Хабар телеарнасы

Алматы облысында балаларды ұрып-соққан күдікті қамауға алынды

Алматы облысының Жамбыл ауданында шиіттей балаларды айуандықпен ұрып-соққан күдікті қамауға алынды. Бұған дейін осы ауданның орталығы Ұзынағаш ауылындағы бір үйдің төрт баласын қаскөй еркектің аяусыз сабап, азаптағаны туралы ақпар тараған еді. Өрімдей балалардың аяқ-қолын байлап, пышақпен қорқытқан. Балалардың үсті-басы, көзі көгерген. Оларға шабуыл жасаған адамның Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бауыржан Әленов, Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы:
-Құрықтау бойынша арнайы операция Алматы облысының Қарасай ауданы аумағында өтті. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.