LIVE
Сейсенбі, 17 Қазан 2017 18:01

Елбасы Ақордада Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовты қабылдады. Кездесу барысында елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының аралық нәтижелері сөз болып, оны одан әрі жүзеге асыруға арналған жоспарлар қаралды.

Елбасы саланың ел экономикасындағы үлесі зор екенін айта келіп, ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан қомақты қаражаттың тиімді жұмсалмай отырғандығына тоқталды. Өз кезегінде Асқар Мырзахметов аграрлық өнеркәсіп кешені мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту бойынша 12 басым бағыттың арнайы картасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, кездесудің алдында Нұрсұлтан Назарбаев барлық шаруаларды орақ науқанының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Несмотря на сложные условия в начале лета, аграрии собрали очень солидный объём урожая. Есть возможности для обеспечения внутренних потребностей и экспорта нашей продукции. В целом все показатели демонстрируют положительную динамику. Но несмотря на это, аграрный сектор является драйвером нашей экономики. В него вкладываются большие государственные средства. Они должны давать соответствующую отдачу, которой пока, к сожалению, нету. Темпы уборки выше прошлого года. В этом году намолочено 21,7 миллиона тонн при урожайности 14,2 центнера с гектара. Это неплохой результат по сравнению с другими годами. В соответствии с намеченными планами мы занимались развитием потребительской кооперации, улучшением семенного фонда и  повышением продуктивности животноводства, сейчас высказываются мнения, что не субсидии, а, может быть, льготные кредиты давать. Ауыл шаруашылығында халқымыздың біразы тұрып жатыр. Жұмыс істейтін адамдардың 15-16 проценті ауылда тұрады. Бүгінгі күні олардың барлығының жағдайы жаман емес. Аралап көріп жүрміз. Бүгін ауылымызда халық барлық жағынан алғанда ауқатты. Малы да, жайы да, жағдайы да бар. Мұның бәрі дұрыс. Дегенмен, ауыл шаруашылығы өнімінің артымдылығын көбейтіп, оның бағасын көбейтіп, экспортты көбейтіп, әсіресе ауыл шаруашылығында ғылыммен шұғылдану жағдайы кейіндеп бара жатыр.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:

-Биыл жыл басында мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сол бағдарламада осы талай міндеттерді орындауға бірқатар шаралар қарастырылған. Бірақ оған қосымша Сіздің қойған міндеттерге сәйкес мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру, басты бағыттағы қордаланған проблемаларды тиімді шешу үшін біз 12 карта жасадық. Мысалы, тұқым шаруашылығын дамыту. Оның проблемалары қандай және оны қалай шешу керек? Техниканы қалай жаңарту керек немесе тыңайтқыштарды қалай пайдалану керек деген секілді. Айталық, қой шаруашылығындағы проблемаларды қалай шешу керек? 12 картаның сегізі бүгінгі таңда жасалып бітті. Оның біреуі Сіздің тапсырмаңызға сәйкес кооперция жөнінен еді. Ол бүгінгі таңда жұмыс жасап жатыр. Жаз айларында ауыл шаруашылығында туындайтын мәселенің бірі – қайта өңдеу. Осындай картаны Үкімет бекітті. Қалған 6 карта тауар өндірушілермен талқыланып жатыр.

Сейсенбі, 17 Қазан 2017 17:50

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ауыл еңбеккерлерін астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтады.

Құрметті ауыл еңбеккерлері! 

Астық жинау – диқандар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айтулы науқанның бірі. Егін ору нәтижелері мемлекеттегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты айқындайды. Сіздердің маңдай терлеріңіздің арқасында Қазақстан өзінің жетекші астық державасы екенін тағы да дәлелдеді.

21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Соның үштен екісінен астамы әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өнімге жатады. Майлы дақылдар егілетін егістік алқабы айтарлықтай көбейді. Жалпы, астық жинау науқанының қорытындысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті зор екенін көрсетіп отыр.

Бүгінде мемлекет ауыл шаруашылығы саласын жүйелі түрде жетілдіруге және әртараптандыруға бағытталған саясат жүргізуде. Оны әрі қарай ілгерілетудің маңызды шарты – қайта өңделген өнім шығаруға көшу. Қазақстан әлемдегі экспорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын ірі елдің бірі болуға тиіс.  

Біз халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолындағы ауыл еңбеккерлерінің еңбегін жоғары бағалаймыз. Сіздерді егін ору науқанының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық және Отанымызды одан әрі өркендету жолында толағай табыс тілеймін!

Сейсенбі, 17 Қазан 2017 15:18

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин біздің елімізге тұңғыш рет ресми сапармен келген Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесті.

Тараптар екі елдің даму тәжірибесінде ерекше маңызға ие дінаралық және этникаралық келісімге айрықша назар аударды. Н.Нығматулиннің және Нгуен Тхи Ким Нганның пікірінше, халықтар мен түрлі діндер өкілдерінің өзара түсіністігі мен сенімі және сыйластығы әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің кепілі. Мәжіліс төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге зор көңіл бөлетінін алға тартты.

Палата спикері сауда-экономикалық байланыс біздің елдеріміз қатынасындағы басым бағыттардың бірі екенін айтты. Осы ретте әсіресе ауылшаруашылығы, көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту маңыздылығы зор.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстанда вьетнамдық компаниялардың тиімді жұмыс жасауына зор мүмкіндіктер ашылды. Оған аталған одақ пен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім нақты дәлел. Сонымен бірге туризм саласында да екі ел ынтымақтастығын нығайтудың әлеуеті жоғары. Мәжіліс төрағасы осы орайда вьетнамдық тараптың Қазақстан азаматтары үшін біржақты тәртіппен визасыз режим енгізу ұсынысын қолдауға болатындығын айтты.

Өз кезегінде мәртебелі мейман біздің еліміздің қонақжайлығына алғыс білдіріп, Қазақстанның аз уақыт ішіндегі қарқынды дамуына, соның ішінде Астананың кереметтегіне көңіл бөлді. Біздің елдеріміздің ұқсас ұстанымдары бейбітшілік пен келісім екенін алға тартқан Парламент төрайымы өзінің іссапары тікелей екіжақты қатынасты тереңдетуге бағытталғанын баса айтты. Қазақстанның барлық саладағы дамуын өте жоғары бағалап, Қазақстан Президентінің басшылығымен біздің еліміз әлі талай биіктерді бағындырады деді.

Кездесу иелері бірегей үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы, Қазақстанда өткен ЭКСПО көрмесі туралы әңгіме қозғап, аймақтық қауіпсіздік, мәдени байланыс, парламентаралық қатынас мәселелеріне назар аударды.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.

Сайттың толық нұсқасы