астасып жатыр. Император халықтың символы, елдің негізгі тұлғасы саналса, елдің тұрмысын түзеп, экономиканы дамыту Премьер-Министр мен Парламенттің құзырында. 

Жоғарғы заң шығару органы қос палатадан тұрады. Кеңесшілер және өкілдер. Жапония билігінің жауапты тұлғалары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше ықыласпен қарсы алды. 

Парламент алдында Елбасы Орталық Азия елдері жетекшілерінің ішінен бірінші болып сөз сөйлеп: «Әлем елдері арасында экономикасы үшінші орын алатын күншығыс елімен достығымыз – көпке үлгі», – деді. Қарым-қатынас көкжиегі кеңейе бермек.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Законодательные собрания вашей страны имеют глубокие исторические традиции народа. Власть вносит успешный вклад в развитие страны. Сегодня Япония занимает лидирующие позиции в мире. Это третья экономика планеты, продвинутая в научно-техническом сотрудничестве, обеспечивающая высокий уровень жизни своего населения. И мы - казахстанцы гордимся, что мы сегодня присутствуем в качестве ваших гостей, по приглашению, совершая официальный визит.

Ел Президенті Парламентте екі елдің экономикалық байланысын ширату керек екенін айтты. Бұрын жол шалғайлығын ойлап, екі ел де шамаға қарайтын. Қазір кедергі жоқ. Өйткені Қазақстан Қытайдағы Ляньюньган портын жалға алды. Ол жерге Тынық мұхиты арқылы жапон жүгі жете алады. Демек, алыс-берісті ұлғайтуға мүмкіндік туды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы напрямую соединили железные дороги, сухой порт Хоргос на границе с Китаем, морским портом в Каспийском море Актау. Далее от него прямой путь через Кавказ в Европу. Нами построена другая ветка - стальной путь магистрали. На юг вдоль Каспийского моря, Иран в Персидский залив. То есть эта дорога может быть использована транспортными коммуникациями вашей страны.

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері асқар асуларды бағындырды. Халықтың жағдайы жақсарып келеді. Сыртқы байланыстар ширап жатыр. Сондықтан да болар біздің елде іс жасаймын дегендер жыл сайын артып келеді. Осы уақытқа дейін Жапония Қазақстанға 9 миллиард доллар инвестиция құйған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түседі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы с Премьер-Министром Абэ провели глубокие, доверительные переговоры по всем направлениям политики и экономики. Я думаю, что мы хорошо понимаем друг друга. Мы создали исключительные условия и отличный бизнес-климат. Надеюсь, что у нас получится, потому что наша экономика дополняет друг друга. У вас есть технология, у вас есть знания, у нас есть ресурсы. 

Қазақ жері бизнеске қолайлы екенін Президент жапон кәсіпкерлеріне арнайы жолығып, жеткізді. Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстанның 35-ші орынға тұрақтауы елімізде оңтайлы бизнес климат қалыптасқанын айғақтайды. 

Осы орайда Елбасы индустриялды аймақтарда арнайы жобаларды игеруге ниетті жапондық компанияларға барынша жағдай жасалатынын айтты.

Сондай-ақ жиында жапон бизнесмені Жунсуке Кишиваки Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берген хризантема гүлінің сертификатын тапсырды. 

Жапондық гүл өсіретін компания бақыт гүлінің жаңа түрін өсіріп, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берген еді. Күншығыс елінің халқы үшін хризантеманың орны ерекше. Өйткені Жапонияның елтаңбасында дәл осы гүл бейнеленіп, елдің және императордың көрінісі ретінде қалыптасқан. 

Жунсуке Кишиваки, гүл өсіру өндірісінің президенті

-Біз ең жоғарғы сұрыпты гүлге Назарбаев атауын беруді жөн санадық. Өйткені сіздердің Президенттеріңіздің бойынан кемеңгерлікті, даналықты көреміз. Жұрт бұл гүлді бақыттың және ақылдылықтың белгісі деп біледі. Міне, осыны ескеріп, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынасының ары қарай нығаюын көздеп, осы атауды беруді ұйғардық.

Соңғы бес жылдан бері елу мың гүлдің ішінен әдемілігімен әйгіленген хризантеманың ендігі атауы – «Президент Назарбаев». Оны Кайдзука қаласының билігі жұртшылыққа арнайы таныстырды. 

Осы уақытқа дейін бірде-бір әлемдік саясаткер мұндай құрметке ие болмаған. Елбасының есімі берілуінде айтарлықтай құпия жоқ. Жапондықтар Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітсүйгіш Президент ретінде таниды. Сол себепті бұл атақты Елбасыға лайық көрген.

Сапар аясында Елбасы Tokyo Rope Almaty зауытын іске қосуға рұқсат етті. Кәсіпорын болат арқандар мен темірден түрлі бұйымдарды жасайды. Дайын өнім Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспортталады. 

Компанияның басқарма басшысы Елбасыға алдағы 4 жылда зауытты жаңғырту үшін 70 миллион доллар инвестиция салатынын жеткізді. 

Шигето Танака, Tokyo Rope компаниясының басқарма басшысы

-Алматы қаласында зауыт ашуға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Республикасының Президентіне алғыс айтамын. Біз өндірісті ашу алдында зерттеу жүргіздік. Орталық Азияда Қазақстанға тоқтадық. Өйткені Сіздердің елдеріңізде тұрақтылық бар. Әуелгі қажеттілік осы. Енді жұмысты жүйеге қоямыз. Өнімдерді Пәкістан, Сауд Арабиясы, Иран, Ауғанстан, Моңғолия және Үндістан елдеріне жөнелтеміз. 

Мемлекет басшысы Жапония жеріндегі ресми сапары аясында осы елдің сыртқы істер министрі Фумио Кисидомен кездесті. 

Жүздесу барысында Қазақстан мен Жапонияның өзара іс-қимылының түрлі аспектілері талқыланды. 

Сонымен бірге Елбасы Боао Азия елдері форумының басқарма төрағасы, Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Ясуо Фукудамен жолықты. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Боао мен Астана экономикалық форумдары ұйымдастырушыларының өзара ықпалдастығын нығайту қажеттігіне назар аударды. Және елдің басшысы Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен және лига мүшелерімен де жүздесті.

