Хабар телеарнасы

«Жеті ән»

«Жеті ән»

Орындаушының стилі де таңадауына қарай түрлі болып келеді, мәселен, халық әнін қалалық романс, R&B, хип-хоп,  soul, Rhythm & Blues стилінде, домбырамен немесе калссикалық нышанда орындауы мүмкін. Ол  әнді халыққа паш ететін әншінің еркінде. Вокалистердің тілінде біреудің әнін қайталап айту cover нұсқасы деп аталады. Бағдарламаға қатысатын  әншіге бұйыратын  ән жеребе арқылы белгіленеді.

Бағдарламаны жүргізушілер орындалатын әнді хабарлау кезінде, негізгі орындаушының, ән авторы мен композиторы туралы тын деректермен бөлісіп , сол әннің шығу  және орындалу тарихы жайлы сыр шертеді.

Сарапшы ретінде музыка саласында танымал болған мамандар мен ақындар шақырылады. 12 бөлімнен тұратын  бағдарлама маусымы аяғында орындаушыларды сыннан өткізген ән авторы өз үкімін шығарып,  қай әншінің әні ұнағанын айтады.  Үздік орындаушы болып танылған әнші «Жеті ән»  бағдарламасының қорытынды  гала концертінің  барысында негізгі әншімен  бірге сахна төріне шығады. Сондай-ақ  негізгі орындаушы көрерменнің назарына жаңа әнін ұсынынады.

Айтпақшы, «Жеті ән» жеңімпазына шетелдік саяхат жолдамасы табыс етіледі.

 

Бас продюсер: Мақпал Қаратайқызы

Жауапты продюсер:  Ринат Тәттібай

Қоюшы режиссер: Анар Қожа

Қоюшы оператор: Дмитрий Карабецкий 

 

Байланыс телефоны: +7-701-616-66-95

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

{gallery}Gallery/7en{/gallery}