Хабар телеарнасы

Жеті күн 19.08.2017

Сюжеттер
1. Елбасы «Хабарға» сұхбат берді 2. Елбасының жұмыс аптасы 3. Елбасы қабылдаулары
4. Алдағы міндет – ауқымды 5. Еңбегі еселі дихандар 6. Рухани жаңғыру
 
7. Рухани жаңғыру 8. «Нұрлы жер» бағдарламасы  

1. Елбасы «Хабарға» сұхбат берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» Агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді. Елбасы рухани жаңғыру үдерісіне қатысты көкейкесті сауалдарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты. Сонымен қатар Президент отандық туризмді дамытудың келешегі мен өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы және латын әліпбиіне көшу туралы ойымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деп жатқан жоқпыз. Алыпқашпа сөзбен осыны кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби – қазақтың тіліне байланысты мәселе. Ғылым мен техниканың көзі орыс тіліне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, біз байымаймыз, кедейленеміз. Переход на латиницу не означает отказ от русского языка. Латиница будет касаться прежде всего казахского языка. Все издания, издающиеся на русском языке, русскоговорящим гражданам Казахстана кириллица остается. Бұл – үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында бір-екі мәтінін қарайтын боламын. Осыған шұғылданып жүрген ғалымдарды, тілмаштарды – барлығын жинап, солармен отырып, бір жобаға тоқтайтын боламыз.

Бұдан бөлек Елбасы халықаралық ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы сөз тарқатты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– ЕХРО-2017 занимает особое место. Завоевать право проведения в Казахстане было не совсем простым делом. Мы полагали, что за все три с половиной месяца проведения Казахстан посетит около двух миллионов человек. Только за 2 месяца посетили уже 2,5 миллиона. А если посещения считать, то зафиксировано около 20 миллионов человек.

Сұхбаттың толық нұсқасын 21 тамыз, дүйсенбі күні кешкі сағат 21:30-да «Хабар» және «Хабар 24» арналарынан көре аласыздар.

2. Елбасының жұмыс аптасы

Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Тілдесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешектегі дамуы талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де әңгімеге арқау болған. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Осы әңгімелесуде жаһандағы жағдайдың біразы сөз болғаны белгілі. Өйткені қауіптің қара дауылы әлі де басылар емес. 17 тамыз күні Испаниядағы Барселона қаласының жұрты қара жамылып қалды. Лаңкестер тағы да ылаң салды. Қайғылы оқиғаға орай, Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан қаншама адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. «Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды» – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

3. Елбасы қабылдаулары

Жалпы бұл аптада Президенттің жұмыс кестесі тығыз болды. Бірнеше сала басшыларымен кездесті әрі шетелдік қонақтарды қабылдады. 

Мемлекет басшысы Ақордада Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелерін қабылдады. Кездесуге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев басқосудың ЕХРО-2017 халықаралық көрмесімен тұспа-тұс өтіп отырғанын айтты. Сонымен қатар Президент Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастыққа тоқталып, экономиканың өсімі елдер арасындағы тауар айналымының артып, өзара қарым-қатынастардың нығаюына тікелей байланысты екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–ЕврАзЭс работает уже 3-й год. Это совпало с непростыми временами в мировой экономике, в наших экономиках. Но все же главный фактор – это то, что мы создали общий рынок, создали ЕАЭС. Как только наша экономика начала выправляться, и товарооборот, и взаимоотношения начинают усиливаться. Я лично считаю, что мы двигались в правильном направлении. И нам надо, несмотря на имеющиеся вопросы, укреплять ЕАЭС. Проблемы в мировой экономике нас затронули, безусловно. Но внутренние вопросы взаимоотношения наших стран независимо от этого будут развиваться и дальше, наша задача заключается в этом. И здесь правительствам отводится основная роль. В решении экономических вопросов, взаимоотношении всех.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Тараптар экономиканың қазіргі жағдайында мұндай басқосудың маңызды екенін айтты. Дмитрий Медведев Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Рад возможности пообщаться в это сложное время. Сверить часы и поговорить о наших делах.

Дмитрий Медведев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы:

–Біз достас Қазақстанның ЕХРО-2017 көрмесін өткізу барысында жеткен жетістіктеріне қуанамыз. Бұл – шын мәнінде сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маңызы зор оқиға. Біз Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында қазіргі экономикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұмысқа қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Cізге алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай қарқынды түрде дами түседі деп сенемін.

Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбеков те Елбасы қабылдауында болды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы қырғыздардың тарихы бізбен тамырлас екенін айтып, Қазақ елі бауырлас халықты әрдайым қолдайтынын тілге тиек етті. Қырғыз елінің үкімет басшысы болса Қазақстан тарапынан көрсетіліп отырған демеуге ризашылығын жеткізіп, Елбасын EXPO көрмесінің сәтті өтіп жатқандығымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Қазақ пен қырғыздың арасында негізгі мәселе бар. Ол – тарихи екі елдің бір-біріне деген жақындығы мен сенімі. Өз басым Президент ретінде емес, адам ретінде осы позицияны ұстаймын. Сондықтан әр мемлекет өз жағдайына байланысты өз орнын біліп жұмыс істесе, дұрыс болады. Қырғызстан халқының жағдайы дұрыс болуына мен әр уақытта атсалысып отырамын. Тыныштық болып, халықтың жағдайы өркендеу жолына түссе екен деп ойлаймын. Қазақстан әр уақытта Қырғыз халқыменен, Қырғызстанмен бірге болады.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі:

–Рахмет Сізге, Нұраға! Уақытыңызды бөліп, мені қабылдағаныңызға! EXPO 2017 көрмесіне байланысты Сіздерде қонақтар көп. Құттықтаймын Сізді! Жалпы бізді де Қазақ елінің игілігі қуантады. Жақсы жағдайлар болып жатыр. Үкімет басшысы Бақытжан Әбдірұлы мен Сіздің қолдауыңызбен жұмыс істеп, мәселелерді шешіп жатырмыз. Сізге рахмет!

