LIVE

«Хабар» телеарнасы «Мезгілсіз махаббат» телехикаясын түсіруде

«Хабар» телеарнасы  жаңа маусымда көрермендерге бірнеше тың жобаларды ұсынады. Солардың бірі – «Мезгілсіз махаббат» телехикаясы. Фильмнің кейіпкерлері – өмірдің талай белесін артта қалдырған, егде жастағы жандар. Алайда бір ғана кездесу олардың өмірін өзгертіп, сезімнің сиқыр әлеміне жетелейді. 

Махаббат жасқа қарамайды. Режиссер Әнуар Матжановтың отбасылық комедиясының желісі осы ұғымға негізделген. Алматының алыс ауылынан Астанаға қыдырып барған Демесін ақсақал қаланың көрікті кемпіріне ғашық болады. Сценарий кейде қарапайым сюжеттермен өрілсе, кейде күтпеген оқиғаларымен көрерменді баурап алады.

Әнуәр Матжанов, «Мезгілсіз махаббат» телехикаясының режиссері:

-Бұрын түсірген комедиялық картиналардан ерекшелігі сценарий қазақы ұғымға сай, түсінікті, оңай жазылған. Диалогтары тартымды, әзілдері жарасымды. Көрерменді күлдіре отырып, ойландырады.

Сценаристер Жәмид Көшербаев пен Асқар Дүйсенбі жаңа сериалда ауыл мен қаланың тартысын, ырымшылдықпен күресті, қазақы тәрбие мен жаңашылдықтың қайшылығын көрсетуге тырысқан. Фильмдегі басты рөлдерді Айдос Бектеміров, Дариға Бадықова, Жалғас Толғанбай ойнайды.

Жалғас Толғанбай, актер:

 -Бұл енді ауылдың өмірі, кішкене қыршаңқылау мінезі бар. Арасында өзі бір әңгімені бастап алады да, артынан сол әйелінің әңгімесіне еріп кетіп, әйелінің әңгімесіне еріп кеткеніне өзі өкініп, өзі ренжіп жүретін образ. Сценарий жақсы, көрермен жылы қабылдайды деп ойлаймын.

Әр бөлімі 26 минут болатын 14 сериялы телехикаяны көрермендер «Хабар» телеарнасының эфирінен қараша айында тамашалай алады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Полина Чихичина, Мұхит Құдықбаев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.

Сайттың толық нұсқасы