LIVE
Бейсенбі, 19 Қазан 2017 16:01

Астанада арнайы матч үшін автобустар бөлінеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында белгілі болды. 

Футбол ойынын тамашалаймын деушілерді бүгін сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы, «Астаналық цирк» тұрақтарында жинайтын болады.

Жүру құны – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз болып табылады.

Айта кетейік, жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар да ұйымдастырылатын болады. Оларды қоғамдық көліктер сағат 22:30-да Қабанбай батыр даңғылындағы стадион тұрағы  мен «Астана Арена» аялдамасынан әкетеді. Бұдан басқа, жанкүйерлер қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 маршруттық автобустарымен де кері қайта алады.

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 14:14

«Хабар» арнасы өзінің туған күні қарсаңында бокс сүйер қауымға сый жасауды жөн көріп отыр.

АҚШ-тағы Лас Вегаста қазақ боксшысының қатысуымен өтетін айтулы жекпе-жек 20 қазан күні таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Кәсіпқой бокста жеңілуді білмейтін Бекман Сойлыбаев екінші жартылай орта салмақта WBC International тұжырымы бойынша чемпион атағын қорғап қалу үшін мексикалық Фернандо Варгаспен жұдырықтасады. Бұл бокс кешін әлемге әйгілі Оскар Де Ла Хойя мен Golden Boy промоутерлік орталығы ұйымдастырып, ESPN арнасы арқылы төрткүл дүниеге жол тартатынын ескерсек, осы жекпе-жекке деген әлем жұртшылығының қызығушылығы сөзсіз. 

Осы ретте отандасымыз бүкіл қазақ еліне арнап, үндеу жолдады.

Еске сала кетсек, осыған дейін де Бекман Сойлыбаевтың бірнеше жекпе-жегі тікелей эфирде көрермен назарына ұсынылған еді. 

Ендеше 20 қазан жұма күні сағат 07:00-де «Хабар» арнасынан Бекман Сойлыбаев пен Фернандо Варгас арасындағы текітіресті тікелей эфирде тамашалап, жерлесімізге жанкүйер болайық!

Сәрсенбі, 18 Қазан 2017 17:34

Америкалықтар қазақ боксы туралы тамаша фильм түсірді.

Сөзсіз, қазақ жерінен шыққан жігіттер шаршы алаңда қарсыласқа шақ келтірмей, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Осының құпиясын білмек болған Feed The Flame бағдарламасының жүргізушісі  Пол Стюарт қазақ жеріне келген. Ол Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен кездесіп, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сұхбаттасқан. Мейман жылқы шаруа қожалығына да барған. «Атты әрі көлік, әрі тағам еткен халық қанатты пыраққа мініп, елін, жерін жаудан қорғаған. Сол табандылық қазіргі қазақ жігіттерінің бойында да бар. Олардың рухы мықты. Сондықтан олар спортта осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр». Пол Стюарт фильмде осындай ой түйгенін айтты.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.

Сайттың толық нұсқасы