Достық лигасының төрағасы келер жылы Жапония мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатындығын жеткізіп, қос елдің ісіне серпін беруге барын салуға дайын екендіктерін айтты.

Такео Кавамура, Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен Достық Лигасының Төрағасы

-Келесі жылы Жапония мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25  жыл толады, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді. Біз бұл оқиғаларды парламентаралық тәжірибе алмасу ісіне серпін беру үшін пайдалануды көздеп отырмыз. Қазақстанды 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтаймын. Қазақстан бұл міндетті атқару барысында ядролық қарусыздану мен таратпау ісіне бұдан да зор үлес қоса алатынына сенімдімін.

Экономикалық және саяси кездесулер қорытындысы бойынша қос тарап маңызы келіссөздер жүргізді. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ бірлескен мәлімдеме құжатын бекітті. Қабылданған қаулы аясында енді қос мемлекет көп істі бірлесе атқарады. 

Онымен бірге Жапония «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді түрде қатысу шартымен алмасты. Демек, ендігі жылы Астанаға Жапонияның жұрты мен бизнесмендері көптеп келеді. Нәтижесі де жаман болмайды, кәсіпкерлік байланыс артады. Ол келісімдер, әрине, ел экономикасына пайда түсіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Абэ мырзамен бірлескен мәлімдеме қабылдап, екі елдің арасында болашақта стратегиялық қатынас болады деп барлық істейтін болашақтағы шаруаларымызды тәмамдадық. Оның ішінде қарым-қатынастың ең жоғарғысы – сауда-саттық және экономика мәселесі. Бұл жағынан ауқым тауар айналым көбеюі үшін қандай шаралар қолдану керек екенін екіжақты үкіметаралық комиссияға тапсырдық. Қазіргі қарым-қатынастың негізі, ең бірінші болып энергетика саласында, атом энергиясы төңірегінде, уран төңірегінде, одан кейін инфрақұрылым төңірегінде, әсіресе машина құрылымы, ғылым мен техника мәселелері жөнінде біраз келесімдерге қол жеткіздік деп санаймын.

Бұл мәмілелердің нәтижесі алдағы уақытта көзге көрінеді. Нақтырақ айтсақ, жапон кәсіпкерлері Қазақ жеріне келіп жұмыс жасайды. Ол, әрине, ел экономикасының өсіміне ықпал етеді. Сайып келгенде жұмыс орындары ашылып, халықтың әлеуеті әлденеді. 

Қорыта айтқанда, Елбасының Жапонияға ресми сапары жұрттың қамы жолында жасалған жұмыстың бір парасы деп білдік.  

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков

3. Қазақстан мен Жапонияның білім саласындағы ынтымақтастығы артады

Қазақстан Жапониямен экономика, саясат, гуманитарлық бағытта терең қарым-қатынас орнатқан. Білім саласында да біргеміз. 

Мәселен, атақты Токай университетімен байланысымыз берік. Токай – Жапониядағы ең даңқты оқу ордасы. Іргесі 1942 жылы қаланған. Қазіргі уақытта оқу орнының АҚШ, Дания, Австрия, Оңтүстік Корея және Таиландта өкілдіктері бар.

Сондай-ақ Қазақстандағы Назарбаев Университетімен де жақсы қарым-қатынас орнатқан. Біздің студенттердің бір парасы сол білім ошағында оқып, тәжірибе жинап жүр. 

Әріптестік одан әрі де ширай түспек. Бұл игі істердің басында, әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Жапондықтар Президенттің еңбегін ескеріп, техника ғылымдарының докторы атағын берді.

Бұл ғылыми атақ 1942 жылдан бері білім саласына ерекше көңіл бөлген 6 саясаткерге тапсырылыпты. Соның бірі және бірегейі – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Конечно, одной из важных отраслей является наше сотрудничество в образовании. Успешное сотрудничество в этой отрасли для Казахстана очень важно. Тем более сотрудничество с таким университетом, древним и имеющим большую репутацию для нашего молодого государства. Сегодня Астана стала одной из крупных научно-образовательных центрах Евразии. И мы сами привлекаем молодежь для обучения в нашем университете, надеюсь, что японская молодежь тоже будет учиться в этом университете в порядке обмена. И мы увеличим направление нашей молодежи в ваши университет. 

Ғылыми дәрежеден бөлек жапон жұрты Елбасыға «Хиросима қаласының айырықша құрметті азаматы» атағын берді. 

Қала мэрі Кадзуми Мацуи Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем үшін күрестегі еңбегіне ризашылығын білдіріп, Хиросимаға келгеніне барша тұрғындар атынан алғыс айтты. Сәкен Сейітханұлы әңгімелейді. 

Сәкен Сейітханұлы, тілші

-1945 жылдың 6 тамызында Хиросима ядролық қарудың қылышына ілінді. Екінші дүниежүзілік соғыста өз еркімен берілмегені үшін АҚШ атом бомбасын тастады. Қала күлге айналып, 70 мың жергілікті жұрт төрт мың градустық ыстықтың жалынынан жан тапсырды. Қала тоқсан пайызға жоғалды. Бірақ сол кездегі сауда-өнеркәсіп палатасының көрме орталығы болған мына ғимарат радиация соққысына қарсы тұрды. Тіпті қабырғасының бір бөлігі де құламады. Бүгінгі күні бұл «Атом күмбезі» қаланың қақ ортасында суық күннің сақшысындай сақталып тұр.

Бұл ғимарат бейбітшілік мемориалды саябағының аумағында орналасқан. Мұнымен бірге бұл жерде 1945 жылы қаза тапқандарды еске алу ескерткіші бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Хиросима қаласына келген тұста ядролық зұлматтан сыр шертетін орынға келді. «Кенатаф» ескеркішіне гүл дестесін қойып, атомнан кесірінен көз жұмғандарды еске алды. 