Көрші елдермен байланыс барысын бағамдаған Елбасы ізін ала ішкі нарықтың есебін алды. Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Данияр Ақышев тамыз айының басындағы теңге бағамының ауытқуы тұрақталғанын жеткізді. Түрлі факторларға қатысты белең алған бұл жағдайға бүгінде алаңдауға еш негіз жоқ. Кездесу барысында Мемлекет басшысы теңгенің еркін бағамы саясаты әрі қарай да жалғасатынын айтып, инфляцияның өсуіне жол бермеуді жіті тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Политика плавающего обменного курса продолжает работать, задача недопущения роста инфляции перед банком стоит, и все это играет очень важную роль, конечно. И курс, и все остальное. Поэтому как решается вопрос оздоровления финансовой системы в целом  и  вопрос пенсионных фондов?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

–Валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Тек тамыздың алғашқы аптасында ғана теңге біраз құбылды. Бұған Ресей рублінің өзгеруі мен халықаралық қаржы нарықтарындағы жағымсыз оқиғалардың орын алуы секілді сыртқы факторлар әсер етті. АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларды қолдануы осы мемлекетке көршілес жатқан елдерге де әсер етпей қоймас. Бірақ санкциялар Қазақстанға кері ықпалын тигізбейді деп топшылап отырмыз. Сондықтан бұл валюта бағамына көп өзгеріс әкелмейді. Мемлекет басшысы валюта нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма беріп, бүгінгі ахуалға қатысты халыққа түсініктеме беру керегін айтты.

Сыртқы факторлар қанша әсер етсе де, біз алға қойған жоспардан жаңылған жоқпыз. ЕХРО көремесіне келетін қонақтар санын бағамдап, одан түсетін қаржыны есепке алдық. Қателеспедік. EXPO көрмесіне келушілер саны 2,5 миллион адамнан асты. Бұл туралы Президент қабылдауында болған «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы мәлімдеді. Ахметжан Есімов халықтың ең көп барғаны «Нұр Әлем» павильоны болғанын айтты. Ұзын саны 831 мың адам сфераға табан тіресе, көрме аяқталғанға дейін олардың саны 1 миллионнан асатыны туралы болжам бар. Бұдан бөлек осы күнге дейін 70-ке жуық елдің ұлттық күні өткен.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–25 күн қалды. Соны қалай аяқтаймыз, қалай жабамыз? Ол біткеннен кейін әрі қарай жоспарларымыз қалай орындалады, не болады? ЕХРО орнында қандай шаруа жасалып жатыр, не істеуіміз керек? Соны ақылдасайық.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

–Туризм бойынша өте жақсы өсімді көріп отырмыз. Туроператорларға деген ұсыныстар 78 пайызға өсіп отыр. Қонақүйлер мен хостелдердің саны 27 пайызға өсіп отыр. 8 пайызға кіші және орта бизнесте істеп жатқандардың саны өсті, 15,5 мыңға. Халықаралық павильондарда өзіміздің 1647 қазақстандық жұмыс істеді. Шет елдер өздерінің павильондарын жасау үшін 100 млн-ға жуық ақша жұмсап отыр.

Мемлекет басшысы халықаралық көрмені өткізу елорданы және жалпы ел экономикасын дамытуға оң әсер беретінін ерекше атап өтті. Шара аяқталған соң мұнда Халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптар паркі орналасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–816 млрд қажет болады деп санағанбыз. Істелген жұмыс пен қысқартудың арқасында 816 емес, 450 млрд болды. Жалпы ЕХРО-ны жүргізу мәселесінде қаланың қызмет көрсететін өндірістері өркендеді, өсті. Қонақүйлер толды, тамақ ішетін жерлер толды. Сол арқылы қалаға, бюджетке көп ашқа түсетін болды. Құрылыста 96 қазақстандық компания жұмыс істеді. Сырттан келген инвестиция 100 млн долларға жетті. Жалпы ЕХРО-ның Қазақстанға тигізіп отырған эффекті осы. Жалпы саясат, дүниежүзіне белгілі болу, Қазақстанға жаңа экономиканы енгізу жөнінде жаңалықтарды бастауымыз, оның барлығы жақсы, қуантарлық мәселе деп санаймыз.

Дәл осы көрме аясында 6 мыңға жуық ерікті жұмыс істеп жүр. Дені – жоғары оқу орындарының студенттері. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің белсенділері де қатардан табылады. Инновациялық деген атаққа ие болған оқу ордасында бүгінде ауыл шаруашылығын ғылыммен ұштастыруға басымдық берілген. Елбасы қабылдауында болған университет ректоры Тілектес Есполов осы және өзге де жетістіктер туралы баяндады. Ректор бүгінде Университет халықаралық 11 консорциумның мүшесі екендігін айтып, көңіл көншітерлік көрсеткіштерімен де бөлісті. Қазіргі уақытта оқу ордасына 50 ғылыми жоба тиесілі. Мұндағы негізгі мақсат – инновациялық даму үрдісі арқылы отандық ауыл шаруашылығы кешенін өркендетуге қолғабыс ету.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

–Ұлттық жоғары оқу орны деген атақ бердім. 2010 жылы университет инновациялық университет болып тағайындалды. 41 мамандықпен жұмыс істейсіңдер. 16 докторантура, 800 мұғалім бар, 19 академик, 8 мүше-корреспондент, 112 ғылым докторы, 283 кандидат, 30 доктор PhD. 7 мың бала оқиды қазір, иә? Атағы барлардың көлемі – 65 пайыз. 11 халықаралық консорциум мүшесісіңдер.

Қазір біз сол рейтингке қол қойдық. Бірінші рет Қазақстанда агротехнологиялық хаб ашып отырмыз. Қазір 2017-2021 жылғы бағдарламаға байланысты агротехнологиялық хаб формасымен Астана және Алматыда екі ғылыми зерттеу орталығын құру туралы жоспар бар.

Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми орталықтың шарапаты еліміздегі ауыл шаруашылығы саласына оң ықпал етуі керектігін айтып, бәсекеге бейімделуді тапсырды.

Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

–Елбасының қабылдауында Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша ашылған Ұлттық Аграрлық білім және ғылым орталығы және қазақтың ұлттық аграрлық университетінің ұлттық зерттеу университетіне трансформациялауды баяндадым. Сонымен қатар агроөндіріс кешеніне жаңа технологияны тарту, жаңа стартап жобаларын тарту, агро өндіріске жаңа технологияны тарту, мемлекеттік жекеменшік серіктестікті дамыту сөз болды. Қабылдаудың соңында Елбасы аграрлық ғылым мен білімге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Сыртқы және ішкі жағдайдың қазіргі күйін көрген Президент қай салада болмасын іркілмеуге шақырды. Себебі қазіргі кезең жалқаулықты жақтырмайды. Сондықтан экономиканы өрге бастыру үшін барлық бағыт еңбекпен еленуі тиіс. Сонда ғана дамуымыз даралана түседі.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

4. Алдағы міндет – ауқымды

Күні кеше Бурабайда Мемлекет басшысының қатысуымен даму бағдарламаларының іске асырылуы және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі жөнінде кеңес өтті. Кеңесте Сенат төрағасы, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы және олардың орынбасарлары, 16 өңірдің әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері төбе көрсетті.

