Хабар телеарнасы

Бишімбаевтың ісі: жақын күндері үкім шығарылады

Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында кеше прокурор Айжан Аймағанова Абайдың қара сөздерін келтірсе, бүгін сотталушының адвокаты Лейла Рамазанова да ақынның 3-ші қара сөзін мысалға алды. Яғни Абай айтқандай, елдегі әр жақсының үстінен қылмыстық іс қозғалады. Оған куәлік беретіндер де табыла кетеді деп, Бишімбаевты барынша қорғап бақты. Сондай-ақ бүгін сотталушының анасы да сөз алды. «Ол Салтанат Нүкенованың ата-анасы мен туыстарынан кешірім сұрап, баласын тәрбиелеуде қай жерден мүлт кеткенімді білмеймін»,— деп ағынан жарылды. Бүгінгі сот отырысы Бишімбаевтың сөздерімен аяқталды. Ол тағы да Салтанаттың өліміне кінәлімін, бірақ әдейі өлтірген жоқпын деп ақталды. Жақын күндері аталған қылмыстық іс бойынша үкім шығарылады.