Қала мэрі Кадзуми Мацуи Президентке мемориалды музейді көрсетті. Аймақ байшысы 1945 жылы жарылыс болған күні қала қақырап қалғанын айтты. Жайқалып тұрған мекен күлге айналып кеткен. Оны жапондықтар арнайы макет етіп жасаған. Радиация сәулесінің жоғары болғаны соншалық темірдің өзін балқытып жіберген. Оны кішкентай балақайдың велосипедінен байқауға болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Презденті 

-Когда ходишь по музею и видишь, как гибли дети, женщины, старики, да и вообще люди. При взрыве половина города погибла, как и мы после семипалатиского полигона, в третьем поколении чувствуем заражение. Люди горели в огне, дома сносило взрывной волной. 

Зобалаңның зорын бастан кешкен Хиросима халқы сұм қарудың қасіретін біледі. Сол себепті адамзат баласының басына ондай күн тумасын қалайды. 

Қазақстан Президентінің үлкен мінберлерден сөйлеген сөзін үнемі құптайды. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаевтың атомсыз әлем құру ұстанымы бұл жұрттың жүрегіне жақын. Осыны ескерген қала билігі Елбасыға Хиросима қаласының айырықша құрметті атағын берді. 

Осы уақытқа дейін шетелдің көшбасшылары мұндай құрметке ие болмаған. Елбасы әлем Президенттері ішінде бірінші болып марапатталды. 

Көрсетілген ілтипат үшін Қазақ елінің көшбасшысы Хиросима қаласының билігіне алғыс айтты. Ең алғаш ядролық қару жарылған жерден әлемге үндеу жариялады. Атомнан аулақ болуға шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Презденті 

-Біздің елдеріміздің арасында бір-біріне ұқсас түсінетін көп мәселе бар. Әрине, ең біріншісі – жаппай жоятын қаруға қарсы күрес. Ол мәселенің қаупін Жапон елі мен Қазақстан сияқты түсінетін басқа бірде-бір ел жоқ. Осыменен осы қалада болған алапат қасірет ешуақытта қайталанбасын.

«Ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан зор үлесі үшін» «Гои» бейбітшілік қоры да Ел Президентін 2016 жылғы Әлем мәдениеті арнайы сыйлығымен марапаттады. Арнаулы сыйлықты салтанатты жағдайда «Гои» бейбітшілік қорының төрайымы Масами Сайонджи мен қор президенті Хироо Сайонджи табыс етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сегодняшней премие вы демонстрируете солидарность, отдаете дань и уважения кахастанскому народу, испытавшему на себе ужасы 40 летнего ядерного испытания на нашей земле. Это премия имеет особое значение для меня. По скольку я посвятил четверть века вопросам построения бесопасного мира, развитию межнационального и межконфеционального диалога в нашей стране. И страна послужила премьером для других государств.

Хиросима қаласының халқымен кездесуден соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Сөйтіп Президенттің бұл шаһарға сапары тарихта таңба болып жазылды. Мұндағы жұрт ел Президенті мен Қазақстанды еш уақытта ұмыт қалдырмайды. Өйткені екі елде атом бомбасынан жараланды, оның зардабына «Заманай» деп ән арнады. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков

4. Елбасының Жапониядағы жемісті сапары Оңтүстік Кореяда жалғасты

Шығыс Азиядағы бұл мемлекетпен де дипломатиялық байланысымызға 25 жыл толған. Біздегі 130 ұлттың бір бөлігі де – осы корей ұлтының диаспорасы. 

Бүгінде Қазақстанды өз отаны санайтын олар екі елдің арасын жалғайтын, достығын бекіте түсетін көпір іспетті. 

Мемлекет басшысы бұл сапарда Таң самалы елінің Президенті Пак Кын Хемен, қалталы инвесторлармен кездесті. 

Корейлік компаниялар мұнай-газға, ауыл шаруашылығына қатысты жобаларды жүзеге асыруға ниетті, Қазақстанда жұмыс істеуге ынталы екендерін жеткізді. Өйткені Қазақстанда шетелдік инвесторларға жайлы жағдай жасалған. Сондықтан қызығады беделді кәсіпкерлер. 

Қазірдің өзінде біздің елдің аумағында 400-дей Қазақ-Корей біріккен кәсіпорны жұмыс істейді. Ал бұл сапардағы бизнес-форумда 1,5 млрд долларға таяу келісім жасалды. Елбасының Корей жеріне жасаған сапары туралы Мұхтар Ыбырайым тарқатып айтады.

Бұл – алты құрлыққа аты мәшһүр Оңтүстік Корея. Азияның 4-ші экономикасы. «Шығыстың Жолбарысы» деген атқа лайық. Біздің елге ықыласы ерек. Тәуелсіздік алған тұстан байланыс орнатып, экономикамызға қолғабыс болып келеді. Бірақ бұл сапар қарым-қатынасқа тағы бір мәрте тың серпін берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі Пак Кын Хенің шақыруымен келді. Бұл Президенттің Корея астанасына бесінші рет аялдауы. Соның ішінде таңғы шық еліне жасалған үшінші мемлекеттік сапар. Мәртебесі биік. Чхонваде сарайында Елбасыға ең жоғары деңгейде құрмет көрсетілді. 

Биыл корейлердің Орталық Азияға көшірілгеніне – 80 жыл. Олардың дені біздің елде тұрып жатыр. Корея Республикасының Қазақстанға ыстық ықылас танытуына бірден-бір себеп осы. Есесіне, қазба байлықтары мен көлік-транзиттік әлеует, елдегі тұрақты саяси жүйе қызығушылықты тек еселей түспек. 

Астанада сауда-инвестициялық қауқары күшті Сеулмен байланысты бекемдеуге әзір. Сөзіме дәлел, қос ел көшбасшылары стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы декларация қабылдады. 

Келіссөздер барысында тараптар қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды. Күн тәртібінде тұрған түйткілдің бірі – ядролық қарусыздану. Солтүстік Кореяда жиілеп кеткен ядролық сынақтарға Сеул алаңдаулы. Ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы ретінде Қазақстан бұл мәселені БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде көтеретініне сенім білдірді. Тараптар сан-салада сөз қозғады. Кибер қауіпсіздіктен бастап, көлік логистикаға дейін. 