Отырыс барысында мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде туындаған мәселелер таразы табағына тасталды. Сонымен қатар аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы да айтылды. Анығы, Президентке әр әкім жеке есеп берді. Сөз арасында алға басқан артықшылықтармен қатар, кетеуі кеткен кемшіліктер де жіпке тізілді. 

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы мен өңірлердің дамуы Елбасының жіті назарында. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалардың аяқ алысы жайлы әкім-министрлердің есебін Нұрсұлтан Назарбаев жеке-жеке тыңдады. Межелі міндетке мінсіз жету оңай емес. Мемлекет басшысы көпті толғандырып жүрген түйткілдердің бір сыпырасын ортаға салды. Халықты толғандыратыны, әсіресе тұрғын үй мәселесі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Из этих программ, что самое востребованное? К какой из этих программ больше стремятся люди?

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

–Бағдарламаның барлық бағыттары жоғары сұранысқа ие. Сатып алусыз жалдамалы тұрғын үй жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға беріледі. Кредиттік тұрғын үй де нарықта жақсы сұранысқа ие.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Все условия созданы, ресурсы выделены. Все это нужно реализовать. Если это осуществится, для народа станет огромным благом, улучшится положение областей.

Президент өңір ахуалымен етене таныс. Ондағы индустриалық-инвестициялық, тіпті әлеуметтік мәселелердің мән-жайын жақсы біледі. Айтарлықтай алға жылжу бар. Былтырмен салыстырғанда республиканың жағдайы тұрақталды, 4 пайыз экономикалық өсімге қол жетті. Оның үстіне биыл ауыл шаруашылығына қолайлы жыл болайын деп тұрған сыңайлы. Асқар Мырзахметовтың айтуынша, астықтың сапасы жақсы, мөлшері де қомақты болайын деп тұр.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

–Біздің болжамымыз бойынша 19 млн тоннадан астам астық жиналады. Сапасы әлдеқайда жоғары болды. Үшінші кластағы өнім 20 пайызға артқалы отыр.

Ауыл шаруашылығында инвестициялық субсидиялау бойынша көрсеткіштер өскен. Биыл шағын және орта кәсіпті қамту 2 есеге ұлғайды. Мал шаруашылығында субсидиялаудың жаңа механизмдері жұмыс істей бастады. Дегенмен еліміздегі егіс алқаптарының жартысы сақтандырылмаған. Мемлекет басшысы Үкімет пен ұлттық банкке тиісті шаралар қолдануды тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев жекелеген аймақтардағы ахуалға да тоқталды. Жетісуда қант қызылшасын өсіруді ұлғайту тапсырмасы орындалып келеді.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

–В этом году планируем собрать 350 тыс тонн сахарной свеклы, часть из них переработаем на новом восстановленном заводе.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–На сколько увеличили производство сахара?

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

–9 мың гектарға жетті, 4 мыңнан бастағанбыз. Если в этом году соберем 350 тыс тонн сахарной свеклы, процент выхода составит примерно 10%, получим 35 тысяч тонн собственного белого сахара.

Ал Қызылорда облысы болса, күрішті Иранға экпорттауға кірісті. Парсылықтарға қажетті сұрыпты өсіріп, провинцияларына жіберіп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Күріштің жағдайы қалай биыл?

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

–Өте жақсы. Биыл 25 тамызда егінге кірісеміз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Сапасы қалай?

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

– Былтыр 56 центнер гектарынан алдық. Мамандардың айтуынша, сол 55-56 деңгейінде болады. Біз Иранға да «хошемин» деген күріш егіп жатырмыз. Өткен жылы 3 провинциясына күрішті көп жібердік. Болашақта ирандықтар 3 млн тонна күрішті импорттайды. Біз 1 млн тонна қоюға мүмкіндігіміз бар.

Аймақ басшыларының басты міндеттерінің бірі – инвестиция тарту. Биыл бұл көрсеткіш 3 пайызға артқан. Инвестиция тартуда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Ақтөбе облыстары озық тұр.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

–Біздің болжамымыз бойынша жылды кем дегенде 4,5 пайызбен аяқтаймыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Жақсы жұмыс істеп жатсың, басқа облыстар үйреніңдер. Тәжірибе алмасуға мамандар жіберіңдер. Алысқа бармай, өзімізден де үйренетін дүниелер көп.

Индустрияландыру бағдарламасы бойынша инвестиция тарту негізгі жұмыс. Өңірге өсім беруге ықпал ететін де қосымша қаражат. Алайда инвесторлар әлі де әкімшілік кедергілерге тап болуда. Әкімдердің өңірлердегі жұмысын қайта қарау керек, белсенді қимылдаулары тиіс, – деді Президент. Елбасы инвесторлар тартуда жекешелендіру жоспарын іске асырудың тиімді екенін айтып, Қазақстанның ірі компанияларын мемлекетке мейлінше пайда түсірмейінше, акцияларын асығыстықпен сатпауға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Ключевым моментом в инвестиционной программе является привлечение денег, инвестиций. Одно окно у нас есть, но в полной мере не работает. Инвесторы продолжают сталкиваться с бюрократией и волокитой при выдаче земельных участков, подключении инфраструктуры. Мы говорим, что создаем условия, даем земли и инфраструктуру, а где они? Не все акимы уделяют должное внимание привлечению инвесторов. В некоторых областях снизилось, в некоторых вообще нет. В Северо-Казахстанской области привлечены внешние инвесторы только на один проект. В Мангыстауской, Кызылординской, Жамбылской по 2-3 проектам. Алматинская область к индустриальной не относится, однако привлекает инвесторов. Акимы должны переформатировать свою работу на местах, занять активную позицию, заняться конкретным делом.

Тағы бір маңызды мәселе – көктемгі су тасқындарының алдын алу. Мұның шешімін Елбасы ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Бір миллиард километрге су қоймасын салсақ, біз барлық мәселені шешеміз. Және 30 мың гектар суармалы жер пайда болады. Қаншалықты қиын болса да, қолға алуымыз керек. 

Өңірлердің Астанаға қарап бой түзері хақ. Дамыған шаһардың биыл ерекше гүлденіп тұрғаны белгілі. Алайда әлі де шешетін мәселе баршылық.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

–ЕХРО көрмесі аясында өткен 2 айда былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда Астанаға 1,5 млн адамға көбірек келген. Қонақүйлерді толтыру 3 есе, сауда үйлері мен базарларға бару 30-дан 80 пайызға дейін өсті. Қабылданған бағдарламалардың арқасында алыпсатарлық пен тауар тапшылығының алдын алдық. Барлық штабтар тұрақты жұмыс істеп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Растет город – 1 млн 200 человек. Вопрос транспортной развязки, стоянок автомобилей должен быть всегда в поле зрения. 33 тысячи детей стоят в очередь на детские сады, в Астане вводим трехсменные школы, это никуда не годится. Надо эти вопросы решать в столице.

