Хабар телеарнасы

Жеті күн 04.03.2017

Сюжеттер
1. Ата Заңымыздағы 98 баптың 23-іне өзгеріс енгізілмек 2. Конституциялық реформа 3. Жаңғырту 3.0
4. Тарихи шешім 5. Сан сауалға жауап 6. Парламент Үкіметтің үстінен қарайды
7. Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды 8. Мәжілістің жеті комитеті жеті саланы жеке сараптады 9. Фракциялар отырысы
10. Конституциялық реформа – елді біріктіретін шешім 11. Жемқорлықпен күрес 12. Жаһандық қауіпсіздік
   
13. Ынтымақтастық көкжиегі    

1. Ата Заңымыздағы 98 баптың 23-іне өзгеріс енгізілмек

Бұл реформа елдің дамуына қалай ықпал етуі мүмкін? Жаңа жағдайда Үкімет пен Парламентке қандай міндеттер жүктеледі? Қай билік тармағының билігі артады? Саяси жаңғыру төңірегіндегі сан сауалды «Жеті күн» ұжымы саралайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бір айқын мәселе – Қазақстанның өзіне тән саяси моделі, яғни тұрақты президенттік билік сақталады. Сонымен бірге Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктері неғұрлым кеңейіп, рөлі арта түседі. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып айтайын, өкілеттікті тиімді қолданудың өзі  асқан өнер. Біздің президенттік билік жайында осы жылдардың ішінде неше түрлі сөз айтылғанын білеміз. Өзімізде де, сыртта да. Бірақ біз өзімізге, қазақстандықтарға, халқымызға не керек, сонымен жүрдік. Осы нағыз дұрыс жол. Біз өз ішіміздегі жағдайды түзейтін болсақ, басқаның барлығы өз орнына келеді.

Ескерген жөн, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу бір сәтте қабылданған шешім емес. Бұл үрдіс тамырын Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан тартады. 

Қазіргі қолданыстағы Ата Заңның 1995 жылдың 30 тамызында қабылданғаны, сізге таныс?! Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде бекітілген басты құжат Жоғарғы Кеңестің шексіз билігін шектеп, қос палаталы Парламенттің құрылуына негіз болды. Осылайша «халық қалаулысы» деген тіркесті тілге тиек етер күн туды. Яғни депутаттарды өзге емес, халық өзі сайлады.

Десек те, бұл өзгерістер, көп ұзамай, түйткілді мәселелердің түйінін шешуде қауқарсыздық танытты. Сөйтіп 1998 жылдың 7 қазанында Конституция уақыт тудырған жаңа түзетулермен толықты. Саяси партиялардың тізімі бойынша жанама сайлау жүйесі енгізілді. Ондағы мақсат азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу белсенділігін арттыру еді. 

2007 жылдың 21 мамырында Конституция кезекті рет кеңеске салынды. Ол реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен тежемеліліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Бүгінгі жаңғыру – соның жалғасы. Бірақ бұл жолғының жүгі ауыр. Әсіресе заң шығарушы және атқарушы органдар үшін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Напомню 3 года назад на съезде партии «Нұр Отан» я подчеркнул, что вслед за программой 5 реформ должна быть проведена конституционная реформа. Это задача всегда была в поле зрения у нас, и у меня лично. Поэтому в марте прошлого года, в день парламентских выборов, надеюсь, вы помните, я еще раз четко сказал, что перемены в системе государственного управления необходимы и произойдут.

 2. Конституциялық реформа

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы депутаттарға артылар жүктің ауыр да ауқымды екенін тағы бір мәрте ескертті. Жауапкершілікті естен шығаруға еш негіз жоқ. Әсіресе қазіргідей қатері басым дәуірде.

Тізгін ұстағандардың арасында теңдік болып, олар кемдік қылмаса, кеңдік өмірге кепілдік бар. Қарапайым формуланы халық та қалайды. Қаламаса, Конституциялық реформаны талқылау тартысты өтер ме еді?!

Бір айдың ішінде қоғамдық-саяси ортада 2 мыңдай, ғылыми-шығармашылық ортада 50-ден аса республикалық деңгейдегі басқосу өткен. Ал, аймақтарда 10 мыңға жуық шара ұйымдастырылып, оған шамамен 2 миллион адам қатысыпты. Нәтижесінде 6 мыңға жуық ұсыныс түскен. Тіпті кейбір баптарға қатысты қоғамдық резонанс туындағаны да мәлім.

Мәселен, Ата Заңның 26-бабы. Мұндағы «Қазақстан Республикасының азаматы» деген сөзді «әркім» деп ауыстыру ұсынылды. Бастапқыдағы мақсат инвестициялық тартымдылыққа жол ашу болатын. Алайда бұл мәселеде азаматтардың ойы бір арнада тоғыспады. Сол себепті Президент 26-шы бапты бұрынғы қалпында қалдыруды жөн санапты. Әрине, «саусақ бірікпей, ине ілікпейтіні» ақиқат.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған пікірлерді алда жеке-жеке жіліктейміз. Ал қазір өкілеттіктерді қайта бөлу ісіне тікелей жауапты жұмыс тобының жұмысын қорытсақ. 12 адамнан құралған топ не тындырды? 

Жұмыс тобы жарады. Білікті заңгерлер мен билік өкілдерінен құралған ұжым өзгерістерді тыңғылықты сараптады. Қоғамның да белсенділігі жоғары. Жалпыхалықтық талқылаудың нәтижесінде 6 мыңнан астам пікір мен ұсыныс келіп түскен. Олар Конституцияның үштен екі бөлігін қамтиды. Елмен етене араласқан жұмыс тобы әр ұсынысты жеке қарады. Таразылады. Сөйтіп, Ата заңның 23 бабы мен заңдарға 35 өзгеріс енгізу жөнінде байламға келді. Олардың басым бөлігі президент құзырындағы бірқатар өкілеттіктерді үкімет пен парламентке беруді көздейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Өздеріңіз білесіздер, басқа елдерде керісінше Президенттің өкілеттігін жоғарылату үшін референдумдар өткізіп, Конституцияларға өзгерістер енгізіп жатады. Біз керісінше. Себебі 25 жылдың ішінде Президенттік басқару жүйесі өзінің алдына қойған мақсатын орындады. Елдің дәрежесін дүние жүзінде көтерді. Халықтың әл-ауқатын көтерді. Өркендеу мәселесі әрі қарай жүріп жатыр. Енді өзіміздің қабылдаған 5 ұлттық бағдарламаға байланысты, әнеу күні жариялаған жолдауға байланысты біз саяси жүйені де бірге келтіруіміз керек.

Тұрғындарың дені көзқарастарын әлеуметтік желілер арқылы жеткізді. Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, олар да ескерілді. Ұсыныстар барлық аймақтардан, халықтың барлық топтарынан келіп түсті.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы

-Ұсыныстар Конституцияның 63 бабына қатысты. Негізгі заңның барлық бөлімдерін қамтиды. Арасында аралас ұсыныстар да бар. Тұрғындар талқылауға шығарылған жобамен шектелмеді. Мемлекет басшысының мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін 40-тан астам ұсыныс түсті. Реформаның мақсаты президент өкілеттігін қайта бөлу болғанына қарамастан, көбіне адамдар мемлекет басшының өкілеттігін күшейтуді ұсынды.

