Хабар телеарнасы

Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда 165 заңбұзушылық тіркелген

Жамбыл облысындағы мекемелер мен кәсіпорындарда жыл басынан бері 165 заңбұзушылық тіркелген. Бұл туралы «Еңбек – жетістіктің кілті» атты форумында айтылды. Мамандарының айтуынша, мекемелерде жалақыны уақтылы бермеу, жұмыстан шыққан қызметкерге өтемақыны кешіктіру және заңсыз тәртіптік жазаға тарту мәселелері жиі кездеседі.

Сондықтан 5 басшыға ескерту жасалып, 9 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жұмыс берушілерге 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Форумға Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының 10-нан аса ұжымы қатысты. Олардың ұсыныс тілектері тіркеліп, ведомстволық министрлікке жолданады.

Бекжан Әбді, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:
- e-Otinish бойынша немесе өздері басқармаға кеп арыздана алады. Біз сол арқылы жоспардан тыс тексеру тағайындап, бұзылған құқықтарын қорғаймыз. Сонымен қатар жазатайым оқиға орын алған кезде еңбек инспекторларымен жасыру фактілері орын алып жатады. Оған қатысты шара қолданамыз.

Мирас Ералиев, бизнес клуб басшысы:
- Көбінесе басшының өзінен ғой. Команданың жанайқайын түсінбейді немесе іштегі болып жатқан проблемаларды ұқпайды. Әрбір ұжымда кәсіпкер өзінің ішкі проблемасын сол жұмысшылармен шешу керек.