ЕХРО-ның отандық туризмге серпін бергені сөзсіз. Өңірлерге де туристер тарту ендігі меже. Бұл орайда Бурабайдың әлеуеті зор.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Бурабайда отырмыз, туристік мәселенің Қазақстан үшін мағынасы өте үлкен. Сондықтан осы жердегі туристік кластерді өркендету үшін Үкіметтің бастығына тапсырма бердім. «Нұрлы жол» бағдарламасының ішінен қаражат салуға рұқсат етемін. Бұл жерге үлкен қаражат салмаса, болмайды. Біз бірінші бесжұлдызды қонақүйді салдық, сол жерге әдейі сендерді жібердім. Ол жеткіліксіз. Жаздың кезінде көрші Ресейдің қалаларынан көп адам келеді. Барлығы жай ғана жағада жатады. Жататын не қонақүй, не демалыс орны жоқ, салынған күркелер де жоқ. Сондықтан бұл жерді күрделі жөндеу керек.

Аймақ басшыларына жүктелеген тағы бір міндет – рухани жаңғыру. Елбасы айқындаған 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс басталды. Латын әліпбиіне көшу үшін екі бірдей жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселе тыңғылықты зерттеліп жатыр. Әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару бойынша дүниежүзілік баспалармен келісімдер жасалып жатыр. Жақын арада 15 оқулық пен 2 ғылыми басылым қазақ тіліне аударылады. Қазақстанның киелі орындарына келер болсақ, аймақтарда нысандардың тізімі әзірленді.

Марат Тәжин, ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

–«Туған жер» бағдарламасы тікелей аймақтар мен әкімдердің көмегімен жүзеге асыралады. Қазірдің өзінде бұл бағдарламамен 338 жоба орындалып жатыр. Ал Ақтөбеде әлеуметтік меценаттық қолға алынды. Тұңғыш рет осы өңірден шыққан бизнес өкілдерінің тізімі жасалды. Олармен тікелей байланысқа шығып, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын тікелей қаржыландыру басталды.

Рухани жаңғыруды қалтқысыз іске асыру өте маңызды. Ол үшін қыруар жұмыс атқарылмақ. Технологиялық үрдістер қарыштаған кезеңде заман көшіне ілесе білген де абзал. Президент болашаққа көз жүгіртіп, жеке пайымымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Все меняется. Мы живем, с одной стороны в захватывающем, быстро идущем, прогрессирующем мире, но в тоже время в тревожном мире. Кто мог бы подумать, что свободное жилье будет забираться. Свободные машины используются Uber, появилась электронная коммерция. Джек Ма и другие приходят в Казахстан, сидя дома можно торговать. Появилась криптовалюта – блокчейн, банки окажутся по боку, в магазинах не нужно торговать, домой принесут любую заказанную вещь.

Қыстың қамын жаз ойла. Түбегейлі өзгеріп келетін дүниеге қазірден бастап бейім болған абзал. Бұл орайда Қазақстан өз бағытын айқындап қойған. Президент жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық салада белсенділікті күшейтуге үндеді.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Жұмағали Біргебаев, Асхат Әзіретханов

5. Еңбегі еселі диқандар

Мемлекет басшысының Ақмола облысына сапары бүгін де жалғасын тапты. Нұрсұлтан Назарбаев егін алқабын аралап, жиын-терін науқанына дайындық барысын бағамдады. 

Елдар Бақпаев, тілші:

–Ақмоланың астығы аймақтың брендіне айналғалы қашан. Аграрлы өңірдің диқандары биыл да рекордты көрсеткіш көрсетуді көздеп отыр. Шамамен есептеп те қойған. 4 млн тоннадан астам астық. Бұл – Жер ананың ырыздығы мен шаруалар еңбегінің биылғы нәтижесі.

Науқан ойдағыдай өтуі үшін Ақмола облысының жергілікті шаруалары дайындықты күні бұрын бастаған. Орақ науқанына өңірдің 9 мың комбайны, төрт мыңнан аса көлігі мен  пен өзгеде техникасы сайланып, әрі майланып  тұрғанын көз көрді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймаққа тиесілі астықты алқабтың ахуалын бағамдау үшін «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы табан тіреді. Президент 2009 жылы іргетасы қалаған аграрлық кәсіпорынның қызметімен танысып тиісті сала басшыларының есебін тыңдады.

–Благодаря тому, что мы получили 36 млдр субсидий и в полтора раза увеличили удобрения, семена, этого не сделали бы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Cубсидии пересмотрели, правильно сделали?

Елбасы жылдағы дәстүрден жаңылмай, орақ науқаны алдындағы дайындықты пысықтау үшін әуелі диқандармен кездесіп, емен жарқын әңгімелесті. Бұл ретте шаруалар Президентке мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға өз ризашылықтарын білдірді. Диқандар дер кезінде берілген субсидия мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарламалар өнімділікті арттыру жолында маңызы зор екенін айтады.

Ибрагим Жангуразов, «Ижевский» өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы:

–Первое – это госпомощь, субсидирование, причем адресное субсидирование, минеральное удобрение, гербициды. Техника, человеческий фактор и в основе – ваши ежегодные разъезды в начале уборочной, ваше внимание ко всем нам.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Я слушаю и меняю, потом мы меняем, министерство изменило принцип субсидирования. Побольше хозяйств получили. Не только крупные, это помогает хорошо.

Ала жаздай бел жазбаған диқандар жаңа технологиялардың арқасында қуаңшылық кезінде де өнімділікті өсіруге болатындығын айтты. Диқандар жаңашылдық арқылы жаңа жетістіктерге қол жеткізген. Нәтижесінде аграрлық өнімдердің  экспорттық әлеуеті артпақ.

–В этом году никто не ожидал, что мы можем иметь такой хлеб. То есть, вы все вовремя сделали? Вспахали, у нас вся техника такая, казахстанская наука. Наши технологии, если бы не сеяли, ничего бы не было, сейчас выработались. Время, когда мы сеем и убираем, даже в этот жесткий год по климатическим условиям, ни одного дождя не было.

Елбасы 90-шы жылдардың орта тұсында «не өндіреміз» деген мəселенің туындағанын, енді «шығарған өнімді қайда сатамыз» деген сұрақтың түйткілі бар екендігін жеткізді. Осы орайда Президент бәсекеге қабілетті болу үшін дамыған елдердің тәжірибесіне арқа сүйеу керектігін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Надо выдерживать конкуренцию, совершенствовать технологи, ничего не нужно выдумать. Как работают канадцы, аргентинцы, автралийцы, есть все, но не хватат набор . Еще не хватает удобрений, мало просим. Борьба против вредителей не до конца наверное делаем. Вот эту всю сторону технологически будем поддерживать, работать на земле мы лучше всех.

Шаруалар дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде биылғы бидайдың сапасы да жақсы екенін айтты.

Диқандармен дидарласу барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің транзиттік әлеуетін де ұтымды пайдаланып, жаһандану заманында жан-жақты болу қажеттігін алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–В целом акмолинские хлеборобы – самые лучшие. Для нас сейчас мировые политические сложные. Тревожные и мир двигается. Мирить приходиться. Всех акимов собирал вчера, все у нас есть, индустриальные программы есть. Нефть стоила 135 сейчас 50. Но мы стоим. Потому то индустриальную программу проводили. Машиностроение. Другие предприятия построили, за эти годи еще автодороги по программе «Нурлы жол». 4 тысяч км построены еще 4 за пять лет весь Казахстан будет покрыт сетью дорог. Это все для оживления экономики. Не будет траснпорта. Не будет. И больше пропускать через Казахстан. Транзите на этом зарабатывать деньги.

Бүгінде «Ұмай жер» шаруа қожалығында 100 ден аса маман қызмет етеді. Табыстары да тұрақты. Мамандар ендігі жылы егістік алқаптарын ұлғайтуды да жоспарлап отырғандығын айтты.

Наджибулла Абдул Халил, «Ұмай жер» ЖШС құрылтайшысы:

–30 мың гектарға жуық жеріміз бар. Оның 70 пайызы бидай болса, қалғаны – майлы дәнді дақылдар. Өзіміздің элеваторымыз болғандықтан бізге өте тиімді. Ұн шығарып, оның басым бөлігін экспортқа жөнелтеміз. Бүгінде бізге мемлекеттің қолдауы өте үлкен көмек болып отыр. Түрлі бағдарламалар арқылы біз тың техникалар мен тыңайтқыштар сатып алып, өнімділікті арттыруды көздейміз. Биыл әр гектардан 30 центнерге жуық астық жинаймыз деген ниеттеміз.

Қожалықтағы техникалардың дені – отандық өнімдер. «Дегенмен канадалық комбайнға да мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізу мүмкіндігіне ие болдық», – дейді жергілікті механизатор. Бұл техникалар астықты уақытылы орып алуға көп септігін тигізетінін жергілікті диқандар алға тартуда.

Ерғали Дәулетжанұлы, механизатор:

–Биыл былтырға қарағанда егіннің шығу жақсы. Өйткені жақсылап дәрілермен өңдеді. 1 айдың ішінде жинап аламыз деген ойымыз бар.

Осы өңірмен бірге өсіп, қатар дамып келе жатқан өндіріс ошақтарының бірі – «Көкшетау минералды сулар» зауыты. Бұл ширек ғасырға жуық тарихы бар кәсіпорын. Өңір үшін өзекті кәсіпорынның жұмысымен Мемлекет басшысы да жіті танысты. Өнім көлемін жылда арттырады, демек кəсіпкердің табысы еселенеді, жұмысшының жалақысы да уақытылы. Қазына қазанын толтырып отырған да үлесі бар.

Нұрали Мырзалиев, «Көкшетау минералды сулар» АҚ өндіріс директоры:

–Біздің өнімдеріміз өз ұңғымалардан алынады. Олардың физикалық, химиялық құрамы бөтелкедегі сумен сәйкес келеді. Сол себепті олар экологиялық таза, сапалы өнім.

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Шортанды кентіндегі «Бурабай» гольф клубының ашылуына  қатысты. Президент шараға келушілерді жаңа спорт нысанымен құттықтап, өңірдің туристік әлеуетін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Елбасы Көкшедегі бұл жаңа жобаның іске асырылуы спорт сүйер қауымды тарту мақсатында жасалғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Хотим развивать Боровое как туристическую Мекку Казахстана. Чтобы все сюда приехали, играли в замечательные виды спорта. Впервые в место притягивать спортсменов, кто в гостиницы приходит, любимый вид спорта во всем мире. Я поздравляю спортсменов гольфистов и всех с открытием гольф клуба «Бурабай».

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров

6. Рухани жаңғыру

Замана көші алға жылжыған сайын әлемнің ырду-дырдуы күшейіп барады. Ал мұндайда жат идеологиядан қалай қорғанамыз? Бүгінгі иммунитетіміз бұл қауіптерге төтеп бере алады ма? Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялауы – осыны ойлағандықтың бір белгісі. Өйткені, қай қатерден болсын, бізді тек ұлттық құндылықтарымыз ғана құтқара алады. Әрі бәсекеге қабілетті болуымызға жол бастайды. Сондықтан, рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымызды қуаттау қажет.

Бағдарламалық мақала жарияланғалы бері 4 айдан асты. Осы уақыт аралығында не тындырылды? Қолға алынған жобалар қалай жүзеге асып жатыр? Сан сауалға Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жауап іздеді. 

Қазақстандықтар қоғамдық ой-саналарын өзгертіп, жаңа жаһандық жағдайға бейімделуі тиіс. Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі идеясы осы. Президенттің бұл бастамасын зиялы қауым мен дүйім жұрт бірауыздан қолдағаны белгілі. Ендігі жұмыс – осы мақсатты жүзеге асыру. Жобалық кеңсе әзірлеген бағдарламаның нақты қадамдарымен Ұлттық комиссия мүшелері танысты.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы:

–Соңғы 4 айда Елбасы ұсынған бағдарламаны жүзеге асыруда нақты қадамдар жасалды. Орталық және мемлекеттік органдар жұмысқа белсенді қатысып отыр. Сонымен бүгінде жаңа алфавиттің жобасы жасалды. Киелі жерлердің географиясы бойынша 600 нысан белгіленді. Олардың 22-сінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды. «Туған жер» бағдарламасы бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ұлттық комиссия мүшелері осымен үшінші рет бас қосып отыр. Бұдан бұрынғы жиындарда бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар ой елегінен өткізілген еді. Ал осы аптада нақты атқарылып жатқан шаралар пысықталды. Ақтөбе өңірінде жастарға туған жерінің тарихын жіті таныстыру үшін жоғарғы оқу орындарында «Өлкетану» мамандығы ашылған.