Бұл орайда корей бизнесі Қазақстанның Ляньюнган портындағы терминалы арқылы жүк тасымалдауға қызығушылық танытты. Бұл желімен әрі қарай Еуразиялық экономикалық Одақ пен Еуропа нарығына шығуға болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы завершили строительство своего терминала в порту Ляньюнган на Тихом океане. Через него сегодня проходят контейнеры, которые раньше ходили по морю за 45 суток до Европы. Сейчас за 2 недели от Ляньюнгана контейнеры попадают в Европу. Уже около 1 млн контейнеров мы перевезли. Это хорошоая, новая дорога для наших контактов. Все эти дороги могут быть использованы.

Осы күнге дейін Корей бизнесмендерінің Қазақстан экономикасына құйған қаржысы 10 млрд долларға жуықтады. Қазір елімізде 500-ге тарта бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Мұндай әріптестіктің аясы тек кеңейе бермек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы предлогаем корейским компаниям площадку для реализации проектов в специальных экономических и индустрияльных зонах нашей страны. Кроме того, данные зоны в управление корейским компаниям. Сегодня мы с президентом говорили о том что бы создать зону свободной торговли с ЕАЭС. Казахстан в этом году председатель. Мы приветсвуем желание Кореи воидти в это свободное пространство. Это было бы очень хорошо для всех. И мы будем продвигать эту вашу идею.

Корея ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақылды қала салу, инфрақұрылым мен құрылыс саласын жетік меңгерген. Бұл – кез келген нарыққа қажет тәжірибе. Іскерлер өз жетістіктерімен бөлісуге дайын. 

Шин Санг Хо, Kolon Group директоры

-Корей компанияларының экономиканы дамытуда үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан кездесу екі елдің өркендеуіне мүмкіндік береді деп есептеймін. Біз Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға күш салсақ дейміз.

Мұxтар Ыбырайым, тілші

-Алдағы уақыт мұнай-газ саласындағы ынтамақтастықты арттыру жоспарда бар. Корейлік тарап еліміздің батыс өңірінде газ конденсатын қайта өңдейтін бірлескен кәсіпорын ашуға құлшыныс танытып отыр. Бұдан бөлек, медициналық туризмді дамыту жайы қозғалды. Болашақта Қазақстанда корей үлгісіндегі медициналық орталықтар бой көтеруі мүмкін.

Бұл трансұлттық компаниялардың дені біздің елде бұрыннан жұмыс істеп жүр. Алдағы уақыт мұнай-газ, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға атсалыспақ. Басымдық өңдеуге беріледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Барлығының да Қазақстанда жұмыс істейтін ынтасы зор. Біз соны пайдалануымыз керек. Екіжақты бизнес-форумның аясында 1,5 млрд долларға жақын келісім жасалды. Біздің қол қойған ресми құжаттардың да жалпы көлемі 1,2 млдр доллардан артық. Қазіргі жағдайда бұл бізге өте қажет. Ең үлкен жұмыстың бірі – Балхаш ГЭС. Бізге өте қажет. Алматы облысында ең ірі өндіріс болады. Соның жұмысын бастау жөнінде біз келістік.

Корея келер жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесінде белсенділік танытпақ. Шара барысында жасыл экономикада қол жеткізген ең соңғы технологияларын паш етпек. Осылайша екеуара байланыс ерекше қарқын алды деуге негіз бар. Мұны елдің бұрынғы басшысы Ли Мен Бак та атап өтті. 

Елбасымен кездесуде тараптар қазіргі қазақ-корей қатынасының жағдайын бір таразылады. Қос тарап білім беру саласында да серіктестікті күшейтпек. Алдағы уақыт Қазақ елі осы бағыттағы жұмыстарды ширатуға бел буып отыр. 

Адамзаттың келешегі нақ осы ғылым мен инновацияда. Ёнсе университетіне барған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мұнда Елбасыға жоғары оқу орнының Құрметті докторы атағы берілді. Білім ордасы Кореядағы үздік университеттің үштігіне кіреді. Іргесі 1885 жылы қаланған. Қазір онда 50 мыңнан астам студент оқып жатыр. 

Юн Хак Ким, Енсей университетінің ректоры

-Біз үшін бұл атақты беру үлкен мәртебе. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, әлеуметтік-экономикалық даму жолында зор табыстарға жетті. Құрметті доктор атағының берілуі осы еңбегіңіздің жоғары бағалануының белгісі.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде қазіргі заманның құндылықтары мен ғылым, инновациялардың қыр-сырын қаузады. Бұл орайда даңғыл жолмен жүріп өткен корей әдісі көпке үлгі. Президент Қазақстанның да индустриялық жолды таңдағанын айтты. Сондықтан инновациялық білім беруге үлкен мән беріліп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Учитывая общие орриентиры, в ближайшем будущем мы намерены сместить акцент в нашем сотрудничестве с Республикой Корея в сторону реализации наукаемкиx инновационныx проектов. И здесь ведущую роль должны сыграть тестные взаимодействия университетов, исследовательскиx институтов и центров двуx стран. Одновременно мы намерены расширить образовательный обмен среди молодежи.

Мұнан соң Нұрсұлтан Назарбаев Кореяның жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақ студенттерімен кездесті. Ақыл-пайымымен бөлісіп, жиған білімдерін еліміздің өркендеуіне жұмсауға шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Экономикалық қарым-қатынас Кореямен қандай? Сол компаниялармен жұмыс істейтін мамандар керек. Ол сендер боласыңдар. Бұл жақта да, ол жақта да істейтін, дипломатия да істейтін боласыңдар. Сондықтан қазірден бастап, өздеріңнің болашақ өмірлерің үшін үлкен шаруа жасап жатсыңдар. Қазір жағдай бар кезде көбірек білім алыңдар, жарай ма?! 

Сапар аясында Елбасының өмірбаяны корей тілінде жарық көрді. Тағылымы мол туындының авторы, Президент кеңсесінің бастығы – Маxмұд Қасымбеков. Ол ұзақ жылдар бойы Мемлекет басшысының қарамағында қызмет етіп келеді. Бұған дейін кітап қазақ, орыс, ағылшын, серб, венгер, неміс және араб тілдерінде жарық көрген болатын. Туындының корейлік аудармасын әзірлеуге Енсей университетінің мамандары атсалысты.