Қоғам мен Конституция арасында алтын көпірге айналған жұмыс тобы әр өзгерісті тыңғылықты қарады. Реформа халыққа мұқият түсіндірілді. Ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, жүздеген кездесу ұйымдастырылды.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары 

-Елге барған кездегі бірінші қойған сұрағы Елбасының Парламентке, Үкіметке берген өкілеттігін беріп жатқан кезде ертеңгі күніміз қандай болады? Сіздер Елбасыдай өкілеттікті атқара алсыз ба, жасай аласыздар ма, бүгінігі күнімізден айырылып қалмаймыз ба деген сауалдар қойылды.

Зинаида Федотова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры

-Сарапшы ретінде айтарым, кейбір азаматтар Президенттің кейбір өкілеттігінен бас тартуына күдікпен қарап жатыр. Қоғамдағы елеулі оқиғалардың барлығын мемлекет басшысы қадағалап жүрді емес пе?! Олар қазіргі жағдайда Үкімет реформалар жүргізе алады ма деген сұрақтар қойды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ну, если не сможет. Мы посмотрим. Может быть другое правительство создадим.

Айта кету керек, ұсыныстардың бір парасы Конституцияның 26-шы бабына қатысты болды. Бұл тақырыпқа орай қоғамда пікірталас туындады. Көзқарас әртүрлі. Басым көпшілік оған өзгеріс енгізуді құптағанымен, қарсы шыққандар да жоқ емес.

Төлеш Қаудыров, Қазақ Гуманитарлық заң университетінің профессоры

-Мен өз пікірімде қаламын. Бұл бапты өзгерту бізге ауадай қажет. Егер ол бап қабылданса көптеген мәселелер шешімін табар еді. Әсіресе инвесторларға қолайлы жағдай тудырар едік. Тағы бір мән беретін жайт, инновациялық даму мен интелектуалдық жекеменшіктің рөлін арттырып, біз қандай экономика орнатқымыз келеді, соны көрсетуіміз керек. Меніңше, бұл да конституциялық мәселе.

Өмірәлі Жалаири, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры

-Үлкен азаматтардың өзі біздің айтқанымызға құлақ салмай отыр. Мынау 26-бап әлі болмайды деген мәселеге тіреп отыр. Сол себептен мен ойлаймын, қазіргі осы жобада дұрыс болу үшін біз біраз жұмыс істеуіміз керек. Олардың бәрі мұны бұрып, жерге апарып тіреп қояды. Бізде жер 6 статьяда белгіленген ғой десең де, оған бәрібір қарамайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Егер де бір қазақ жер үшін жаны күйетін болса, ол менмін. 1400 шақырым шекараның әр метрін жібермей алып қалу үшін 6 жыл келіссөздер жүргіздік. Міне, жер деген осы. Оны ешкім алып кете алмайды. Мәселе жердің құнарлығын көтеріп, инвестиция тартып, сол жерден көп өнім алып халыққа көп өнім беру деген сөз. Дегенмен біз халық үшін істеп жатқан адамбыз, сондықтан ойын ескеру керек.

Президент үшін ел мүддесі бірінші орында. Қоғамдық келісімнің болғанын қалайды. Конституциялық мәселеге келгенде консенсус тіптен қажет. Сондықтан халықтың көзқарасын ескерген мемлекет басшысы Конституцияның 26 бабын өзгеріссіз бұрынғы қалпында қалдыруға ұсыныс жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Все народное обсуждение показало отсутствие в обществе мнения только по одному вопросу – статья 26. По этой статьей проделана большая работа нашими юристами. Можно было провести и принять. Понимаете? Конституция есть конституция. Это если был бы закон, когда мы по земле обсуждали. Давать конституции, должен быть консенсус. Без сучка задоринки. В связи с этим я предлагаю оставить 26 статью в старом виде, как оно было. Если посмотреть на другие статьи, например, номер шесть оставляется возможность для того, чтобы решить этот вопрос. Хотя, я лично считаю, такое положение надо было бы.

Халық қалауын білдірді. Кезек Парламентте. Нұрсұлтан Назарбаев Ата заңға өзгерістерді референдум емес, Парламент арқылы енгізуді ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Поскольку эти изменения не затрагивает основы государственности, формы правления остаются незыблемыми, фундаментальные свободы человека и гражданина. В этой ситуации резонно провести изменения через парламент. Тем более Конституция нам такое право предоставляет. Поэтому, я объявляю всему народу нашему о том, что принимаю решение направить проект закона О внесении изменений, дополнений в Конституцию республики на рассмотрение Парламента Казахстана. Это позволит без лишнего шума-гама принять и меньшие государственные расходы.

Конституция – елдікті айқындайтын басты құжат. Заман талабына сай ол да әр кезеңде өзгертулерді қажет етіп отырмақ. Ол кезең біздің елде туғанын жұрт айтпаса да, түсінері сөзсіз. Демек, елдің бірлігін паш ететін жауапты сәт деп ұғыну керек мұны.

Автор: Мұхтар Ыбырайым

3. Жаңғырту 3.0

Сандық ғасыр тудырған бір сауал. Мәселен, Сіз қайсысын таңдар едіңіз? Көмір стансасын әлде жел генераторын? Әрине, таңдау тиімдісінде. Өйткені өмір сүру керек!

Бірақ 21 ғасыр көмірсутек экономикасының дәурені бітер дәуір болғалы тұр. Қазір төрткүл дүние төртінші өнеркәсіптік революцияға қамдануда. Көштен қалыс қалмаудың қамын ойлаған Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруын» жүзеге асыруды Үкіметке тапсырған. Ескерген жөн, бұл міндеттер бұрынғыдан әлдеқайда әлді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Новые задачи, которые я сказал в послании, накладывают на законодательно, исполнительные органы большую ответственность, потому что нам сейчас придется решать совершенно новые задачи, которые мы доселе не делали. Программа, порученная Правительству «создание информационного Казахстана», охватывает все вопросы реформы и требования сегодняшнего дня это новые задачи. Мы таких задач еще не решали. Сложные задачи, требующие финансовых вложений и ресурсов, но у нас другого хода нет. Надо это делать и делать успешно.

Қазақстан қазір елу елдің есебінде, ендігі меже – озық отыздықтан орын алу. Ол біздің ғана емес, басқалардың да басты мақсаты. Бірақ жаһандануда жұтылмай, бәсекеге төтеп беретіндер, өкінішке қарай ілеу де біреу. Мәселен, соңғы 25 жылда дамыған отыз мемлекеттің тізімінен төбе көрсеткен жалғыз Оңтүстік Корея.

Демек, арманның ауылы алыс. Сондықтан біздің елге алымды шабыс керек-ақ. Ол үшін саланың сабын ұстағандардың ісі дабырлы емес, сабырлы болса игі?!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-И в условиях конкуренции мы должны проводить работу. А конкуренция, это конкуренция каждого человека, поэтому высокий уровень образования граждан, специалистов которые работают у нас это – очень важно. Если вы заметили, укомплектованный состав Правительства нынешнего, примерно в возрасте 40 лет все. Образованные, англоязычные имеющие возможность принимать и впитывать опыт других стран. Именно к этому была подготовка.

4. Тарихи шешім

Міне, осындай өрелі мақсатты өміршең ету үшін Президент өз құзырындағы бірқатар құзіретті Парламент пен Үкіметке бөліп беруге бел шешкен. Бірақ бұл іс өте тыңғылықты тындырылуы керек.

