LIVE

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты кездесу өткізді

  • Бейсенбі, 12 Қазан 2017 18:11
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты кездесу өткізді Ақорда

Қазақстан мен Ресей президенттері кешегі өткен саммиттерді қорытындылап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін пысықтады.

Биыл қос ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына 25 жыл. Бұл кезеңде байланыс барлық бағытта бекемдеп, стратегиялық деңгейге шықты. Сауда-саттық та қарқын алды. Былтыр 16 пайызға бәсеңдеген тауар айналымы үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айында 40% өсім көрсетті. Жалпы Астана мен Мәскеу жыл сайын аймақаралық ынтымақтастық форумдарын өткізеді. «Адам капиталын дамытуға» арналған 14-кездесу қарашаның 9-ы күні Челябинск қаласында көшбасшылардың қатысуымен өтпек. Нұрсұлтан Назарбаев әріптестіктің Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында да қарқын алып келетінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– За этот год взаимная торговля выросла на 33%, то есть на треть. По всем направлениям экономики создаются новые совместные предприятия, совместные инвестиции. Если кто-то критиковал наш Евразийский союз, падения в соответствии с конъюнктурой, сейчас доказывает, что открыты границы, открытое общение людей, открытый переход капитала, инвестиции, дает плоды обеим странам.

Владимир Путин, РФ Президенті:

– Мүдделес екі ел арасындағы ынтымақтастық жан-жақты қарқын алып келеді. Саяси, қауіпсіздік, экономика саласындағы аяқ алысымыз жаман емес. Осы бағыт-бағдар бойынша сөйлесуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Және бұл кездесудің оң әсері боларына сенімім мол. Біз сізбен ұдайы кездесіп тұрамыз, оған қазіргі факторлар себеп. Қоян-қолтық араласуымыз қос елдің байланысын одан әрі дамыта түсеріне еш шүбәм жоқ. Осындай мүмкіндік үшін Сізге тағы да алғыс айтамын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.

Сайттың толық нұсқасы