Хабар телеарнасы

Арнайы шығарылым. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» Агенттігіне сұхбаты

Сондай-ақ Қазақстан Президенті халықаралық EXPO 2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары және өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.

Мемлекет басшысы алдымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты пікірін білдірді.

-Мақала халықтың көңілінен шыққан сияқты. Өте қызу талқыланып та жатыр және Үкімет, жергілікті билік жұмысқа кірісіп кетті. Бұл тамыры өте тереңде жатқан бағдарлама деп білуіміз керек. Біз тәуелсіздіктің жылдарында көп қиындықтардан өттік: Кеңес Үкіметі күйреді, дағдарысқа душар болдық, елдің әл-ауқаты төмен болды. Сонда «Қазақстан  үшін ең бірінші экономика болу керек, екіншіден саясат болу керек» деген қағиданы ұстандым. Қазір елдің жағдайы жақсарып, Қазақстанның дүниежүзіне белгілі болғаны соның арқасы. Мемлекеттің ішкі саясаты, экономикасы дұрыс болмаса, басқа шаруамен шұғылдану мүмкін емес. Сондықтан бұл ұстаным дұрыс болды деп санаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.