Елбасы және жұмыс тобы азаматтардан келген ұсыныстарды жүйелеп, жіліктеген соң, депутаттардың алдына барып, Конституцияның 23-бабына өзгеріс енгізілетінін жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға Конституциялық реформанының мән-маңызын айтып берді. Қазақстан саяси жаңғырудың жаңа сатысына аяқ басты. Қиын-қыстау кезеңде кез келген қатерге жауап беруге дайын болған абзал. Конституциялық реформа соның қамы әрі заман талабы. Бұл үрдіс технологиялық жаңғырумен тұспа-тұс келіп отыр. Және бір күнде туындаған жоқ. Қазақстан елеулі өзгерістерге кезең-кезеңімен келді. Ол – ел дамуының жүйелі әрі заңды сатысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Саяси жаңғырудың технологиялық жаңғырумен қатар қолға алынуы айрықша маңызды. Олар бірін-бірі күшейте, толықтыра түсуі қажет. Конституциялық реформа 5 саладан тұратын ұлт жоспарымен және жақында жарияланған үшінші жаңғырумен қатар жүзеге асырылуы тиіс. Бір-бірімен жалғасып жатады. Менің Жолдауымда айтылған міндеттер заң шығарушы, атқарушы органдарға ерекше жауапкершілік артады. Жаңа жаһандық жағдайда мемлекеттің стратегиялық бағдары өзгермейді. Біздің межеміз – даму көшінің басындағы 30 елдің қатарында болу. Негізгі мақсат – сол. Саяси және технологиялық жаңғырудың мақсаты да осы.

Озық отыз елдің қатарына ену – негізгі стратегиялық бағдар. Ол үшін 5 пайыздық экономикалық өсім мен ғылыми-техникалық прогресс жасау керек. Жақын жылдарға меже осындай. Оған Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Президенттің айтуынша, осы жылдардың ішінде елімізде жоғары кәсіби мамандар қалыптасты. Олар ел мүддесіне лайық шешім қабылдап, үмітті ақтай аларына сенімді. Бастысы билікті тиімді пайдалану.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Теперь Казахстан с принятием этих поправок, открывает совершенно новую страницу политического календаря 21 века. Во-первых, новый закон значительно усиливает роль Парламента в государственных делах. В том числе, при формировании Правительства. Теперь будет записано, что Парламент является законодательной властью. Раньше формулировка была «осуществляет законодательные функции», то есть более четко Парламент законодательная власть. Во-вторых, повышается самостоятельность Правительства, которому передаются полномочия по непосредственному управлению экономикой. В третьих, модернизация – конституционная основа правоохранительной, судебной системы.

Біздің ел саяси реформаларға дайын. Оны ашық және жариялы түрде өткен қоғамдық талқылау көрсетті. Басым бағыт бойынша көптің ойы бір жерден шықты. Алайда Президент пікірталас тудырған тұстарға тағы бір рет тоқталды. 26-бап өзгеріссіз қалатыны белгілі. Дегенмен алдағы уақытта бұл мәселе ел арасында кеңінен түсіндірілуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Конституцияда елдің пікірі бар болуы, яғни консенсус болуы тиіс. Соны ескере отырып, кез келген саяси шешім, әсіресе Конституция елді біріктіре түсетін, ынтымағымызды арттырып, ортақ мақсаттарға жұмылдыратын шешім болу керек. Когда говорим каждый, там останется граждане Казахстана, здесь каждый – всё юридическое сообщество поддержало. Потому что это обеспечивает стабильность поступления инвестиций в нашу страну. Доверие наших инвесторов и к казахстанцам. Но нам не надо торопиться. Надо работать. Должен быть консенсус в этом вопросе. Разъяснять надо. Все равно мы к этому придём. Даже по земле, потому что земля без хозяина, это ничья земля. Она потеряет свою способность выращивать продукцию сельскохозяйственную. И когда-нибудь мы должны понять.

Бұл өзгерістерді Парламентте қарау үшін арнайы заң жобасы әзірленді. Онда Президенттің 35 өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беру жайында жазылған. Айта кету керек, ол құзіреттер экономика, қаржы, мемлекеттік жекеменшікті басқарумен, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық мәселелерді шешумен байланысты.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы

-Ұсынылған конституциялық өзгертулер Президенттік басқару формасын сақтай отырып, Парламенттің рөлін арттыруға, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Ұсыныстар билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтауға және мемлекеттік институттар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажет.

Ең бастысы Қазақстанда президенттік институт сақталады. Мемлекет басшысы билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасқа келгенде төбе би болып, төрелік айтады. Конституцияны қорғау, сыртқы және ішкі саясат, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелерін нығайту да Елбасы құзырында қала бермек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Наш путь – путь демократического развития общества. Я всегда подчеркивал, когда нам говорили, что у нас маловато демократии, демократия это не начало пути, это конец пути, наша цель. Другие государства шли столетиями к тому что есть, еще не известно как потом скажется, та демократизация, которая есть. Мы постепенно двигаемся, то есть вот это и есть один из этапов демократизации общества. При этом Казахстан был и есть и будет независимым, унитарным и целостным государством. Такова воля народа.

Осылайша, еліміз жаһандық қатерлерге жан-жақты төтеп бермек. Түптеп келгенде елеулі өзгерістердің барлығы ел игілігі үшін!

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев 

Елбасы ұсынылған конституциялық өзгерістерді бес бөлік бойынша құрылымдады. Біріншіден, Парламенттің мемлекеттік істердегі, соның ішінде Үкіметті жасақтаудағы рөлі артады. Екіншіден, Үкіметтің дербестігі қалыптасады, яғни экономиканы тікелей басқарады. Үшіншіден, құқық қорғау мен сот жүйесінің конституциялық негізі жаңғыртылады. Төртіншіден, конституциялық бақылау жүйесі нығаяды. Бесіншіден, Тәуелсіздіктің, біртұтастылықтың, аумақтық тұтастық пен басқару нысанының өзгермейтініне берілетін кепілдік күшейеді. Тоқсан ойдың тобықтай түйіні осы.

5. Сан сауалға жауап

Елбасы мәлімдемесінен кейін Мәжіліс залы сұрақ-жауап алаңына айналды. Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі мен мүшелері Ата Заңға енгізілетін түзетулердің түпкі мәнін ашып, депутаттардың сауалдарына жауап берді. 

Конституция өзгеріске түссе, Парламенттің пәрмені артады. Үкіметтің құрамын жасақтауға атсалысып, олардың жұмысын бақылайды.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы

-Министрлер кабинеті мемлекеттік бағдарламаларды өзі әзірлеп, өзі іске асырады. Құзырлары нақты белгіленеді, осылайша Үкімет өзгелерге  жауапкершілікті арта алмайды. Бұл шара мемлекеттік бағдарламалардың сапасы мен тиімділігін арттыратын болады.

Конституцияның 66-бабының 9-тармағында мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақасын бекіту де жоғары атқарушы органға берілмекші. Талқылауға қатысқан депутаттар: «Бұл өзгеріс кіріптарлыққа әкелмейді ме?!», – деп үн қатты.

Бекмырза Еламанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Конституциялық реформа шеңберінде жұмыс тобы мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органның, мемлекеттік қызметкерлердің арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін Үкіметке беріп отыр. Билік тармақтарына келгенде, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу мәселесін шешу құқын басқа билік тармақтарының оған бағыныштылығын жатқызбайды ма?

Игорь Рогов, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы

-Бұл сұрақ жұмыс тобында кеңінен талқыланды. Сондықтан Парламентке жасаған ұсынысқа назар салсаңыздар. Қаржыландырудың бірыңғай жүйесі аясында мемлекеттік бюджет есебіндегі барлық органдардың, мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысын үкімет бекітеді. 