Маxмұд Қасымбеков, кітап авторы, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы

-Бұл кітаптың құндылығы бір ғана адам Н.Назарбаевтың өмірбаяны ғана емес, сонымен қатар Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның тарихы деп айтуға болады. Бұл кітап корей оқырмандары үшін жақсы бір рухани азық болып, екі ортадағы мәдени достығымызды нығайта береді деп сенім білдіремін.

Нұрсұлтан Назарбаев жайлы туындыны корейлік оқырман жылы қабылдады. Мұнда Қазақстанның ең бертінгі тариxы жайлы мағлұмат көп.

Чой Дже Кен, қоғам қайраткері

-Бұл кітапта құнды деректер көп. Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне деген ыстық махаббаты сезіледі. Сондықтан оның өмір жолы корей халқына өте қызықты болады деген ойдамын.

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры

-Бұл тек қана Елбасының өміржолын таныстыру емес, осы кітап арқылы бүкіл қазақтың тарихын, жаңа Қазақстанды бүкіл корей халқы біледі деген сенімдеміз. 

Жаңа Қазақстанмен бірге, корейлер оның тілін де біледі. Мұнда қазақ тілін меңгерген жастардың бары қуантады. 

Чой Ен Сон, студент

-Біздің университетімізде 30 студент қазақша оқып жатыр. Болашақта Қазақстан дамыған ел болады деп санаймыз. 

Президент кестесі тығыз болды. Саяси-экономикалық, қоғамдық кездесулер рухани шараларға ұласты. 

Бұл – Отан үшін құрбан болғандар монументі. Сапарлап келген меймандардың осы ескерткішке соғатын игі дәстүрі бар. Қонақтар Отан үшін опат болғандардың рухына тағзым етеді. Бұл маңайда Корей соғысы мен Вьетнамда қаза тапқан 165 мың адам жерленген. 

Мұxтар Ыбырайым, тілші

-Өрлеген, өркендеген Корея. Біз тұрған ғимараттың 45-ші қабатынан бұл елдің қандай жетістіктерге қол жеткізгені бірден көрініп тұр. Қазір Оңтүстік Корея дамыған инновациялар дәуірінде өмір сүріп жатыр. Біздің елді де болашақта осындай жетістіктер күтіп тұрғаны хақ.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Руслан Жәкеев, Хасен Омарқұлов, Алмаз Омарғалиев 

5. Н.Назарбаев: Ел алдындағы жауапкершілік шаршатпайды

«Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» деген сөзі бар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың. Иә, Мемлекет басшысының сөзі ісіне сай. «Елімнің алдындағы жауапкершілік жоғары болғандықтан, қарқынды жұмыс шаршатпайды», – деген-ді осы сапарларын қорытындылағанда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Это моя работа, поэтому я от этого не устаю, от работы, от ответственности, которая на мне есть перед страной, перед народом. Конечно, устаешь, не высыпаешься. Я эти дни сплю 3-4 часа максимум, ну не получается, хоть и ложишься, все равно не спишь. Месяц назад, когда объявили, что я лечусь от простудного заболевания, я читал тысячи пожеланий мне здоровья, сочувствия казахстанцев, это было приятно. Пользуясь случаем, хочу всех поблагодарить, каждого за то, что писали на сайтах, в Интернете, блогеры писали. Большое спасибо всем за такое сочувствие и пожелания.

Қазақстанның игілігі үшін тыным таппаған Президенттің қауырт жұмысын баяндайтын бейнебаянды көрейік, ендеше.

Осы аптада әлем назары АҚШ-қа ауды. Ақ үйдің тағына 45-ші болып кім отырар екен деп жаппай Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың жекпе-жегін бақыладық. Сөйтіп 276 дауыспен миллиардер Дональд Трамп АҚШ-ты 4 жыл басқару құқығына ие болды. Сонымен Дональд Трамп кім? Аз-кем ақпаратқа назар салыңыз!

Жасы – 70-те. Миллионер отбасында дүниеге келген миллиардер. Тәртібі қатал әскери академияда оқыған. Бала арманы кинематография саласы еді, бірақ әке жолымен экономикалық білім алған. Қазір дүние жүзіндегі атақты байлардың санатында. 

Дональд Трамптың 2016 жылғы қоры 4,1 млрд долларды құраған. АҚШ-тағы ең мықты, ең таңдаулы ғимараттар да осы Дональд мырзаның иелігінде. Құрылыстан бөлек білім, спорт, туризм, киім-кешек, өндіріс бағытында да табысты. Айтпақшы, «Әлем аруы» байқауының негізін салушылардың бірі. Киноға да түскен. Телеарнада реалити-шоу да жүргізген. Миллиардердің әр бағдарламаға алатын қаламақысы 3 млн доллардан кем емес көрінеді. 

2015 жылы Дональд Трамп: «Ең жақсы Президент болам. АҚШ-тың барлық азаматын байлыққа кенелтем», – деп жар салды. «Ресеймен де арадағы салқындықты жылытам», – деді. «Мексика мен Таяу Шығыстан ағылатын мигранттардың жолын кесем. Америкада туылған мигранттың баласына азаматтық беретін заңды өзгертем», – деді. Айтылған сөз атылған оқ. Елі сеніп, қолдады. Енді магнат уәдесін орындауы тиіс. 

Ескендір Ақылбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері

-АҚШ-тың келесі Президентінің алдында күрделі бірнеше мәселе тұр. Араб елдері, әсіресе Сириядағы жағдайды біржақты етіп шешу керек. Болмаса ол ұзаққа созылып, тіптен ушығып кетуі мүмкін. Азия-Тынық мұхит аумағында Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы әлемнің бас ауруына айнала бастады. Ал Қазақстан мен АҚШ-тың арасындағы қарым-қатынас қайсысы Президент болса да бұрынғыдай достық, ынтымақтастық бағытта болады деген сенім бар.

Биыл Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы дипломатияға 25 жыл толыпты. Осы жылы қатынас АҚШ-тың 45-ші Президентімен де жалғасын табатынын айтып, Дональд Трампты жеңісімен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеделхат жолдады. 

