LIVE
Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 22:00

Атырауда жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері Көліктегі қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Игорь Шинді тұтқындады.

Бұл мекеме теміржол мен әуе қатынасындағы еңбек шартының сақталуы мен тамақтандыруға жауап береді. Салалық санитарлық бас дәрігерге өз қызметкерлерінен және көлік қатынасы құрылымдарынан пара алды деген айып тағылуда.

Берік Кұлмағамбет, Атырау көлік прокуроры:

– Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі аталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғады. Соттың шешімімен аталған азаматты 2 айға қамауға алуға шешім шығарды. Тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жұма, 14 Шілде 2017 11:31

Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінен ұлттық бюроның БҚО бөлімшесінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы бойынша МКК ЭТҚ Қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы күрес бөлімінің басшысы Н.М.Орынәлиевті ұстады.

Н.М.Орынәлиев жалған кәсіпкерлік дерегі бойынша қылмыстық істі тоқтату және жеке тұлғаны қанатының астына алу үшін 101 млн теңгелік параның соңғы 25 миллион теңгесін алып жатқан жерден қолға түсті. 

Қазір күдікті Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

anticorruption.gov.kz

Аударған: Г.Абилова

Бейсенбі, 29 Маусым 2017 16:51

Ақтөбе облысында «Экологиялық патруль» жедел іс-шарасы кезінде суыр мен қоянды заңсыз аулаған 3 адам ұсталды.

Браконьерлердің көлігін тінту кезінде 2 аңшы мылтығы мен патрондар тәркіленген. Сонымен бірге 2 суыр мен 1 қоян табылды. Олардың қару қолдануға құжаттары болғанымен, аң аулауға рұқсаттары болмаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.

Сайттың толық нұсқасы