Конституцияның қазіргі нұсқасында Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет және Сыртқы істер министрлерін Президенттің өзі тағайындайтыны көрсетілген. Өзгерістерге сәйкес, Әділет және Ішкі істер органдары тізімнен шығып, тек Сыртқы істер мен Қорғаныс министрлерін қалдыру ұсынылды. Алайда депутат Анар Жайылғанова: «Бұл  қадамды тағы қарастыру керек», – деп санайды.

Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Әділет министрін тағайындауды Мемлекет басшысының құзыретінен шығаруға болады. Ал Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіп пен ішкі қауіпсіздік сияқты стратегиялық жұмысын ескере отырып, оны тағайындау мәселесін Президентке қалдыру қажет деп санаймыз.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы

-Расымен де, Ішкі істер министрлігінің құрамында Ұлттық Ұлан сияқты әскери құрылым бар. Ал Президент Қазақстанның Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып саналады. Сондықтан бұл мәселені әлі де қарастыру қажет. Енді Президент мұны Парламенттің талқылауына шығарып отыр. Осыған байланысты бәріңізге кеңесіп, екінші оқылымда салмақты шешімге келуге шақырамын.

Ата заңның 87-бабына өтейік. Байқасақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астана әкімдерін, маслихаттың келісімімен Республика Президенті тағайындайды деп жазылған. Енді бұл заңға түзету енгізу ескерілген. Қысқаша айтсақ, құзырды Парламентке беру көзделіп отыр. Осы тұста Сенат депутаты Серік Біләлов анықтайтын бір жайт бар екенін жеткізді. 

Серік Біләлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

-Бұл ретте Президенттің өзінің ұйғаруы бойынша, барлық деңгейдегі әкімдерді қызметтерінен босату жөніндегі құқығы сақталады ма?

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы

-Иә, ондай өзгерістер енгізілді. Бірақ сол бапта Президенттің ондай құқығы қалады. Президент барлық әкімдерді өзі босата алады.

2008 және 2014 жылдары ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнестегі тексерулерге мораторий жариялады. Сол кезде кәсіпкерлер тұрмысын біршама түзеп еді. Елдегі жағдайларды жүйелей білетін Президенттің бұл құзыры да қолдан шықпақшы. Мұны Мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты. Ол бизнесте мұндай қауіп болатынын сөз ете, жарлықтар шығару өкілеттігі Елбасыда қалады ма деп сұрау салды.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы

-Конституцияның 45-бабы 1-тармағына сәйкес Республика Президенті Конституция мен Заңдар негізінде елдің бүкіл аумағында міндетті күші бар Жарлықтар мен Өкімдер шығарады. Сіз атап өткен мораторий осындай Жарлықтармен бекітіледі. Бұл құқық Президентте сақталады.

Тәуелсіздік – тәтті ұғым. Оны қастерлеп, қадірлеу – әр адамның борышы. Тек қастерлеп қоймай, елдігімізді нығайту – парыз.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Халықпен кездесулер барысында еңкейген қарттан кішкене балаға дейін Тәуелсіздігімізді қорғау мәселесіне қатысты әртүрлі сұрақтар қойды. Ел болып, жұртшылық Конституцияның 91-бабына өзгерістер енгізуді толықтай қолдап отыр. Осыған орай Тәуелсіздігімізді, яғни мемлекеттік Тәуелсіздігімізді қорғау және қамтамасыз ету үшін жұмыс тобы нақты қандай шаралар ұсынады?

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы

-Осы мәселе бойынша бізге де көптеген сұрақтар қойылды, ұсыныстар келді. Сондықтан Президент 91-бапқа «Тәуелсіздік – негізгі құндылық» деп енгізді. Біз бұл мәселені осылай шештік. Осы бапқа ешқашан, ешқандай өзгеріс жасалмайды.

Парламенттің бірлескен отырысында Прокуратура мен Соттың жұмысы да жанданатыны айтылды. Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, соттың дербес әрі тәуелсіз болып қала беретінін еске салды. Осылайша, талқылауға қатысқан депутаттар тұщымды жауапқа қанықты. Ал басы ашық тараулар, дүйсенбіге дейін толығады. Халық қалаулылары сол күні екінші оқылымда жолығады.

Автор: Сәкен Сейітханұлы

6. Парламент Үкіметтің үстінен қарайды

Яки атқарушы орган заң шығарушылар алдында есеп береді. Ал есептің есті болмағын бақылау – Мәжілістің міндеті. Оларды жұрт сол үшін таңдап, сайлаған. Демек, негізгі көзір халықтың қолында болады деген сөз. Егер осы жүйе жүйелі жұмыс істесе, демократия дәрменді дей беріңіз.

Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Елбасы Мәжіліспен алдын ала келісіп, Үкімет басшысын тағайындайды. Үкімет басшысы тағы да Мәжіліспен келісіп, министрлерді тағайындайды. Бірақ, олардың жұмыс істеу туралы есебін екі палата тыңдайды. Екі палата да бір жеке министрдің немесе Үкіметтің жұмысына қанағаттанбаса, оларды орнынан босату мәселесін қоюы мүмкін.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Президенттік басқару жүйесі сақталады. Елбасы еліміздің дамуындағы стратегиялық мәселелерге, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне басымдылық беретін болады. Сонымен қатар күнделікті экономикалық мәселелерге қатысты жауапкершілік те, өкілеттік те, көп мәселені Үкіметке беретін болады.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Азаматтық қоғам өзінің жауапкершілігін түсінеді және осы қазір 6 мыңнан астам берілген ұсыныстың өзінде де күн сайын БАҚ көрініп тұр, кез келген азамат бей-жай қарап отырған жоқ. Егер біздің барлық мемлекеттік институттар сол Президенттің қызмет атқарғанындай атқара алатын болса, біздің қоғамда көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады.

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Осы өзгерістер енгізілгенде, Елбасы Конституциялық кеңеске азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін кез келген күшіне енген заңдар мен нормалардың Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені көтере алады. Азаматтардың мүдделерін қорғау аясы кеңейеді.

7. Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды

Пәрмені артатын Парламент Ата Заңның 23-бабына енгізілетін өзгерістермен толықтай танысқаннан кейін таласқан жоқ, жарасты. Анығы, тыңдап қана қоймай, тың ұсыныстар айтумен жарысты.

Мәселен, Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Президенттігіне үміткерлерге жаңа талап енгізуді еске салды. Мәжілісмен кандидаттарға қойылатын біліктілік өлшемдерінің ішінде жоғары білім жайлы ескерілмегені ақылға қонымсыз деп қайырып, Конституцияның 41-бабын қайта қарауды сұрады.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған депутаттар  Ата Заңның 39-бабындағы 2-тармағын түзету жөнінде өтініш білдірді. Қазіргі нұсқада былай жазылған: «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылады». «Енді осыған «конфессияаралық келісім» сөзін қосу керек», – дейді халық қалаулылары.

Осы тақілеттес талай ұсыныс таразы табағына тасталды.

Ата заңға енгелі отырған өзгерістерге қалың жұрттан ұсыныстар айтылып, оның билікте талқылануы әдеттегі іс болуы тиіс. Себебі бұл – демокартияның және азаматтық құқықтың айқын белгісі. Конституциялық реформалар осы бағытта жылжуда. Десе де, барлығы 98 баптан тұратын Конституцияның 63 бабына қатысты, халықтан 6 мыңнан астам ұсыныс жасауы – азаттықтың ширек ғасырындағы алғашқы оқиға. Оған Елбасының реформаларды бүкіл халық пен биліктің бірлесе талқылауы жөніндегі тапсырмасы серпін берді.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Осындай келелі мәселелерді Елбасымыз әрқашанда халықпен ақылдасуды басты мақсат ететін. Бұл жолы да солай. Біздің қоғам Елбасының Үндеуі мен Жолдауын талқылау барысында болашаққа байыпты болжам жасай отырып, өз ұсыныс-тілектерін де жеткізді.