«Сіздің басшылығыңызбен Америка Құрама Штаттары дүние жүзінде тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтау және өсіп-өркендеу жолында тірек болып қала беретініне сенімдімін», – депті жеделхатта. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы әріптестігіміздің маңызды кезеңіне айналатынына сенім білдірді. 

«Біз Кеңес жұмысына елеулі үлес қосып, АҚШ-пен барлық өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға әзірміз», – делінген. 

Құттықтау хаттың соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа табыс тілеп, оны Қазақстанға сапарлап келуге шақырды.

6. Бюджет бекітілді

Осы аптада Мәжіліс еліміздің басты қаржылық құжатын бірауыздан мақұлдады. 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылауға Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері түгел қатысты.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың баяндауынша, алдағы үш жылда бюджет түсімдерінің негізгі көзі болып табылатын мұнай бағасы барреліне 35 доллар болады деп болжанып отыр. 

Халықтың жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 2017 жылғы 7,5 мың АҚШ долларынан 2021 жылы 10 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Шығыстар 26 триллион теңгеге жуықтайды. Келер жылы экономикалық өсім 1,9 пайыз, 2021 жылға қарай 3,1 пайызға өседі деп болжануда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Үкімет әлемдік нарықтағы шикізат бағасының тұрақсыздығына қарамастан, әлеуметтік кепілдіктерді толығымен қамтамасыз ететін болады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі

-Бюджетті жобалаған кезде мұнай бағасын, металл бағаларын сақтықпен қарап отырмыз. Елбасының тапсырмасы бар. Осындай жағдайға қарамастан, халықтың алдындағы барлық әлеуметтік ұсыныстардың барлығы сақталады. Оны өздеріңіз көріп отырсыздар. 

7. Бірінші байлық – денсаулық

Сондай-ақ осы аптада Үкімет медициналық қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған «Денсаулық» бағдарламасының іске асырылу барысын және бәсекелестікті арттыру мәселесін қарады. 

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Денсаулық сақтау министрі мен Білім министріне Медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерін қайта қалпына келтіруді тапсырды. 

Бақытжан Сағынтаев Президент саясатының нәтижесінде Тәуелсіздік жылдары елімізде 1300-ден астам денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілгенін атап өтті. 

Жылдың соңына дейін тағы да 350 дәрігерлік амбулатория мен емхананың құрылысы аяқталмақ. Ана өлімі 5 есеге, бала өлімі 3 есеге азайды. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғайып отыр. 

Бағдарламаға сай енді онкологиялық аурулардың алдын алуға мән берілмек. Себебі жыл сайын 17 мың адам қатерлі дерттен көз жұмады екен. Оның 42 пайызы – еңбекке қабілетті азаматтар. Ол мақсатқа медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенде ғана қол жеткізе аламыз. 

8. Міндетті медициналық сақтандырудың мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне ауыстырылды

Міндетті медициналық сақтандыру демекші, жүйеге көшудің уақыты кейінге шегерілді. Оның мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне ауыстырылды.

Сәрсенбінің сәтінде тиісті құжатты Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Біз осы тақырыпты талқылау үшін «Жеті күннің» студиясына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованы шақырдық.  

Жүргізуші: 

-Тамара Қасымқызы, Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшуді неліктен кейінге шегермекпіз?

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Өздеріңізге белгілі әр 3 жыл сайын бюджеттік Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы билік пен орталық атқарушы орган өздерінің бюджеттік қарым-қатынастарын қайта қарап шығады. Биылғы Парламентте қаралып жатқан бюджетте, яғни 2017-2019 жылдарға арналған дәл осындай өзгерістер енгізіп отыр. Ол біздің саламызға да байланысты. Осы өзгерістерге сәйкес, енді жергілікті жердегі атқарушы органдар денсаулық сақтау саласында медициналық техникамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз етуді қолға алады. Оның әлеуетін өсіру және қажетті дәрі-дәрмектерді алу мәселесін қаржыландыратын болды. Ал кепілдендірілген медициналық көмек республикалық бюджет деңгейінде қарастырылатын болды. Бұл жалпы біздің отандық практикамыз. Қазіргі таңда барлық түрлі зейнетақыларды, жәрдемақыларды біз қазір республикалық бюджеттен өз уақытысында азаматтарға жеткізіп беріп отырмыз. Міне, осы өзгерістер біздің бүгінгі таңдағы заңнамаларымызға да өзгеріс енгізуге алып келді. Бірінші – бізбен мына орталықпенен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы функциялардың аражігін анықтау. Екінші, егер де бүгінгі таңда, медициналық мекемелер екі көзден қаржыландырылып отыратын болса, онда біз жаңа құрылып жатқан медициналық сақтандыру қорының есебінен қаржыландыру мәселесін қарап отырмыз. Себебі медициналық мекемелер, қазір, біріншіден, екі конкурсқа қатысады. Біреуі жергілікті жердің өткізетін конкурсы, екінші, республиканың конкурсы. Ал енді осы өзгерістерге сәйкес, біз қарастырып отырған, қор бір рет конкурс өткізеді. Бір рет қана мекеме қатысатын болады. Екінші, әрине, екі конкурс болғаннан кейін, екі келісімшарт болатын, енді бір келісімшарт болады. Сондықтан бұл медициналық мекемелерге өте қолайлы. Бірақ бұл келісімшарттар жылдың басынды жасалып, бір жылға жасалады. Ал енді біздің қолданыстағы заңнамаға сәйкес, міндетті сақтандыру қоры 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істеуі керек. Егер де біз дәл осылай заңға өзгеріс жасайтын болсақ, онда жылдың ортасында медициналық мекеме қайтадан конкурсқа түсіп, қайтадан қаржыландыру көздерін қарастырып, келісімшарт жасауы керек болады. Бұл енді тиісінше азаматтардың медициналық көмек алуына кері әсер еткізуі мүмкін. Сондықтан да Үкімет бұл мәселені 1 қаңтардан 2018 жылдың бастайық деді. Соған сәйкес, қорға түсетін қаржыларды 1 шілде 2017 жылға, яғни алты айға кейін шегерілді. Негізгі шегерілудегі себеп осы.

Жүргізуші: 

-Тиімділік приницпін алдыңғы орынға шығарып отырмыз дейсіз ғой?

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

- Иә, иә.

Жүргізуші: 

-Қазір енді әлемдік қаржы жүйесіне қарасақ, әртараптандыру менеджменттегі ең тиімді модельдердің бірі болып отыр. Ал қаражаттың бәрін бір қорға шоғырландыру медициналық сақтандырудың бір ерекшелігі. Бұл қаншалықты тиімді?

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Міндетті сақтандыру қорына келіп түсетін қаржылар әртараптандырылады. Яғни, мемлекеттен  экономикалық белсенді емес азаматтар үшін жұмыс берушілер де,  жұмысшылар үшін немесе азаматардың өздерінен болады. Яғни біз қаржының келіп түсуін әртараптандырдық. Бірақ сол қаржылардың әрі қарай жұмсалуын бір жерге шоғырландырып отырмыз. Сонда әрбір қаржы төлеген субьект мемлекет болсын, жұмыс беруші не азаматтың өзі қанша қаржы түскенін, кімге түскенін және олар қалай жұмсалып отырғанын көрсетіп отырады. Сондықтан да бұл біздің қарап отырғанымыз. Егер де азаматтардың алдында біз есеп беретін болсақ, онда бір қордан қаражатты төлеп отырған дұрыс. Әртараптандырылған ол қаржының келіп түсуі. Дәл осы еуропалық мемлекеттердің практикасы болып отыр. Сондықтан біз де бұл практиканы дұрыс деп есептейміз.

Жүргізуші: 

-Болашақта міндетті медициналық сақтандыру енген кезде жеке медициналық сақтандырудың тағдыры не болмақ? 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Жалпы бүгінгі таңда 4700-ге жуық жұмыс берушілер өздерінің 200 мыңға жуық азаматтарын жеке сақтандыру жүйесіне ендіріп отыр. Бірақ біз жеке сақтандыру жүйесімен біздің қазіргі міндетті әлеуметтік сақтандыру арасындағы айырмашылықты біліп алуымыз керек сияқты. Егер жұмыс беруші мені сақтандыратын болса, менің жұмысшы ретінде былай деп айтуыма болады: «Жылдық сізге берілетін страховкалық соммамыз 500 мың теңге көлемінде. Ал егер де медициналық көмегіңіз 1 миллионға дейін шығып кететін болса, одан да жоғары болатын болса, онда оны өзіңіздің есебіңізден төлейсіз» деп. Яки екінші түрі, сізге берілген жекеменшік жүйеден медициналық көмектердің түрін поликлинакадан алуыңыз мүмкін. Стационарлық көмек біз бере алмаймыз деп. Ал енді біздің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен берілетін көмек әр азаматтың қажетті медициналық көмегінің, қай жерде алмасын ол поликлиникада, ауруханада, емханада алмасын ол толық көрсетілуі қажет. Міне, екі айырмашылық. Сондықтан қазір біз заңда белгіледік. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен жеке түрдегі сақтандыру жүйесі бірдей жүруіне болады. Бірақ жеке сақтандыру жүйесін жасаған кезде мына біздің міндетті әлеуметтік сақтандыру пакетіне кірмеген медициналық көмек, мәселен, тіс ауруларын емдеу, косметология немесе басқа сервистерді осы жеке сақтандыру жүйесінен алуға болады.

Жүргізуші: 

-Қосымша қызмет түрлері ретінде қолданыла береді дейсіз ғой? «Жұмыс істемесек, табыс таппасақ, міндетті медициналық сақтандыруға қалай ілігеміз?» Бізге көрермендер осы сауалды көп қояды. Өзіңізден естісек.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Енді біз айттық, 2017 жылдан бастап, жұмыс істей бастайтын міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет төлейді деп. Бұлар балалар, жүкті аналар, балаларына қарап отырған аналар, зейнеткерлер, мүгедек азаматтар.

Жүргізуші: 

-Бұл азаматтарға мемлекет жауапты ғой?

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Иә, мұндай азаматтар саны 9,8 миллионнан артық. Ал екінші жұмыс жасындағы, денсаулығына байланысты жұмыс істей алатын азаматтар. Бірінші, егер ол жұмыс істеп жүрген болса, ол үшін жұмыс беруші төлеу керек. Ал өздері жұмыс тауып, қаражатын төлеуге, яки болмаса, соған қажетті жұмыс таба алмаған болатын болса, онда біздегі қазіргі аудан көлемінде жұмыс істеп жатқан, жұмыспен қамту орталықтарына барып, жұмыс іздеп тіркелуі керек. Яки болмаса, олардың берген мемлекеттік қолдауына ие болуы керек. Егер жұмыс іздеп тіркелетін болса, әрине, жұмыс ешқандай таба алмайтын жағдай болса, оған қажетті жұмыс таба алмай қалатын болса, онда оған жұмыс іздеп тіркеп, мемлекет төлейтін болады. Ал егер де оған оқуға баруға, басқа жұмысқа тұруына, микрокредит алуына біз қазір толық қолдау жасап жатырмыз. Осының бірін алып, жұмыс істейтін болса, ол әрине, сол тапқан қаржысының есебінен төлеп отыратын болады.

Жүргізуші: 

-Медициналық мамандардың сапалы болуы, бірінші кезекте, ЖОО оларға берілетін білімнің сапасына тікелей байланысты. Жақында Премьер-Министр медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерін қайта қалпына келтіруді тапсырды. Мұндай жағдайға неліктен тап болдық және мамандарды дайындауды қашаннан бастамақшысыздар, педиатр мамандары емханаларға қашаннан бастап қайтпақ?

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Премьер-Министр осы апатада бізге 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ЖОО орындарында педиатрия факультеттерін ашу жөніндегі тапсырманы берді. Сондықтан біз бұл жұмысты 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастаймыз. Оның негізгі себебі елімізде 2009 жылдан бері енгізіліп келе жатқан отбасылық семья институтын дамыту. Қазір отбасылық дәрігер бүкіл отбасының денсаулығын қарайды. Отбасында бір емес бірнеше ұрпақтар болуы мүмкін. Сол ұрпақтардың арасындағы сабақтастық. Мәселен, генетикалық ауру болатын болса, онда ол ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін. Оның алды алу, отбасын жоспарлау, егер де бала дүниеге келетін болса. Яки болмаса, инфекциялық аурулар, туберкулез ауруы болатын болса, онда оны бір-біріне жұқтырып жібермеу. Санитариялық ахуалды қарастыру. Және үшінші мәселе, бүгінгі таңдағы тұмау ауруларының өзінде, баладан ата-анасына жұғуы немесе ата-анадан балаға жұғуы сол сияқты мәселелерді отбасылық дәрігер қарайды. Оның негізгі жұмысы – аурудың алдын алу. Және бірінші медициналық көмекті көрсету. Ал егер де оның құзыретінен шығатын мәселе болатын болса, онда бала ауырып қалған болатын болса, оны ол емханадағы педиатр дәрігерге көрсетуі қажет. Сондықтан да Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, біз емханаларға сол педиатр штаттарын қайтадан енгізетін боламыз. Сонда әрбір отбасы баласымен дәрігерге келген кезде, бірінші отбасылық дәрігер қарайды, сонан кейін тура сол жерде сол емханада отырған дәрігер өзінің консультациясын беретін болады. Бұл тапсырманы біз осылай орындағалы отырмыз.

9. Үйі бардың күйі бар

Бахыт Әділбекова жалғызбасты ана. Ұлы Асылжан Бақытжанұлын қатарынан кем қылмай өсіріп келеді. Мектепте қазақ тілі пәнінен дәріс беретін ұстаз «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» арқылы тұрғын үйге қол жеткізген. 

Бахыт ұлы алты жасқа келгенге дейін пәтерден-пәтерге көшіп күнелткен. Қазір ұядай ғана екі бөлмелі үйі жанға жылу сыйлайды. Жуырда қоныстойын тойлаған ол: «Жалдамалы әрі қолжетімді баспанаға ие болам деп ойламадым», – дейді.

Бахыт Әділбекова, Шымкент қаласының тұрғыны

-Осы КИК бағдарламасын естідік те бәріміз құжат жинауға кірістік. Негізі басында жалдамалы пәтер дейді соған кезекке қойғанбыз. 2013 жылы ақпан айында бізге қоңырау шалып: «Келіңіз құжаттарыңызды бір реттеңіз. Кілтіңізді аласыз», – деді. Мен сенбедім, әрине. 3 жылдан бері күтіп жүргенде не жағдайлар болды ғой енді.  

Келесі кейіпкер Жанна Қадырова көп балалы ана. «Ұл мен қыздың несібесіне осы үш бөлмелі үй бұйырған болар», – дейді ол. 2003 жылы пәтер кезегіне тұрған Жанна араға 13 жыл салып барып баспаналы болып отыр.

Жанна Қадырова, Шымкент қаласының тұрғыны

-Бізде қазір Құдайға шүкір бәрі жақсы. Өз үйіміз бар. Жалдамалы пәтерге 50 мың теңге төлесек, қазір өз үйімізге 70 мың теңге төлейміз. Түбі үй өзімізге қалады бастысы.

Аяқтан тік тұрып келе жатқан жас отбасы: «Алдағы уақытта қазақтың қара домалақтарының санын көбейтуді естен шығармаймыз», – дейді. Бастысы баспана бар.  

Жанна Қадырова, Шымкент қаласының тұрғыны

-Құдайдың бергеніне қарай көреміз. 4 бала аман болсын деймін. Құдай берсе тастамаймыз, көреміз.

Елімізде салынып жатқан арзандатылған жалдамалы баспаналардың мүмкіндіктері мол. Мәселен, ай сайынғы төлемақы көп емес. Ал 20 жылдан соң үйдің ақысын толық құйғаннан кейін, өз пәтеріңіз болады. 

«Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ  мамандарының пікірінше, баспана бағасы шаршы метріне 950 теңге күйінде сақталатындығын айтады. Қазір Шымкентте баспана құрылысы қарқын алған. «Жуырда 7 қабатты 96 пәтердің кілті табысталуға таяу», – дейді құрылыс компаниясының өкілдері.

«Қазақстан Ипотекалық компаниясының» іскерлігіне үй соғып жатқан құрылысшыларда дән риза. Себебі үйді салу барысында қаржы уақытылы бөлінді. Осының арқасында жұмысшыларға беретін жалақы мен сатып алатын құрылыс материалдары жеткілікті болған.  

Мұрат Елікбаев, құрылыс компаниясының өкілі

-Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қаражаттан қиналған жоқпыз. Жұмысты бастар алдында «Қазақсан Ипотекалық компаниясынан» 50 пайызын алдық. Осы ақшаға жұмысшыларға нәпақасын тауып беріп отырдық. Қалған ақшаны мемлекеттік комиссия үйді қабылдап алған соң алып отырдық.

Шымкент пен Түркістан қалаларында салынып жатқан көп қабатты жалға берілетін тұрғын үйлерді қаржыландыру «Бәйтерек» Холдингінің еншілес мекемесі «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» іске асыруда. Түркістандағы жалға берілетін баспаналар негізінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тұрғызылмақ. Яғни екі жылда 2220 отбасыны пәтермен қамтылады. 

Фурқат Абдукаримов, құрылыс компаниясының бөлім бастығы

-Бұл үйлер жайлылығы жағынан 3-сыныпқа жатады. Яғни қонақ бөлмесінің алаңы 9 шаршы метрді құрайды. Жуынатын бөлмесі өз алдына бөлек орналасқан.

Ипотекалық компания арқылы тұрғын үйге талаптанғандар қатары оңтүстікте күн санап артып келеді. Алайда баспана кезегінде тұрғандар саны 43 мыңды құрап отыр. Өңірлерді дамытудың 5 жылдық бағдарламасы барысында «Бәйтерек» Холдингі» мен «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» 1 миллион 400 мың шаршы метрге баспана салуды жоспарлап отыр. Бұл еліміз бойынша іске аспақ.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов