LIVE

Алматылық ғалымдар латын әліпбиінің жаңа нұсқасына пікір білдірді

  • Бейсенбі, 12 Қазан 2017 22:39

Тілдік реформа бір әріпті басқа әріппен ауыстыру ғана емес.

Бұл – қазақ тілінің дамуына бағытталған және жаңа технологияға негізделген күрделі құбылыс. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен жиында осындай пікір айтылды. Зиялы қауым қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиінің жаңа нұсқасының ерекшеліктерін талқылады. Ғалымдардың айтуынша, жаңа нұсқада қазақ тілінің төл дыбыстары толық қамтылған. Олар дәйекшелер арқылы берілген. Әліпби дайындау үлкен істің бастамасы ғана. Ғалымдар орфографиялық, орфоэпиялық ережелер дайындау керектігін және ол түбегейлі қабылданып, қолданысқа енетінін жеткізді. 

Зейнеп Базарбаева, Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері:

– Апостроф компьютердің пернетақтасында бар. Оны пайдалану үшін жалпы бағдарламаның керегі жоқ. Және алдыңғы нұсқада диграфтар болатын. Оны барлығы сынаған болатын. Ал бұл нұсқада оңай оқылып, оңай ұғылады. Сонда да өзіміздің дыбыстарды компьютерде басқанда, екі рет басамыз.

Дандай Ысқақ, филология ғылымдарының докторы, профессор:

– Мұның саяси мәні бар. Біз ұлттық бағыт пен рухани жаңғыруға бет алдық. Және ғылыми мәні бар. Бұл әліпби тек ұлттық ғана емес, сонымен бірге біздің түркілік бірлігімізге де қызмет ететін, жалпы ұлттық мүддемізді қорғай алатын ұлттық кодымыз болады деген үміттемін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.

Сайттың толық нұсқасы