Бұған дейін ел тағдыры үшін дара жолды таңдау, ғасырлық шешім қабылдау – бұрын-соңды қазақ ғұмырнамасында болмаған теңдессіз құбылыс. Сондықтан «Ата заңымызда Тұңғыш Президенттің еңбегін атап өту заңдылық», – дейді депутаттар.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Бұдан үш ай бұрын осы залда «Қазақстан Республикасының 25 жылдық» тарихи күніне байланысты құжат декларациясы қабылданды. Ата заңымызда, мемлекетімізді құрудағы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей үлесін атап өту жөнінде және бүгініміз бен ертеңімізге Елбасының тарихи болмысы кеңінен насихатталуы керек. Бұл бағыттағы іс-шаралардың бірі ретінде сәулетті бас қаламыз Астанамыз, еліміздің маңызды, ауқымды нысандары Елбасы есімімен аталса, бұл халықтың біртуар перзентіне деген шексіз сый-құрметінің көрінісі болмақ.

«Елбасының есімін елордаға беріп, ел есінде мәңгі қалдыру  Президенттің ерен еңбегіне деген сый-құрметтің белгісі», – дейді депутаттар. Бұндай бастама өткен жылы көтерілгені белгілі. Ол кезде мемлекет басшысының өзі бұл идеядан бас тартқан еді.

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Мен Целиноградтың тумасы ретінде жаңадан елорда қалап, тәуелсіз Қазақстанның дамуына ерен еңбек еткен тұлғаның есімі мәңгілік тарихымызда жазылып қалу керек деп есептеймін. Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы, азаматтық құқықтық қоғамның орнауы секілді жетістіктердің бәрі Президенттің еңбегімен тығыз байланысты.

Азаттығымыздың әр жылын кезеңдерге бөлсек, Ұлт жоспары мен бес жылдықтарға сатылап белгіленген мемлекеттік бағдарламалар арқасында алыс-шалғай аудандарға тіршілік тамыры тартылып, өңірлердің өркениеті дамыды. Қарапайым шаруадан бастап, шаһардағы кеңсе қызметкеріне дейін әлеуметтік-экономикалық тың өзгерістердің оң ықпалын сезді. Саяси аренаға бет бұрсақ, жуырда БҰҰ секілді ірі халықаралық бірлестікке тұрақты емес мүше болып еніп қана қоймай, жаһандық бейбітшілік орнатуда озық үлгі паш еттік. АҚШ-тағы ядролық саммитте жойқын қарудан ада көшбасшы ел ретінде танылдық. Астана процесін өткізіп, Сириядағы оқ атпау режимі тарайтын аймақтардың аумағын ұлғайтуға зор ықпал еттік. Ширек ғасырда Елбасымен бірге елі бағындырған бұл белестерді ешкім жоққа шығара алмайды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Елбасымыздың ешқандай дау туғызбайтын билік функцияларын өз еркімен беру фактісінің өзі ерекше жағдай. Меніңше, бүгінде бұған ұқсас мысалдар жоқ. Керісінше билік басына келген адамдар, бүкіл басқару тізгінін өз қолына жинауға тырысады. Заманауи қазақ мемлекетінің қалаушысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің ата-бабаларымыздың асқақ арманын жүзеге асырып, еліміздің іргесін бекітті.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Әлем тарихында заманнан озып туған, елінің дамуын өзгертіп, қуатты мемлекет ретінде әлемдік аренаға шығарған санаулы ғана саяси қайраткер бар. Олардың қатарында алақандай Сингапурды әлем алыбына айналдырған Ли Куан Ю, бесінші республиканың негізін қалаған Шарль де Голь. Жаңа Түрік елін танытқан Ата Түрік. Егемендігімізді күллі әлемге мойындатқан, жаңа қазақ мемлекетінің архитекторы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Атқарылған іс расымен ерен. Жаһандық дағдарыс тұмшалағанда ұлттық қорды қозғамастан, инвестиция тарту арқылы бизнесті серпілтіп, жұмыс орындарын сақтадық. Жақын көрші мен қиыр шығыс пен батыс елдері шиеленісіп жатқанда, біртұтастығымызды сақтап, діни, этностар аралық татулығымызды бекемдей түстік. Осы ретте Парламенттегі Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері бейбітшлікті бекемдеуге конфессияаралық келісімді нығайту керектігін айтты.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Ұлтаралық және конфессияаралық келісім Конституцияның негізгі діңгектерінің біріне айналуы керек. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан, Ата заңның 39-бап, 2-тармағына, кез келген ұлтаралық араздық пен конфессияаралық шиеленісті заңсыз деп бекітуді ұсынамыз. Отанымыздың бейбіт әрі тұрақты өркендеуіне 140 этностың және 18 конфессияның бар өкілдері жауапты. Сондықтан бұл бастаманы қолдауды сұраймын.

Айтылған ұсыныстарды Парламенттегі партия фракциялар да қолдап отыр. Мәселен, коммунистер Үкімет мүшелерін қайта жасақтауда, парламенттік партиялардың жауапкершлігін күшейтетін Конституциядағы 70 баптың бірінші тармағына енгізілуі мүмкін түзетуді қолдады.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Бұл халықтық коммунистердің көңілінен шығып отыр. Алайда бұл өзгеріс мемлекет басшысы Үкіметті жасақтауда сырт қалады дегенді білдірмейді. Керісінше президент Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы өз бастамасы туралы шешім қабылдау құқығын сақтап қалады.

Ал сенаторлар Конституциялық реформалардың демократиялық даму жағына мән берді.

Аңсар Мұсаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Қазақстанның бүгінгі Конституциялық реформалары арқылы дамудың демократиялық жағына қарай сенімді әрі бір тың қадамдар жасап жатқандығымызды, барлық қазақстандықтар да әлемдік сарапшылар да қуаттап, қолдап отыр. Осы орайда Конституцияның 10-бабы, 2-тармағына террорлық қылмыс жасағандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де өмірлік маңызды мүдделеріне ауыр зардап тигізгендер соттың шешімімен ғана азаматтығынан айырылады деген жолдармен толықтыру жөніндегі ұсынысын қолдауға шақырамын.

Конституцияға өзгертулер енгізілгенімен, түзетілмейтін бап болуы шарт. Ол – қазақстандықтардың азаттығын қамтитын бөлігі. Мемлекеттік бас құжаттағы түзетулер елдің ең басты құндылығы оның жері, шекара тұтастығы, елінің қауіпсіздігіне еш әсер етпеуі тиіс. Яғни Ата заңдағы егемендік туралы бап ешқашан өзгермейді.

Автор: Жұрағат Баман, Ерсін Мұхамбеталин 

8. Мәжілістің жеті комитеті жеті саланы жеке сараптады

Депутаттардың жұмада бастаған талқылаулары бүгін де жалғасты. Ұсыныстар мен ескертулерді талқылап, әрқайсысы өз қорытындысын жасады.

Келісіп пішкен тон, келте болмас. Қос палатаның отырысында жұмыс тобымен талқыланған сұрақтарды бүгін мәжілісмендер қайта пысықтады. Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстарды саралап, ортақ байламға келу – басты міндет. Бұл заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет. Жұмыс нағыз қызған шақ. Өйткен Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар аты айтып тұрғандай осы комитетке тікелей қатысты. Жиынға Жоғары сот, прокуратура және Конституциялық кеңес мүшелерінің түгел келуі соған дәлел. Күн тәртібінде 44-бап. Яғни Президент тағайындайтын министрлер тізімі.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Ішкі істер министрін де Елбасының жеке құзырында қалдырсақ қайтеді. Сол кезде бірнеше нақты оған дәлел айтылды. Біріншіден, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін министрлік, жүгі жауапты. Елбасы өзінің статусына байланысты Конституциялық әскери бас қолбасшы.

Төменгі палатада бас-аяғы 7 комитет бар. Әрқайсысы өздеріне тиесілі баптарды қайтадан мұқият қарап шықты. Қателесуге болмайды. Жауапкершілік екі есе ауыр. Қабылданатын шешімнің артында ел тағдыры тұр. Пәрмені артқан Парламент депутаттары қазірден белсенді. Ортақ комиссияға жолдайтын ұсыныс аз емес.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Біздің енді комитетте беріп отырған ұсынысы 91-баптың 2-тармағына Елбасы қалаған Республиканың қызметінің негізгі қағидаттарын және Елбасының мәртебесін өзгертуге болмайды деген толықтыруды ұсынуды енгізіп отыр. Біздің депутаттардың барлығы ұсынысты қолдап отыр.

Депутаттар әсіресе Үкіметтің жауапкершілігі артқанын құптайды. Министрлер кабинеті есеп беретін күн алыс емес. Істің өнімділігі үшін қажет бастама. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті мүшелерінің пікірі осындай.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Қазіргі таңда Үкімет бағдарламаларды дайындайды да, Елбасы өзінің Жарлығымен оны бекітеді. Ал заман деген өзгеріп жатыр. Өзгерістер жиі-жиі болып жатыр. Мысалы үшін ол экономикалық тұрғыдан ол бағдарламаларды өзгерту үшін қайтадан Президенттің Жарлығын қабылдауы керек. Ол мүмкін емес.

Конституциялық реформа аясында әр азаматтың талап-тілегі ескерілді. Қызу талқылау, нәтижесі – ортақ пәтуа. Ендігісі – қоғам мен мемлекет арасындағы келісімді құжат жүзінде бекіту.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-39-баптың 2-тармағындағы «межнациональный» дейді ғой, ұлтаралық деген сөзден кейін «конфессияаралық» деген сөзді толықтыруды ұсынып отырмыз. Оның себебін білесіздер, мына Конституциялық құндылыққа «ұлтаралық» деген сөзбен қатар «конфессияаралық» жаңағы сөздің кіруі шынында да қаншалықты дәрежеде маңыздылығы айтпаса да түсінікті.

Бүгін Сенаттың тұрақты комитеттерінде де заң жобасы қаралды. Жиында Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы бірінші оқылымда мақұлданған ұсыныстар қолдау тапты.

Георгий Ким, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Конституциялық реформа Парламенттен тыңғылықты зерттеуді талап етеді. Заңның негізгі мақсаты – халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Сондықтан құжаттағы әр баптың үтір, нүктесіне дейін қайта қарап шығамыз. Бұл – болашақ алдындағы міндетіміз.

Қайта түзету енгізілетін баптарға қатысты сенаторлардың айтары бар. Ұсыныс пен талап-тілектерін бірлескен комиссияға бірауыздан жолдады. Ертең де қарбалас. Жұмыс тобы жаңа Конституцияны 6-наурызда қайтадан талқылау үшін жиналмақ.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Серік Қоңырбаев, Өмірбек Ізімов, Ерзат Зайытхан 

9. Фракциялар отырысы

Комитеттердің кездесуімен қатар саяси партиялар да өз алаңдарында бас қосты. Олар да келелі мәселені кеңеске салып, әр фракция өз ұстанымы негізінде ұйғарым жасады. Тараптардың конституциялық реформа жайындағы ойларында ортақтық бар ма? Қандай баптарға қатысты тартыс туды? 

Күні кеше ғана депутаттар «Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Іле-шала бүгін «Нұр отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жиын өткізді.

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі

-Елбасының ұсынысы – демократиялық процесті тереңдету, сол арқылы мемлекеттік билікті күшейту және жауапты қылу. Бұл деген саяси инновацияға жататын ұғымдар деп ойлаймын.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі

-Ата заңның 91-бабының 2-тармағы мемлекеттің Тәуелсіздігі ешқандай жағдайда өзгертілмейтін құндылық екендігін ұғындырады. Осыны мұқият қарап алып, түсінген жөн.

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі

-Конституциялық реформаның арқасында адамның бостандығы мен құқын қорғаудың жаңа тиімді механизмі құрылды. Қазақстан азаматының қауіпсіздігіне Елбасының өзі кепілдік береді. Енді заңдар құқықтық актілердің сапасы жақсара түспек.

Фракция мүшелері Негізгі Заңға жұмыс тобы енгізген өзгерістер мен Ұлт көшбасшысы – Тұңғыш Президенттің рөлі мен мәртебесін конституциялық бекіту жөніндегі ұсыныстарды қуаттады.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі

-Біз қарастырып отырған мәселе тарихи маңызы бар дүние. Бірнеше жылдардан соң тарихшылар, саясаткерлер, ғалымдар мен заңгерлер Қазақстанның 25 жыл ішінде қандай табыстарға қалай жеткенін зерттейтін де шығар. Олар сонда мемлекеттің барлық жеткен жетістіктері Тәуелсіздігіміздің негізін салушы Елбасының арқасы екенін тағы да айтатын болады.

Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады. Бұл Конституцияның 4-бабының, 3-тармағы. «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдерінің айтуынша, елдің заңы әрқашан бірінші болуы шарт. Осындай ұйғарымға келген партия өкілдері бұл түзетуді жұмыс тобына ұсынбақ. Сондай-ақ Ата заң өзгертілсе, тиісінше қаулылар мен құқықтық актілер де бас құжатқа сәйкестендіріледі. Осыған орай ақжолдықтар алдағы уақытта тағы ұсыныс жасамақ. Яғни Тәуелсіздікке нұқсан келтіретін арандатушыларды, заңмен жазалау керек деп есептейді.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракция мүшесі

-26-бап бойынша көп талқыға түскен. Мына аудандарға, аймақтарға, облыстарғы шығып, елмен араласып, алыс ауылдарға дейін бардық. Сол кезде елдің 26-бапқа қатысты өте көп ойлары айтылды. Елбасымыз үлкен кемеңгерлікпен бұл 26-бапты қозғамастан, сол күйі қалдырды. Халықтың мемлекетті басқаруға, халықтың сөзін елеп-ескеріп жатқанның үлкен бір белгісі.

Екатерина Никитинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракция мүшесі

-Біздің партия конституциялық өзгерістерді қолдайды. Өйткені ол түзетулер елдегі демократияны ары қарай дамытады. «Ақжол» партиясының да ұстанымы осы. Онымен бірге біз алдағы уақытта заңдарға жасалатын өзгерістерге атсалысамыз. Мәселен бюджет қаржысының игерілуі Парламенттің де бақылауында болуы керек деген пікірді жеткіземіз.