Киелі мекендердегі тарихи ескерткіштер де қалпына келтіріліп жатыр. «Туған ел – туған жер» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлердің көмегімен өлкеде балабақша, мектеп секілді әлеуметтік нысандар бой көтерді.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

–Біздің өңірден шыққан кәсіпкерлердің көмегімен, бірінші мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, екінші бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде өңірде құны 48 миллиард тұратын 71 бағдарлама жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда оның 9-ы іске қосылды.

Шығыс Қазақстан облысында да бағдарлама қызу жүзеге асып жатыр. Рухани жаңғыру – тән саулығымен тікелей байланысты болғандықтан, аймақта медициналық салаға зор көңіл бөлінген. Биыл жергілікті ауруханаларға жаңа медициналық техника алуға 6 миллиард теңге қаражат жұмсалмақ. Бұл шетелде білімдерін шыңдап келген дәрігерлердің әрі қарай дамуына демеу болмақ.

Сондай-ақ өңірде өңірдегі білім беру нысандарында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, сонымен қатар қазақ әліпбиіне бейімдеу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

–Латын әліпбиіне жылдам көшу үшін біздің өңірде тиісті бағдарлама әзірленген. Ол үш тұғырлы тіл саясаты негізінде жұмыс істейді. Мысалы орыс тілді мектептерде қазақ тілі және ағылшын кеңінен оқытылса. Қазақ тілді білім ордаларында сәйкесінше жұмыс жүреді. Бүгінде әлем елдерінің 40 пайызы латын әліпбиін қолданады. Ал бұл тізімнен Қытай мен Үндістанды алып тастаса, тіпті дүние жүзінің 70 пайызы латынша жазады. Сондықтан бұл үрдістен қорықпаймыз. Осы бағытта жұмыс жасаудамыз.

Латын әліпбиін қолдау бағытында белсенді қоғамдық топтар мен ұйымдар да жұмыс жүргізіп жатыр.

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы:

–Латын әліппесіне көшуді қолдау саласында «Қазақ кітаптары» деген үлкен бір көрмені бастадық. 1992-1940 жылдары шығарылған кітаптар. Зерттеу жасап, 1500 кітапты таптық. Қазіргі таңда олар екі көрмеде көрсетілген. Жылдың соңына дейін ол ашық түрде бәріне көрсетілім көрме түрінде болады.

Анатолий Башмаков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

–Бүгін комиссияның үшінші отырысы өтті. Нақты атқарылып жатқан істермен таныстық. Бағдарлама әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері бойынша жүзеге асып жатыр. Бір аймақта мәдени сала дамыса, екінші жақта тарихи құндылықтарға зор мән берілген. Жастарды заманға сай оқытып, жаңа технологиялармен таныстыру, өңірлерді дамыту бағдарламасы да сәтті жүзеге асып жатыр. Бұл тек үлкен істің басы ғана. Әлі көп жұмыс атқарылады.

Жиын қорытындысында Әділбек Жақсыбеков комиссия мүшелері мен бағдарламаны жүзеге асырып отырған өңір басшыларына алғысын білдіріп, соңғы 4 айда атқарған қызметтеріне жоғары баға берді.

Авторлары: Жұрағат Баман, Марат Таубаев

7. Рухани жаңғыру

Қазақстан Тәуелсіздіктің екінші мүшелін ерекше екпінмен бастады. Яғни жаңа тарихи кезеңге «тәй-тәйлап» аяқ бастық. Оған саяси және экономикалық жаңғырулардың қатар жүріп жатқандығы бір дәлел. Ал бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлететін «рухани жаңғыру» әлгі «қос өзгерістің» өзегі іспетті. Демек бағдарламалардың барлығы бір-бірімен қабыса келіп, халық игілігіне сай қызмет қылмақ. Оларды бөле-жарып қарауға болмайды.

Әуелі адам санасына сілкініс жасау – міндет. Одан соң қоғамдық сана өзі-ақ қалыптасады. Туған жерінен бастап туған еліне дейін қастерлеп, сүйген азамат қайткенде қара басының қамы үшін емес, елдің ертеңі үшін еңбек қылары сөзсіз. Міне осылайша саяси-экономикалық өзгерістер өміршең болады, нақты іске асады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тасқа басылғалы бері «талай іс тыңдырылды» деп кешегі Бурабайда өткен кеңесте де, рухани жаңғыру бойынша Ұлттық комиссияның үшінші отырысында да айтылды. Нақты ауыл-аймақта атқарылған іс қандай? 

Аптаның басты мәдени жаңалығы еліміздің ұлттық деңгейдегі рухани нысандарының саны бекітіледі. Ғалымдар 2 ай зерттеу жүргізіп, 100 қасиетті орынның тізімін жасады. Ғылыми-сараптамалық кеңес еліміздің өңірлерінен келген ұсыныстарды мұқият зерделеген. Өйткені, қасиетті орындар тізіміндегі нысандар тарихи және рухани жағынан ерекше болуы тиіс. Ал 2021-жылға дейін «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының 5-томы жарыққа шығарылмақ.

Берік Әбдіғалиұлы, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі:

–Биылға қойылған міндет осы тізімді анықтап, картасын жасау. Бұл бағдарлама 5 жылға арналған. Отырарға, Тамғалыға визит центр салу, Түркістандағы Яссы қаласын, Күлтөбе, Сығанақты қалпына келтіру міндеттері бар. Қазақ хандығының орнын білеміз. Бірақ лайықты деңгейіне көтере алмай жүрміз.

Сондай құнды ескерткіштің бірі – Берел қорғандары. 2001-жылы №11 қорғанда табылған алтын адам әлемдік тарихқа теңдессіз жаңалық болды. Биыл археологтар 5-обада қазу жұмыстарын мамырда бастап, заманымыздан 3 мың жыл бұрын өмір сүрген сақ патшайымын тапты. Мүрдеге қоса әбзелдері алтынмен апталған екі ат пен аң бейнелері шықты. Қорған сол заманда бір рет, 19 ғасырда тағы тоналғандықтан, жәдігерлер көп сақталмаған. Берелде жалпы 300-дей қорған бар. Соңғы 20-жылда үштен бірі ғана зерттелді. Ендігі міндет – табылған жәдігерлерден музей ашып, ғылыми айналымға енгізу.

Зейнолла Самашев, археолог:

–Бұл дүниелердің барлығын қазіргі кездегі мәдени кеңістікке солардың интеграциялау қажет. Бұл да рухани жаңғырудың бір бағыты болып табылады. Қазақстан тарихы оқулықтарына енгізу керек.

Ал Атырау облысындағы көне Сарайшықтың қағазға түскен сызбасы табылды. Бұған дейін 3/2 бөлігін Жайық өзені шайып кетті деп есептелген. Енді жаңа дерекке сай қала орнында қазба жұмыстары қайта қолға алынды. Ұзындығы 300, ені 50 метр жерде қазба жұмыстары жанданды. Тереңдігі 1,5 метрден 17 ғасырда соғылған тиындар мен әшекей бұйымдар табылды. Зерттеліп жатқан орында Хан Сарайының ордасы мен ауқатты адамдар қоныстанған қала болуы мүмкін, – дейді мамандар. Себебі күйдірілген қыштан қаланған қабырға сынықтарының бедері мен безендірілуі ерекше. 1760 жылдары елдің батысын аралаған ресейлік археолог Алексеев Сарайшықтың орналасу тәртібін, ғимараттарын белгілеген. Ғалымдар соны басшылыққа алуда.

Марат Қасенов, археологиялық экспедицияның жетекшісі:

–Карта бойынша Сарайшықтың 80 пайызы толық сақталғанын көрсетіп отыр. Сол карта бойынша VIII ғасырдағы бұрын біз тек аңыз деп жүрген көптеген жерлердің жобасы анықталды. Ол картада Жәнібектің «Секер» мен «Хан көлі» деген көлдердің орны белгілі болып отыр. Сонымен бірге Қасымханның кесенесінің орны да осы картада жақсы көрсетілген.

Киелі жерлер картасы жасалған өңірдің бірі – ОҚО. Оған 100-ден астам тарихи мекен және табиғаты әсем жерлер енді. Осы аптада өткен «ЭтноАртФест» фестиваліне қатысушылар «Сайрам-Өгем» ұлттық саябағына саяхаттап, шыңынан қар кетпейтін Алатау сілемдерін аралады. Шымкенттегі киелі орындарға аялдап, бабалар рухына тағзым етті. Сайрамда Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенесіне барды.

Тоғжан Дәуітбаева, «Қазақстандық Ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ өкілі:

–Негізінде бұл жердің энергиясы басқаша. Рухани орталыққа келгеніңді сезесің. Туристерді таң қалдыратын жерлер көп. Себебі Оңтүстік Қазақстан дегенде, ойға бірінші Түркістан келеді. Жалпы Шымкент рухани орталық ретінде адамдардың ойында қалыптасқан. Біз таудың да әсем табиғаты бар екенін көрсетеміз.

Қазақ киносының алтын қорындағы фильмдер алдағы 3 жылда сандық жүйеге көшірілмек. Оны жүзеге асыру мәселесін талқылаған киногерлер «алдымен маңызды туындыларды іріктеу қажет», – дейді. Ол үшін арнайы жұмыс тобы жасақталмақ. Бастысы туындылардың көркемділігі мен бояуы жоғалмауы керек. Сандық форматтағы фильмнің сапасы сол қалпында ғасырлар бойы сақталады. Қалаған фильмді ғаламтордан көруге болады.

Сергей Азимов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, продюсер:

–Ұлттық киномыз – үлкен рухани байлық. «Қыз Жібек», Шәкен Айманов кинолары десек, ол енді 1960-1970 жылдары жасалған. Оны сапалы түрде сақтау – үлкен техникалық жұмыс.

Мұнайшылар қаласы – Жаңаөзенде түрлі-түсті жарық шашатын әуенді субұрқақ іске қосылды. Бұл жергілікті әулеттің туған қалаға жасаған тартуы. Мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, қазір кәсіпкерлікті тізгіндеген Серікбай Бердияров бала-шағасымен бірге қаланың ортасынан саябақ ашып, субұрқақ орнатты. Ол іске қосылғанда классикалық музыка мен қазақтың күйлері күмбірлей төгіледі. 2 гектарлық саябақ «Отбасы» және «Саят» бөлімдерінен тұрады. Мұнда қос аққу, жүрек, ұлттық әшекей бұйымдары мен қолына бүркіт қондырып, тазысын жетектеген саятшылардың мүсіндері қойылған.

Авторы: Ақбөпе Бәкір

8. «Нұрлы жер» бағдарламасы

 
Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 53 мыңнан астам пәтер тұрғызылған. Жоспарға сәйкес, желтоқсан айына дейін 100 мың отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр. Бұдан өзге 60 мың жер учаскесінде қажетті инженерлік инфрақұрылым жасалған.
 
Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:
–Тұрғын үйлерді тапсыру бойынша Астана, Алматы қалаларымен қатар, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша тұрғын үй құрылысына 445 млрд теңге қаржы жұмсалған. Оның 75,5-і мемлекеттің ақшасы екенін атап өткен жөн.
 
Қазіргі уақытта 10 банк бағдарламаны іске асыруға қатысуды жоспарлап отыр. Ал олардың үшеуі ипотека беру бойынша азаматтардан өтініш қабылдауды бастап кетті.
 
Сонымен қатар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» де үлескерлердің құрылыс нысандарын несиелеуге дайын. Кепілсіз қаржы қыркүйектен бастап берілмек. Осы мақсатта арнайы жеке қор құрған.
 
Ләззат Ибрагимова, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы:
–Міне алғашқы жобамыз да әзір. Біз қыркүйек айының басында құжаттарды қабылдай бастаймыз. Ол үшін тиісті нысандар да қарастырылған. Ондағы пәтердің шаршы метрінің құны 290 мың теңге болады. Біз пәтерлерді салымшыларымызға үлестіреміз. Осылайша кепілсіз несие беретін боламыз.
 
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары мен әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін несиелік тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Демек тұрақты табысы бар азаматтар жеке баспана алу мүмкіндігіне ие болады деген сөз. Оларға бастапқы жарнаның төменгі шегі мен қарыздар бойынша ең аз мөлшерлеме ұсынылып отыр.
 
«Нұрлы жер» бағдарламасының қабылданғанына жарты жылдан асты. Тұрғындарды баспаналы етер маңызды құжат 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Соның бірі – жеке тұрғын үй құрылысын жандандыру. Үй салу үшін жылдап кезекте тұратындар үшін тиімді ұсыныс. Жалпы Қазақстан бойынша жер телімдерінің басым бөлігі тек екі облыста ғана беріледі. Олар: Ақтөбе және Маңғыстау облыстары. Келесі айдан бастап ақтөбеліктерге дайын үйдің кілті табысталмақ. Сол сәтті тағатсыздана күтіп жүргендердің бірі – Әлібек Тәжиев. Ол 2006 жылы кезекке тұрып, 10 жылдан бері банк шотына ақша жинап жүр. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 2 қабатты коттедж сатып алмақ. Мердігер баспананы дайын күйінде тапсырады. Үйдің жанында 10 сотық жер бар.
 
Әлібек Тәжиев, қала тұрғыны:
–Мен өзім үй салатын болсам, жоқ дегенде 20 млн шамасында ақша керек болады. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бізге мұндай мүмкіндік беріп жатыр, бізге өте тиімді. Мұндай үйде тұрған керемет, бұл менің арманым еді.
 
«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында құрылыс қызған шақ. Жоспарға сәйкес аумағы аумағы 25 мың шаршы метр болатын 194 коттедж пайдалануға беріледі. Әзірге 150 адамнан өтініш түскен. Бұл үйлер жылжымайтын мүлік бағасының 30 пайызын жинаған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін қолжетімді. 2017-2018 жылдары Ақтөбеде бағдарлама бойынша 800 отбасы қоныстойын тойламақ.
 
Бауыржан Жуаспаев, «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» бөлімшесінің басшысы:
–Жергілікті биліктің нақты қолдауының арқасында баға төмен болып отыр. Бұл дегеніміз, облыс тұрғындары мен банк салымшыларын баспанамен қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді.
 
Ақтөбе облысы алғашқылардың бірі болып, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырған өңір. Қыркүйекте бірінші кезең аяқталады. Халыққа тиімді жинақ жүйесі іске қосылғалы өңірде 14 мың адам пәтерлі болса, 72 мың салымшы баспанадан үмітті. «Нұрлы жер» бойынша аудандарда да жаңа үйлер салынады.
 
Шымкенттің солтүстік бөлігі заманауи ғимараттарға толы. Әкімшілік іскерлік орталықтың қос қапталы нағыз құрылыс алаңына айналған. 11 көпқабатты үйдің әрқайсысында 54 пәтерден болады. Бірінші кезекте баспанаға мұқтаж жандарға беріледі. Мемлекеттік қызметкер Ханзада Түгелбаева талай жылдан бері пәтер жалдайды.
 
Ханзада Түгелбаева, қала тұрғыны:
–Уақыт деген демде өтіп қалды. 5 жыл деген келіп қалды. 143-ші екенімді бүгін біліп отырмын. Маған уәде берді. Қазір беріліп жатқан үйлер келешек Шымкенттің өте жарқын екінші қаласына айналатын «Тұран» шағынауданынан.
 
Шаһар билігі құрылысты «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жандандырмақ. Жалға берілетін үйлерге арналған жер қаланың солтүстік аумағынан бөлінген. Тұрғын үйлер алдымен баспанаға мұқтаж топтарға беріледі.
 
Жұлдызай Ордабекова, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі:
–Қазіргі таңда қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің екі түрін қамтиды. Ол – арендалық үй сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй және сатып алуынсыз жалдамалы тұрғын үй деген екі түрін қамтып отыр.
 
Шаршы метрі 100 теңге. Әлеуметтік аз қамтылғандарға «Нұрлы жер» бағдарламасымен үй салынып, шаршы метрі осынша бағамен жалға беріледі. Мәселен пәтердің аумағы 50 шаршы метр болса, жалдау құны 5 мың теңгені құрайды.
 
Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:
–Жалға берілетін пәтерлер алдымен өздігінен пәтер сатып ала алмайтын, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарға беріледі. Бұл тұрғын үйлер тегін, бірақ сатып алу құқығы жоқ.
 
Мемлекет жекеменшік құрылыс компанияларын қаржылай қолдауға әзір. Биыл ипотекалық несиелерді субсидиялауға ақша бөлді. 8000 ипотекаға 10 млрд теңге қарастырылса, қазір соның 1 млрд игерілді. Қостанайдағы 9 қабатты үйдің құрылысы қаңтар айында басталған. Жалпы аумағы 4700 шаршы метр болатын 90 пәтерлі ғимаратты мердігер өз қаржысына тұрғызып жатыр. Компания «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарын тапсырыпты.
 
Вадим Цой, Құрылыс компаниясының жетекшісі:
–Бағдарламаға қатыссақ, қаражаттың бір бөлігін мемлекет субсидиялайды. Ол – бізге орасан қолдау. Қазір құжаттарымыз қаралу үстінде, бұл шамамен 1 ай уақытқа созылуы тиіс.
 
Талапқа сәйкес, «Нұрлы жерге» қатысатын компаниялар тұрғызған үйлердің тең жартысын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына беруге міндетті. Яғни пәтерлердің шектеулі бағасы болады.
 
Елена Оганова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері:
–«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында несие рәсімдегендер банк мөлшерлемесімен 7% субсидия ала алады. Оның мерзімі 3 жылға дейін.
 
Облыс аумағында баспана кезегінде тұрған отбасылар пәтер кілтін алады. Яғни 70 мың шаршы метрлік тұрғын үй несиелеу жолымен иелерін таппақ. «Нұрлы жер» бойынша құрылыс қызу жүріп жатыр.
 
Талғат Болатов, Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
–19 көп қабатты үйдің құрылысын қаржыландыруды бастадық. Олар 2018 жылы салынып бітеді. Бұл – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мыңнан астам салымшысы баспаналы болады деген сөз.
 
Аймақта Қостанай мен Рудный қалалары және облыс іргесіндегі Заречный кентінде баспанаға сұраныс жоғары. Алдымен бұл жерлерде жаңа үйлер бой көтереді. «Нұрлы жер» бағдарламасының қаржылық операторы – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі». Өңірлерде салынып жатқан тұрғын үйлердің әр шаршы метрі – 140, Астана мен Алматы және батыс өңірлерінде – 180 мың теңге. Мемлекеттік бағдарламаның аймақтардағы қарқыны әртүрлі. Құрылыс жұмыстары жаз бойы ауыл-аймақты аралаған депутаттардың назарында.
 
Серік Сейдуманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
–«Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы міндеттер әр өңірде әрқалай атқарылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, бірі жоспардан асса, екіншісі қалып қоюда. Белгілі бір себептермен үлгермей жатқандарға қандай көмек қажеттігін жауапты органдарға жеткіземіз.
 
Елімізде 15 жылда тұрғындарға 600 мыңнан аса жер телімі үлестіріледі. Бұл тізімге Астана мен Алматы қалалары кірмейді. Үйге қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін жыл сайын бюджеттен 80 млрд теңге бөлінбек.
 
Авторы: Әсем Қабылбек