Конституциялық реформа «Коммунистік Халық партиясы» фракциясының кеңейтілген отырысында да талқыланды. Билік тармақтарының өкілеттіктері заман талабына сай өзгеріп, дамып отыруы тиіс,-дейді жиналғандар. Елбасының 60-қа жуық өкілеттігін билік тармақтарына бөліп беру туралы шешім қабылдауы – қоғамды демократияландыраудағы тағы бір қадам. Қазақстанда басқарудың өзіндік үлгісі қалыптасуда. Парламент пен Үкіметтің өкілеттігін күшейте отырып, Президенттік басқару үлгісінің тиімділігі қалады.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракция мүшесі

-Ал енді әділетті үкімет болайын десе, онда жауапкершілігі артқан Үкімет пен ролі күшейген Парламенттің арасындағы екеуінің тепе-теңдігі сақталатын болған. Осы тұрғыдан алғанда коммунистік халық партиясының түгел толыққанды біздің бағдарламамыз бен сайлау алды тұғырнамаларымыз бәрі сәйкес келуіне байланысты кешегі депутаттардың бірінші отырыста айтқан ұсыныстарын өзгерістермен қолдай отырып, біз толыққанды Конституциялық реформаларды біздің партия қолдайды.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракция мүшесі

-Парламенттің қарауында жатқан Елбасы ұсыныстары, қалай айтсақ та бұрын-соңды болмаған тарихи жағдай. Экономика мен саясатта беделді де табысты Президенттің өз өкілеттіктерін бөліп беруі қоғамымызды жариялылылық пен жаңғыртуға жетелейтін басты қадамдар деп ойлаймын.

Сондай-ақ бүгін Парламенттің қос палаталары Сенат пен Мәжілістің комитеттерінен құралған бірлескен комиссиясы Конституциялық реформаға байланысты бас қосты. Яғни Парламенттің барлық комитеттері талқылаған ұсыныстар қаралды.

Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Біздің конституциялық заңнама сот жүйесі және құқық қорғау комитеті бір ұсыныс қана берді. Ол енді мынау халықаралық келісімдер қалайша біздің елімізде қолданылады. Яғни, Конституциядан кейін осыған сүйене отырып, тағы да заңдар қабылдаймыз. Ол заңдарда сол қолданылатын шетелдік заңнама халықаралық заңнама, келісімдер қалай қолданылады, тәртібі қалай басталуы керек, қалай бітуі керек соған біз толығынан келесі кеп түсетін заңдар конституцияға сүйеніп отырып, жасалатын заңдарда толығынан айтамыз.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Азаматтық қоғам өзінің жауапкершілігін түсінеді және осы қазір 6 мыңнан астам берілген ұсыныстың өзінде де күн сайын БАҚ көрініп тұр, кез-келген азамат бей-жай қарап отырған жоқ. Егер біздің барлық мемлекеттік институттар сол Президенттің қызмет атқарғанындай атқара алатын болса, біздің қоғамда көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады.

Депутаттар түс ауа басталған бұл жабық жиында комитеттерден түскен ұсыныстар мен келісімдерді тағы бір пысықтап, халық үшін маңызды тұстарына ерекше назар аударды.

Авторлары: Ақбөпе Бәкір, Индира Жылқайдарова, Сәкен Сейітханұлы, Қанат Базылхан, Мейрамбек Ахмаханов

10. Конституциялық реформа – елді біріктіретін шешім

Комитеттер кесімін, саяси партиялар шешімін 5 наурыз күні сағат 14.00-ге дейін бірлескен комиссияға жазбаша түрде беруі тиіс. Комиссия оларды жан-жақты талқылап, тиісті құжаттар әзірлейді. Содан кейін ол құжаттар дүйсенбі, яғни 6 наурызда сағат 10.00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Екінші оқылымда депутаттар ешқандай олқылық таппаса, «Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» Заң жобасы қабылданады. Бұл реформа Қазақстанды көштің алдына шығармаса, артында қалдырмайтыны анық. Мамандардың тоқсан тарау ойынан әзірге түйгеніміз осы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Так же это еще раз подтверждает, что наш путь – путь демократического развития общества. Я всегда подчеркивал, когда нам говорили, что у нас маловато демократии, демократия это не начало пути, это конец пути, наша цель. Другие государства шли столетиями к тому что есть, еще не известно как потом скажется, та демократизация, которая есть. Мы постепенно двигаемся, то есть вот это и есть один из этапов демократизации общества. При этом Казахстан был и есть и будет независимым, унитарным и целостным государством. Такова воля народа.

11. Жемқорлықпен күрес

Жақсы өмір бәрінің жанына жағады. Тек соған еңбек пен ақылдың есебінен жетсе, шіркін?! Май шелпекпен ауыздары үнемі майланып жүретіндердің жүректері қашан айныр?!

Ондайларды Абай ондырмай сынайды:

«Онда оны алдайды, мұнда мұны,

Жанын берсе, табылмас сөздің шыны.

Алты жақсы, жүз жылқы болған басы

Бір семіз ат болады оның құны».

Қорқыныштысы қанша сынап, қамап жатқанына қарамайды, жең ұшынан жалғасып барады.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

-Құқықбұзушылық жоқ жерде кінәлілерді іздеп не керек. Қандай да бір мемлекеттік органда жемқорлық орын алса, негізінен оған бірінші басшының да бейім екені анықталып жатады. Солардан тарайды. Әрине, олай болмай шығуы да мүмкін. Онда жетекшілік ететін адам, тиісінше қатаң жазалар қолданады. Ал мұның барлығы ұйымдасып жасалған, оған төменнен бастап жоғарыға дейін немесе керісінше, әрқайсысының қатысы болса, ең қиыны  осы. Бұл аса қауіпті. Себебі оны жас мемлекеттік қызметкерлер де көреді.

Жемқорлықты жоймай, азаматтық қоғам алға баспайды. Сол себепті Елбасы оң қолына сол қолы араша бола алмайтындарды аямау керектігін Үкіметті түгел жиып айтқан.

Осы аптада  Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің мәселесін тағы бір мәрте талқылады.

Кездесуде Қайрат Қожамжаров «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау барысы туралы хабарлап, сынақтан өтушілер сүрінбей, жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты. Агенттік төрағасының ақпараты бойынша, бүгінге дейін Жоғары аттестациялық комиссияның 14 отырысы болып, республикалық деңгейде 700-ден астам қызметкер әңгімелесуден өткен.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

-Біздің «Б» корпусының жұмыскерлері аттестациядан өткізіліп жатыр. «Б» корпусының аттестациясы біткеннен кейін біз осы 15-ші қадамды аяқтаймыз. Ол ең соңғысы – қазіргі. Және сіз айтқандай, өткенде Үкіметтің отырысында сіздің жарлығыңыз болған әрбір облыс әкімі мен министрлікке өзінің жағдайына қарап және де әрбір жұмыскердің қаншалықты нәтижелі жұмыс жасайтынына байланысты оған ақшалай жағдайын көбейту. Ол бізде заңда да бар. Енді мына бюджет кодексінде бір норма бар. Ол біздің әрбір органдағы ақы төлеу фонды штатқа байланысты. Біз қазір соны ғана қайта қарауымыз керек. Ол туралы ұсынысты біз қазір енгізіп отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мен айттым ғой жасырын штаттағы вакансияны толтырмай, соның беретін ақшасын таратып отыр. Ол дұрыс. Онда құқық беру керек мекемелердің басшыларына. Қанша адам керек, сонысын қысқарт, ақшасын қалдырайық, жақсы істеп отырған адамдарға берейік. Сонан кейін әр тоқсан сайын премия дегенді жинап, оны жылдың аяғында жұмысына байланысты бонус беру керек. Қадамдарда бар ғой ол. Сол жағын қарадыңдар ма?!

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

-Сыбайлас жемқорлық бойынша біз алдын алу жағын көп қарастырып отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Заңды болу керек. Дәлелдену керек. Бекерге елдің бәріне қорқытып, шошытып, болмас нәрселер үшін ұстап, одан кейін дұрыс емес болғаннан кейін қайтадан босатып, оның барлығы сендердің ведомстволарыңның істеген кемшілігі.

Нұрсұлтан Назарбаев орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы бос тұрған орындарды қысқарту, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорының қаражатын қайта бөлу арқылы енгізіліп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың бонустық жүйесінің маңыздылығына айрықша тоқталды. Және осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде тапсырмалар жүктеді.

12. Жаһандық қауіпсіздік

Айтпақшы, жыл басталғалы бері Конституциялық реформамен қатар айтылып келе жатқан бір жаңалық бар. Ол Сирия келіссөздеріне Астананың арқау болуы.

Яғни бұған дейін тіресіп келген тараптар алғаш рет қазақ шаңырағында жиылып, тілдесті. Бұл – үлкен жеңіс. Әрине, өзімізге өзіміз берген баға емес, сырт көз сыншылардың сөзі бұл.

Стаффан де Мистура, БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы өкілі

-Сириялықтардан сұрасаңыздар айтады, ол отырыстардың маңызы зор болғанын. Белгілісі сол текетірес тоқтаса, 2-3 ай, тіпті 2 жыл бойы соғыссыз келіссөздер өткізуге болады.

Башар Джафари, БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі

-Астанадағы басқосу Женевадағы келіссөздерге негіз болды және онда қабылданатын құжаттарға зор септігін тигізеді деп сенемін. Қазақстандық достарымызға алғыс айтамын.

Наурыз айында Астана процесінің кезекті отырысы өтеді деген ақпар бар. Сириядағы оппозицияның өкілдері Үкімет мүшелерімен бетпе-бет жүздесуге ыңғай танытып отыр. Ендеше алдағы жиынның жөні бөлек болуы бек ықтимал.

Қауіпсіздік ісінде қарап қалмай, қам қылғанымыз жаһан жұртының жанына жағады. Демек, дәл қазіргі сәтте әлемнің назары бізге ауып тұр деген сөз. Ал, елде технологиялық және саяси жаңғырудың қатар жүзеге асып жатқанын ескерсек, реформалардың бүге-шүгесін өзгелердің біліп отырғаны өтірік емес. Бұл бізге деген сенімді бір елі арттырмаса, азайтпайды.

Елбасының арағайындық қылудағы еңбегін қоңсылас көршінің басшысы да бағалады. Алматыға келген сапарында.

13. Ынтымақтастық көкжиегі

Алатаудың баурайындағы басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин біраз түйткілдің түйінін шешуге тырысты.

Владимир Путин маңайындағы өзге бір де бір көршісімен бұлай жиі кездеспейтін болар. Өткен жылы екі ел басшысы 6 мəрте жүздесіп, 12 рет телефон арқылы тілдесіпті. Ал биыл Нұрсұлтан Назарбаев пен Путин Алатау бөктерінде алғаш рет жолығып отыр.

Ресей басшысының Орталық Азия аймағын аралауының стратегиялық маңызы зор. Елдердің мақсаты ортақ – өзара серіктестік пен халықаралық ұйымдардың шеңберінде тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қазақстан аймақтағы ең ірі мемлекеттің бірі екенін ескерсек, арадағы тығыз байланыстың беки түсуі тараптардың қай-қайсысына да тиімді. Дипломатиялық қатынас орнаған жиырма бес жылдан бері қоңсылас жатқан көршімен арада дорба емес, жорға жүргізген жайымыз бар. Қазіргі таңда қос ел кəсіпкерлері өз ісін дөңгелетіп отыр. Əсіресе Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы әріптестіктің көрсеткіштері еселенді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В этом году исполняется 25 лет с момента установления дипломатических отношений между нами. Благодаря тесному сотрудничеству мы создали Евразийский экономический союз. Считаю, что это важное, и в то же время перспективное образование для всех его участников. Сегодня более 7 000 российских предприятий имеют представительства в нашей стране, способствуют созданию новой перерабатывающей промышленности. Ваш визит в Казахстан осенью прошлого года, встреча в Санкт-Петербурге в рамках ЕАЭС позволили подписать 41 контракт на сумму 3 млрд долларов США.

Серіктестік көкжиегін кеңейту, экономиканың екпінін арттыру. Президенттердің кездесуінде көбіне-көп осы мәселелер талқыланады. Алайда бұл жолы тараптар екі жаққа ортақ жайттардан гөрі, халықаралық ахуалға басымдық берді. Соның бірі – əлемді алаңдатқан Сирия жанжалы. Алыста жатса да, Сирия дағдарысы бізді де бей-жай қалдырмады. Қақтығыстарға қатысы бар тараптарға бейтарап алаң ұсынып, Астанада кездесу өткізуге жағдай жасауымыздың себебі осы. Түзу ниетіміздің нəтижесі көп күттірмеді. Қазақ жерінде өткен келіссөздерден кейін Сириядағы атыстың тоқтатылуына бақылау жасайтын тетіктер табылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Россия предпринимает меры по решению актуальных международных вопросов, в том числе по урегулированию сирийского конфликта. Именно Россия предложила провести несколько раундов переговоров в Астане. Процесс запущен. В целом для решения этих и других вопросов предстоит организовать ряд встреч в течение года, в том числе и в рамках ШОС 8 июня в Астане. Все текущие вопросы решаются в дружественном ключе. Будем двигаться вперед, создавая совместные предприятия.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Мен сіздің Астана процесіне қосқан ерен еңбегіңізді өте жоғары бағалаймын. Сіз шарапаты мол шараны ұйымдастыруда, делегаттармен кездесуде тынымсыз тер төктіңіз. Сол себепті де біз бұрын-соңды болмаған бірегей нәтижеге қол жеткіздік. Ол таза сіздің еңбегіңіз. Бұл бастамалардың барлығы Женевадағы келіссөздердің іргетасына айналды.

Экономикадағы десі басым мемлекеттердің қай қайсысына да соңғы дағдарыс оңайға соқпады. Бір ғана қара алтын құнының құлдырауы мен негізгі экспорттық тауарлар бағасының құбылуы Қазақстанға да, Ресейге де жақсы емес. Владимир Путин интеграциялық процестердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалансақ, бұл тығырықтан да шығуға болатынын айтты.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Біз сізбен экономикаға валюта бағамындағы өзгерістер мен әлем нарығындағы тұрақсыздық тікелей әсер етіп отырғанын талқылаған болатынбыз. Негізгі сұраныс сол күйі қалғанымен қаржы жағына келгенде, ауытқулар бар. Біздің қазіргі міндетіміз сұраныс пен өсімді барынша арттыру. Бұған интеграциялық үрдіс аясында да қолайлы жағдай жасалған. Осы орайда Еуразиялық банкке тоқталғым келеді. Бұл банк Қазақстанға бірнеше млрд долларды құрайтын жобаларды құптады. Демек, біздің экономикалық өсімімізге кедергі жоқ.

Екі елдің халықаралық бірлестіктер аясындағы ынтымақтастығы да мығым. Владимир Путин Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан Ресейдің жаһандық мәселелерге қатысты бастамаларына қолдау көрсететініне сенім білдірді. Əлбетте түп негізі бейбітшілік пен келісімді көксейтін бастамаларға еліміз ешуақытта қарсылық танытқан емес.

Биыл маусым айында бірнеше елдің басшысы Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңесіне жиналады. Демек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің бұл кездесуі биылдыққа алғашқы болғанымен, соңғысы емес. Орталық Азия турнесін Қазақстаннан бастаған Ресей Президенті Тəжікстан мен Қырғызстанға жол тартты.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жұмағали Біргебаев, Антон Болтрушевич, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев